ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № ҚР ДСМ-97 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 261 бұйрығымен бекітілген
«Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
1. Осы «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидалары (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) радиациялық объектілердің жер телімін таңдауға, жобалауға, пайдалануға беру және күтіп-ұстау, радиациялық объектілерді пайдаланудан алу, иондаушы сәулелену көздерімен (жабық және ашық радионуклидтік көздермен, радиоактивті заттармен, радиоизотопты аспаптармен, иондаушы сәуле тудыратын құрылғылармен) жұмыс істеу, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу, радионуклидтермен ластанған немесе құрамында бар материалдар мен бұйымдарды қолдану, объектілерге, оның ішінде мұнай-газ кешені мен метал сынығы объектілеріне өндірістік радиациялық бақылауды жүзеге асыру, жеке қорғаныш және жеке гигиена құралдарын қолдану кезінде, медициналық сәулелену кезінде, табиғи сәулелену көздерінің әсер етуі және радиациялық апаттар кезінде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді. Ұйымның бірінші басшысы осы Санитариялық қағидалардың сақталуын қамтамасыз етеді. 2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды: 1) ағзадағы немесе тіндегі доза (бұдан әрі - DТ) - адам денесінің белгілі бір ағзасындағы немесе тініндегі орташа сіңірілген доза:
мұнда:
mт - ағзаның немесе тіннің массасы, ал D - dm массасының элементіндегі сіңірілген доза; 2) ашық сәулелену көзі - оны пайдалану кезінде оның құрамындағы радионуклидтердің қоршаған ортаға түсуі ықтимал сәулелену көзі; 3) апаттық сәулелену - радиациялық апат нәтижесіндегі сәулелену; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|