Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 178 Қаулысымен күші жойылды
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019.04.10. № 251 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентімен толықтырылды Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 тамыздағы № 216 қаулысымен бекітілген
«Кен іздеушілікке арналған лицензияны беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Кен іздеушілікке арналған лицензияны беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). Мемлекеттік көрсетілетін қызмет (Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Х.Чурин көшесі, 116 үй мекенжайы бойынша орналасқан) «Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 «Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 26 маусымда № 11452 тіркелді) бұйрығымен бекітілген «Кен іздеушілікке арналған лицензияны беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті берушінің құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап - 7 (жеті) жұмыс күні ішінде; 2) лицензияны қайта рәсімдеу - 7 (жеті) жұмыс күні ішінде. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. 3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi - Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес, кен іздеушілікке арналған лицензия қайта рәсімделген лицензия (бұдан әрі - Лицензия), лицензияның телнұсқасы немесе Стандарттың 9-тармағында көзделген жағдайда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді түрдегі жауап. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|