Осы редакция 2019 жылғы 19 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығына 4-қосымша
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015.09.12. № 760 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру» (2017.15.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015.09.12. № 760 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015.09.12. № 760 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016.24.06. № 281 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап - 48 (қырық сегіз) жұмыс күні ішінде; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты - 30 (отыз) минут; 3) рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты - 20 (жиырма) минут. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|