Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы (Алматы қ., 2018 жылғы 2 ақпанда)
ҚР 2019 жылғы 1 наурыздағы № 230-VI Заңымен ратификацияланды 2019 жылғы 29 наурызда күшіне енді
Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, тауарларды сәйкестендіруқұралдарымен таңбалау саласындағы келісілген, үйлестірілген саясатты жүргізуге ұмтылысты басшылыққа ала отырып, және Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі - Одақ) шеңберінде тауарлардың заңды айналымын, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету және оларды жаңылыстыратын әрекеттердің алдын алу мақсатында төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісімнің мақсаттары үшін мыналарды білдіретін ұғымдар пайдаланылады: «сәйкестендіру құралдарының бірыңғай тізілімі» - Одақта тауарларды таңбалау үшін пайдаланылатын сәйкестендіру құралдарының сипатын, олардың сипаттамалары, сәйкестендіру құралдарындағы ақпараттың құрамы мен құрылымы туралы мәліметтерді қамтитын ортақ ақпараттық ресурс; «мүше мемлекеттің құзыретті (уәкілетті) органдары» -сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды енгізу туралы шешім қабылданған тауарлар айналымын бақылауды және (немесе) мүше мемлекеттің атқарушы билік органдарының тауарлар айналымын бақылау жөніндегі қызметін ведомствоаралық үйлестіруді және (немесе) тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесі ұлттық құрамдасының жұмыс істеуін және (немесе) оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіруді қамтамасыз етуге мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген осы мемлекеттің атқарушы билік органдары; «бақылау (сәйкестендіру) белгісі» -сәйкестендіруқұралын қамтитын және тауарларды таңбалауға арналған, қолдан жасаудан қорғау элементтері (құралдары) бар қатаң есептілік бланкісі (құжат) (қорғалған полиграфиялық өнім); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|