|
|
|
Источник: Комитета государственных доходов МФ РК (www.kgd.gov.kz/ru)
29.04.2022 Долги по транспортному налогу: как избежать ареста счетов и расходов на ЧСИ
Как избежать ареста счетов и расходов на судебных исполнителей, рассказали в Комитете государственных доходов МФ РК. Также казахстанцам направляются PUSH-уведомления в банковских приложениях о суммах налоговой задолженности по транспортному налогу. Срок уплаты налога на транспортные средства физических лиц за 2021 год истек 1 апреля 2022 года. Со 2 апреля 2022 года, лицам, не уплатившим своевременно сумму налога, направлены уведомления о налоговой задолженности физических лиц. По суммам задолженности более 3 063 тенге (1 МРП) через тридцать рабочих дней после вручения уведомления формируется налоговый приказ о принудительном взыскании задолженности и направляется должнику. В случае неуплаты задолженности через 5 рабочих дней после вручения налоговый приказ передается на принудительное взыскание частным судебным исполнителям. При этом, частными судебными исполнителями кроме суммы задолженности дополнительно взыскивается оплата в размере до 25% от суммы налоговой задолженности, не говоря уже о неудобствах вызванных арестом счетов и ограничением на выезд. Таким образом, во избежание лишних затрат и проблем рекомендуем в случае наличия задолженности по налогу произвести уплату налога и пени до момента передачи налогового приказа на взыскание частным судебным исполнителям (до третьей декады мая месяца). Проверить сведения о наличии/отсутствии задолженности по налогам можно с помощью мобильного приложения в e-Salyq Azamat → Электронные сервисы → Сервис задолженности по налоговым и социальным платежам → Ввести ИИН. Кроме того, в настоящее время суммы налоговой задолженности направляются пользователям с помощью мобильных приложений «АО «Каспи банк» и АО «Халык банк» в виде PUSH-уведомлений.
Қазақстандықтардың көлік салығынан қарыздары - шоттарды бұғаттаудың және сот орындаушыларға төленетін шығындардың қалай алдын алуға болады
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде банк шоттарын бұғаттаудың және сот орындаушыларға төленетін шығындардың қалай алдын алуға болатыны туралы айтып берді. Сондай-ақ, қазақстандықтандың көлік құралдарына салынатын салық сомалары бойынша берешек туралы PUSH-хабарламалар банктік қосымшаларға жіберілуде. 2021 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салық төлеу мерзімі 2022 жылғы 1 сәуірде аяқталған болатын. 2022 жылғы 2 сәуірден бастап салық сомасын уақытылы төлемеген тұлғаларға салық берешегі туралы хабарлама жіберілді. Салық берешегі туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күні өткен соң 3 063 теңгеден көп (1 еселенген АЕК) мөлшерде салық берешегі төленбеген жағдайда салық органы салық бұйрығын шығарады. Салық берешегін өтемеген жеке тұлғаларға берешек сомаларын мәжбүрлеп өндіріп алу туралы тиісті салық бұйрықтары жіберіледі. Салық бұйрығы табыс етілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде берешек өтелмеген жағдайда, тиісті салық бұйрығы жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алуға жіберіледі. Сонымен бірге, жеке сот орындаушылары берешек сомасынан басқа қосымша жеке тұлғалардан салық берешегі сомасының 25%-на дейін қызмет көрсету ақысын өндіріп алады, шоттарды бұғаттаудан туындаған қолайсыздықтар туралы айтпағанда. Осыған байланысты, жеке сот орындаушыларына алымды төлеу және берешекті мәжбүрлеп өндіріп алуға байланысты қолайсыздықтарды төлеу есебінен борыштың ұлғаюын болдырмау үшін азаматтарға қолда бар салық берешегін өтеуді және кейіннен мемлекет алдындағы өздерінің салық міндеттемелерін уақытылы орындауды сұраймыз. Салықтық берешегінің бар/жоқ екендігі туралы мәліметтерді (AppStore, PlayMarket) e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады: e-Salyq Azamat→Электронды сервистер→Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы қызметі→ЖСН-ды енгізу. Бұдан басқа, қазіргі уақытта салық органдарымен көлік құралдарына салынатын салық сомалары бойынша берешек «Каспий банк» АҚ және «Халық банк» АҚ мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH-хабарлама түрінде жіберіліп жатыр.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |