|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
1-бап. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1. 2-бапта: 1) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысы, оның елордасының мәртебесі заңмен белгіленеді. Қазақстанның елордасы Астана қаласы болып табылады.»; 2) 3-1-тармақтағы «Нұр-Сұлтан» деген сөз «Астана» деген сөзбен ауыстырылсын. 2. 41-баптың 1-тармағындағы «бес» деген сөз «жеті» деген сөзбен ауыстырылсын. 3. 42-баптың 5-тармағындағы «қатарынан екі реттен» деген сөздер «бір реттен» деген сөздермен ауыстырылсын. 4. 71-баптың 1-тармағында: 1) бірінші бөліктегі «алты» деген сөз «сегіз» деген сөзбен ауыстырылсын; 2) екінші бөліктегі «қатарынан екі реттен» деген сөздер «бір реттен» деген сөздермен ауыстырылсын. 5. 91-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Конституцияда белгiленген мемлекеттiң тəуелсіздігі, Республиканың бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығы, оны басқару нысаны, Республика қызметінің түбегейлі принциптері, Республика Президенті жеті жыл мерзімге сайланады және бір адам бір реттен артық Республика Президенті болып сайлана алмайды деген ережелер өзгермейді.». 6. Мынадай мазмұндағы 94-2-баппен толықтырылсын: «94-2-бап Конституцияның 42-бабы 5-тармағының ережесі Конституцияның осы нормасы күшіне енгеннен кейін өткізілетін президенттік сайлау қорытындысы бойынша Республика Президенті болып сайланған адамдарға қолданылатын болады.». 2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 17 қыркүйек № 142-VII
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |