ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі): 1) 25-бап 11) тармақшасындағы «жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен» деген сөздер «жүзеге асыратын» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын: «11-1) цифрлық активтер саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен;»; 2) 26-бап мынадай мазмұндағы 26 және 27-тармақтармен толықтырылсын: «26. Цифрлық майнингтік пул уәкілетті органға цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында өзі бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтерді уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша, осындай мәліметтерді ұсынған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей ай сайын ұсынады. 27. Цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының өзге де қатысушылары Қазақстан Республикасының резиденттері цифрлық активтер биржаларында жүргізген операциялар және цифрлық активтерге байланысты қызметті жүзеге асырудан резиденттер мен бейрезиденттерге төленген сыйақылар туралы мәліметтерді уәкілетті органға есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей, уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес ұсынады.»; 3) 115-баптың 1-тармағы екінші бөлігі 2) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|