«Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есепке алуды жүргізу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 120-1 және 120-2-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрiнiң 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 14 қыркүйекте № 370-371 (26214) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есепке алуды жүргізу қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес әзірленді және республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды салықтық және салықтық емес түсімдерді, негізгі капиталды сатудан түсетін, трансферттерді, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін есепке алуды жүргізу тәртібін белгілейді».; мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын: «18-1. Салық төлеушілердің жеке шоттарының (бюджетке есептелген, азайтылған, түскен, қайтарылған сома) қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп бюджетке түсетін салықтық түсімдерді есепке алу бойынша бастапқы құжаттар болып табылады. «е-Қаржымині» интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі-ИААЖ) талдау орталығы кіші жүйесі «Мемлекеттік қаржы бойынша есептілікті және статистиканы қалыптастыру, бюджеттердің атқарылуын талдау, талдау материалдарын дайындау» талдау орталығы (бұдан әрі-ТО) алынған түсімдер бойынша есептер нысаны бюджетке түсетін салықтық емес түсімдерді есептеу бойынша бастапқы құжаттар болып табылады.»; 21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|