«Биоотын өндірушісімен өндіріс паспортын әзірлеу және бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 28 ақпандағы № 11-2/94 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Биоотын өндірушісімен өндіріс паспортын әзірлеу және бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 28 ақпандағы № 11-2/94 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6854 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Биоотын өндірушісімен өндіріс паспортын әзірлеу және бекіту ережелерінде: 1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1-тарау. Жалпы ережелер»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Биоотын өндірушісімен өндіріс паспортын әзірлеу және бекіту ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және биоотын өндірушісімен өндіріс паспортын әзірлеу және бекіту тәртібін айқындайды.»; тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «2-тарау. Биоотын өндірушісінің өндіріс паспортын әзірлеу тәртібі»; мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын: «21-1. Биоотын өндірісінің паспортына өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген кезде өндіруші биоотын өндірісінің паспортына өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күнге дейін уәкілетті органға өндіріс паспортына енгізілген өзгерістер немесе толықтырулар туралы жазбаша түрде ақпарат ұсынады.»; 3-тарау алып тасталсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|