«Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларында: 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «8. Субсидиялар көлемі тиісті айға арналған Қаржыландыру жоспарында көзделген бюджет қаражатының көлемінен асатын өтінімдер (өтпелі өтінімдер) бойынша субсидияларды төлеу өтінім берілген сәттен кейінгі келесі айдан бастап кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады. Мәлімделген субсидиялар көлемдері тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша жергілікті бюджетте көзделген сомалардан асып кеткен жағдайда, жергілікті бюджеттен қосымша қаражат Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті жергілікті бюджетті бекіту туралы мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу жолымен бөлінеді. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша субсидиялар көлімі СМАЖ-ға орналастырылады. 9. Жергілікті бюджетте тиісті қаржы жылына көзделген бюджет қаражаты толық игерілген жағдайда, осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген субсидиялаудың әрбір бағыты бойынша Басқарма қабылдаған өтінімдер (өтпелі өтінімдер) резервке (күту парағына) келіп түседі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|