«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 719 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 799 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ: 1. «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 719 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 799 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12674 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді бақылау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы»; кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 3-тармағына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мыналар: 1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін өндіруді бақылау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары; 2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мұнай өнімдерін өндірушілерге (қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерден басқа) қатысты мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді бақылау саласындағы тексеру парағы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|