|
|
|
«Халлибуртон-Атырау Ойл энд Газ Сервисиз» бiрлескен кәсiпорнының
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы № 406 Қаулысымен күші жойылды
"Халлибуртон-Атырау Ойл энд Газ Сервисиз" бiрлескен кәсiпорнының мұнай және газ скважиналарын геофизикалық зерттеу кезiнде ионды сәулелегiштердiң көздерiн пайдалану қажеттiгiне байланысты, сондай-ақ Қазақстанның кен орындарында жүргiзiлетiн бұрғылау жұмыстарын технологиялық қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі "Халлибуртон-Атырау Ойл энд Газ Сервисиз" бiрлескен кәсiпорнына белгiленген тәртiп бойынша ионды сәулелегiштердiң көздерiн әкелу мен әкетуге лицензия беретiн болсын. 2. Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттiгi Ядролық материалдардың экспорты мен импорты туралы ережеге сәйкес АҚШ-қа ионды сәулелегiштердiң көздерi мен радиоактивтi қалдықтардың әкелiнуi мен әкетiлуiне бақылауды қамтамасыз ететiн болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |