|
|
|
«Қазақстан әуе жолы» Ұлттық акционерлік авиакомпаниясының
ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазақстан әуе жолы" Ұлттық авиакомпаниясының шет елдердегi өкiлдiктерi туралы" 1994 жылғы 29 сәуірдегі № 440 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. "Қазақстан әуе жолы" авиакомпаниясының шет елдердегi өкiлдiктерi қызметкерлерiнiң шетел валютасымен төленетiн лауазымдық жалақылар схемасы қосымшаға сәйкес бекітілсiн. 2. Өкiлдiктер қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары сауда өкiлдiктерiнiң шетелдiк валютамен төленетiн жалақыларына сүйенiп бекітілсiн. 3. Осы қаулы 1994 жылғы 1 шiлдеден күшiне енгiзiлсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 11 шiлдедегi № 776 қаулысына Қосымша
"Қазақстан әуе жолы" Ұлттық акционерлік авиакомпаниясының шет елдердегi өкiлдiктерi қызметкерлерiнiң шетел валютасымен төленетiн лауазымдық жалақыларының Схемасы --------------------------------------------------------------------- Лауазым атауы ! Шет ел валютасымен төленетiн ! лауазымдық жалақылар деңгейi ! (Сауда өкiлдiктерi жалақыла- ! рының процентiмен) --------------------------------------------------------------------- "Қазақстан әуе жолы" компаниясы аймақтық өкiлдiктерiнiң Бас директоры 93 "Қазақстан әуе жолы" компаниясы бас өкiлдiктерiнiң директоры 90 Өкiлдiктер директоры 85 Бухгалтер-кассир, бухгалтер 69 Аға диспетчер (авиабилеттер сату мен брондау бойынша) 57 Диспетчер (жолаушылар, жүк тасымалдау жөнiнде авиабилеттер сату мен брондау бойынша) 52 Авиатехник 59 Механик-жүргiзушi 45 Iс жүргiзушi-машинка басушы 40 ---------------------------------------------------------------------
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |