|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанынан Шағын және орташа қалалардың Қазақстан Республикасының 2002 ж. 28 мамырдағы № 581 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Елдiң шағын және орташа қалаларының проблемаларын кешендi зерттеу және оларды мемлекеттік қолдаудың шараларын жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанынан Шағын және орташа қалалардың проблемалары жөніндегі республикалық ведомствоаралық комиссия құрылсын. 2. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Шағын және орташа қалалардың проблемалары жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 3 шiлдедегi № 841 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Шағын және орташа қалалардың проблемалары жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қасымов А.К. - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесi Басшысының орынбасары - Аймақтық жұмыстарды үйлестiру бөлiмiнiң меңгерушiсi, төраға Әшiмов Н.С. - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрi, төрағаның орынбасары Мұқашев Ж.Ж. - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi, төрағаның орынбасары Комиссия мүшелерi: Бәйбеков М.Н. - Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң Аймақтық саясат және әлеуметтiк сала департаментiнiң директоры Бертiсбаев Н.Б. - Қазақстан Республикасы Энергетика және табиғи ресурстар министрлігінiң Электр энергетикасы департаментi директорының орынбасары Борисов В.М. - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу жөніндегі агенттiктiң директоры Камалов Б.К. - Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң Шағын кәсiпкерлiктi қолдау департаментi директорының орынбасары Махашов Х.К. - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетi төрағасының орынбасары Сизов А.П. - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi төрағасының орынбасары Отаров К.М. - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының вице-министрi Үжкенов Б.С. - Қазақстан Республикасы Энергетика және табиғи ресурстар министрлігінiң Геология, жер қойнауын қорғау және пайдалану комитетi төрағасының орынбасары. Төтенов Б.В. - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң орынбасары Дүйсембеков Ж.О. - Қазақстан Республикасы Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрiнiң бiрiншi орынбасары Рақышев С.Б. - Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппараты Аумақтық даму бөлiмiнiң сектор меңгерушiсi Раханов М.С. - Қазақстан Республикасы Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары Әбдiкамалов О.А. - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi төрағасының орынбасары Оспанов Х.А. - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрiнiң орынбасары Сейтмұхамбетов Н.Н. - Қазақстан Республикасы Экономика министрлігінiң аймақтық саясат және реформаларды ұйымдық атқарушылық қамтамасыз ету бас басқармасының бастығы (хатшы) Ескерту. Құрамға өзгерістер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.06. № 970 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. Құрамға өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.02.20. № 242 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. Құрам өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.09.29. № 1380 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 3 шiлдедегi № 841 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Шағын және орташа қалалардың проблемалары жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Шағын және орташа қалалардың проблемалары жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) осы қалалардың әлеуметтiк-экономикалық проблемаларын шешу жөнiнде практикалық ұсынымдар мен ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында құрылды. I. Жалпы ережелер Ведомствоаралық комиссия республиканың шағын және орташа қалаларының әлеуметтiк-экономикалық дамуының стратегиясын айқындау, ондағы жинақталған әлеуметтiк-экономикалық проблемаларды шешудiң экономикалық және қаржылық тетiктерiн жасау жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеудi жүзеге асыратын консультативтiк орган болып табылады. Ведомствоаралық комиссия: өз жұмысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына, нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес жоспарлайды және құрады; тиiстi нормативтiк базалар құру және орташа қалалардың проблемаларын практикалық шешу жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының жобаларын әзiрлеудi жүзеге асырады. II. Ведомствоаралық комиссияның мiндеттерi Комиссияның негiзгi мiндеттерi: республиканың шағын және орташа қалаларының ауқымын, олардың аса маңызды функционалды құрылымдық параметрлерi бойынша градациясы мен типологиясын анықтау; шағын және орташа қалалардың қазiргi жай-күйiне алғышарт жасаған себептер мен факторларды анықтай отырып олардың әлеуметтiк-экономикалық жағдайын кешендi зерттеудi ұйымдастыру; құлдырау жағдайында тұрған және бiрiншi кезекте мемлекеттік қолдауға мұқтаж шағын және орташа қалаларды анықтау; республиканың өндiрiстiк күштерiн орналастырудағы перспективалық өзгерістердi ескере отырып, жалпы аймақтық саясат шеңберiнде шағын және орташа қалалардың әлеуметтiк-экономикалық дамуының ұзақ мерзiмдi стратегиясы бойынша ұсыныстар әзiрлеу; қаланың түрi мен олардың алдында тұрған әлеуметтiк-экономикалық проблемалардың жиынтығына байланысты шағын және орташа қалалардың жай-күйiн экологиялық және қаржылық жағынан сауықтыру шараларын жасауда саралау ыңғайын қамтамасыз ету; шағын және орташа қалалардың мәселелерi бойынша халықаралық қаржылық-экономикалық, гуманитарлық, экологиялық және өзге де ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау; проблемалық қалалардың мәселелерiн шешудiң әлемдiк тәжiрибесiн зерттеу және оны республикада қолдану жөніндегі ұсыныстарды дайындау болып табылады. III. Ведомствоаралық комиссияның өкiлеттiгi Ведомствоаралық комиссияның өзiне жүктелген мiндеттер мен функцияларды орындауы үшiн: министрлiктерден, мемлекеттік комитеттерден, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша қажеттi негiздемелер, есептеулер мен басқа да материалдар сұратуға және алуға; министрлiктер, мемлекеттік комитеттер, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдар әзiрлеген шағын және орташа қалаларға қатысты мәселелердi шешу жөніндегі материалдарды жинақтап қорытуға; қалалардың жекелеген проблемалары бойынша ұсыныстар дайындау үшiн жұмыс топтарын, уақытша шығармашылық ұжымдар құруға және тиiстi бейіндегі мамандар мен ғылыми қызметкерлердiң жұмыстарын ұйымдастырудың өзге де икемдi түрлерiн қолдануға құқы бар. Ведомствоаралық комиссияны төраға - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары басқарады, Қазақстан Республикасының Экономика министрi және Қазақстан Республикасының Қаржы министрi - оның орынбасарлары болып табылады. Ведомствоаралық комиссияның құрамына республиканың жетекшi министрлiктерi мен мемлекеттік комитеттерiнiң басшылары немесе басшыларының орынбасарлары енедi. Ведомствоаралық комиссияның төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, Ведомствоаралық комиссияның мәжілістерiне төрағалық етедi, оның жұмыстарын жоспарлайды және қабылданған шешiмдердi iске асыру үшiн жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төрағасы қатыспаған жағдайда оның функциясын Ведомствоаралық комиссия төрағасының орынбасарларының бiрi атқарады. Ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысымен бекітіледi. Ведомствоаралық комиссия мүшелерi: шағын және орташа қалалардың әлеуметтiк-экономикалық дамуының түйiндi проблемалары бойынша жетекшi сарапшылар мен консультанттардың мiндеттерiн атқарады; Ведомствоаралық комиссия құрған жұмыс топтары мен уақытша шығармашылық ұжымдардың жұмыстарын ұйымдастырады және үйлестiредi; Ведомствоаралық комиссия құзырына жататын мәселелердi орталық және жергiлiктi атқарушы органдарында қарау кезiнде қатысады; Ведомствоаралық комиссия төрағасының және оның орынбасарларының тапсырмаларын орындайды, өздерiнiң жұмыстары туралы мерзiм сайын есеп бередi. Ведомствоаралық комиссияның хатшысы - Ведомствоаралық комиссия мәжілісiнiң күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажеттi құжаттар мен материалдарды дайындайды және оны өткiзгеннен кейiн тиiстi хаттамаларды ресiмдейдi. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі Ведомствоаралық комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |