|
|
|
«Пәтер иелерiнiң тұтыну кооперативтерiнiң қызметiн қолдау жөніндегі
Тұрғын үй-коммуналдық саланы реформалау жөніндегі бұрын қабылданған үкiмет шешiмдерiн жүзеге асырудың баяу қарқынына байланысты, сондай-ақ пәтер иелерiнiң тұтыну кооперативтерiн табысты дамыту үшiн жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Тиiстi орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың назары тұрғын үй-коммуналдық саланы реформалау мәселелеріндегі жұмыстың жеткiлiксiздiгiне аударылсын. ҚР Үкіметінiң 1997.12.09. № 1332 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді 2. Жергiлiктi атқарушы органдар: бiр ай мерзiм iшiнде пәтер иелерiнiң тұтыну кооперативтерiне (бұдан әрi - тұтыну кооперативi) үйлердiң үй iшіндегі желiлерiнiң жобалық-сметалық құжаттамасын қоса алғанда түгендеу iстерiн тегiн беру жөнiнде шаралар қабылдасын; тұрғын үйлердегi тұрғын емес үй-жайларды жалға алушылармен шарттарға үйлердi тұтыну кооперативтерiмен бiрлесiп ұстау жөніндегі шығыстарға жалға алушылардың қатысуы жөніндегі ережелердi кiргiзу, ал жасалған шарттар бойынша - оларға тиiстi толықтырулар енгізу жөнiнде шаралар қабылдасын; тұтыну кооперативтерiнiң қызметкерлерiн орналастыру үшiн белгiленген тарифтiк ставкалар бойынша жалға алу шартымен үй-жай бөлуге жәрдем көрсетсiн. ҚР Үкіметінiң 1997.12.09. № 1332 қаулысымен 3-тармақпен толықтырылды, 3,4,5,6-тармақтар тиiсiнше 4,5,6,7-тармақтар болып саналсын 3. Тұрғын үйлердегi жекешелендiрiлмеген үй-жайлар (үйлердiң "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес ортақ меншiк құқығымен мекен-жай иелерiне тиесiлi бөлiктерiн қоспағанда) мемлекеттік меншiк болып табылады және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жекешелендiруге жатады. 4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Экономика және сауда министрлігі: 1997 жылдың 1 маусымына дейiн белгiленген тәртiппен олардың құрамынан жөндеу-құрылыс, жөндеу-пайдалану бөлiмшелерiн, үй басқармаларын, есеп айырысу-есептеу орталықтарын, авариялық қызметтердi, қатты тұрмыстық қалдықтарды әкету қызметтерiн, жайластыру учаскелерiн, антенна цехтарын, лифт шаруашылықтарын дербес заңды тұлға ретiнде бөлу жолымен тұрғын үй-коммуналдық сала ұйымдарын қайта ұйымдастыруды аяқтасын; тұрғын үй-коммуналдық сала ұйымдарының қайта ұйымдастырылуына орай тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсiпорындарының мемлекеттік меншiктегi объектiлерiн немесе акциялардың мемлекеттік пакеттерiн ашық конкурстарда сату үшiн беретiн болсын. 5. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі мүдделi орталық атқарушы органдармен бiрлесiп және жергiлiктi атқарушы органдардың қатысуымен екi ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Үкіметіне коммуналдық қызметтерге приборлық есеп жүргiзу жөнiнде ұсыныс енгiзсiн. 6. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Әдiлет министрлігімен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Үкіметіне "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 22 желтоқсандағы № 2717 Заң күшi бар Жарлығына жер құқық қатынастары субъектiлерiне жерге орналастыру жұмыстарына ақы төлеу жөнiнде жеңiлдiктер беру бөлiгiнде өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнiнде ұсыныс енгiзсiн. 7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігіне жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |