|
|
|
«Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: "Реформаларды тереңдету және Қазақстан Республикасының уран өнеркәсiбi мен атом энергиясын одан әрi дамыту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 22 қарашадағы № 1430 қаулысында: 1-тармақтың алтыншы абзацындағы "Қазатомөнеркәсiбi" акционерлік қоғамының басқармасын, Өскемен қаласында орналастыру туралы ұсынысқа келісім берiлсiн" деген сөздер алынып тасталсын; «Қазатомөнеркәсiп» Ұлттық атом компаниясының мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 22 шiлдедегi № 1148 қаулысында: 1-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Қазатомөнеркәсiп" Ұлттық атом компаниясы" жабық үлгiдегi акционерлік қоғамының басқармасын Алматы қаласында орналастыру туралы ұсынысқа келісім берiлсiн және Компанияны Алматы қаласында қажеттi қызметтiк үй-жайлармен қамтамасыз етсiн"; "Уран өнiмiнiң экспортын реттеудiң кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 24 ақпандағы № 130 қаулысында: 4-тармақтың үшiншi абзацындағы "он үшiншi" деген сөз "жетiншi" деген сөзбен ауыстырылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |