|
|
|
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 21 мамырдағы
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 646 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды одан әрi жетiлдiру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 21 мамырдағы № 3958 Жарлығын iске асыру мақсатында: 1. Қайта ұйымдастырылған мемлекеттік органдар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қайта ұйымдастыру рәсiмдерiн қамтамасыз етсiн. 2. Қайта ұйымдастырылған және жаңадан құрылған мемлекеттік органдар екi апта мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Үкіметіне белгiленген тәртiппен құрылымы, штат саны мен мемлекеттік органдар туралы ережелер жөніндегі ұсыныстарын енгiзсiн. 3. Қаржы министрлігі, Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiк Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігімен бiрлесе отырып, үш ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Үкіметіне қолданылып жүрген нормативтiк актiлердi "Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды одан әрi жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 21 мамырдағы № 3958 Жарлығына сәйкес келтiру жөніндегі ұсыныстарды белгiленген тәртiппен енгiзсiн. Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |