| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Сауда ережелерiн бұзғаны және тұтынушылардың хұқықтарына қысым жасағаны үшiн жауапкершiлiктi күшейту туралы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 18 тамыздағы № 821 Қаулысымен күші жойылды
Сауда қызметiн жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен адамдардың тиiстi сападағы тауарларды өткізу үшiн жауапкершiлiгiн көтеру мақсатында және «Тұтынушылардың хұқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: ҚР Министрлер Кабинетінің 1994 ж. 17 мамырдағы № 529 қаулысымен ; 1998 ж. 9 шiлдедегi № 651 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді 1. Былай деп белгiленсiн: ведомстволық бағынысы мен меншiк нысандарына қарамастан Қазақстан Республикасының аумағындағы бөлшек сауда желiсiнде және қоғамдық тамақтандыру кәсiпорындарында тауарларды сату тек қолданылып жүрген заңдарға сәйкес берiлетiн мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктер негiзiнде жүзеге асырылады. Соның өзiнде сауда орындарын орналастыру, азық-түлiк тауарларын өткізудiң шарттары Мемлекеттік санитарлық қадағалау аумақтық органдарымен, ал алкогольдi iшiмдiктердi сатқан кезде - маскүнемдiкке және алкоголизмге қарсы күрес жөніндегі жергiлiктi комиссиялармен мiндеттi түрде келiсуге жатады; кооперативтер, шағын және жекеше кәсiпорындар дайындаған және сатып алған, сондай-ақ жеке еңбек қызметiмен шұғылданатын адамдар мен басқа да арналардан сауда желiсiне және қоғамдық тамақтандыру кәсiпорындарына өткізу үшiн түскен өнiмнiң белгiленген тәртiп бойынша тiркелген қызмет орны берген сәйкестiк сертификаты не оның стандарттардың немесе белгiленген басқа да нормативтi құжаттаманың талаптарына сәйкестiгiн куәлендiретiн құжаты болуға тиiс; тауарлардың кепiлдi мерзiмдерiне, жарамдылық мерзiмдерiне, оларды айырбастау, қайтару тәртібіне, сондай-ақ мемлекеттік сауда кәсiпорындарына белгiленген, тиiстi сапаға жатпайтын өнiмдi өткізу үшiн мүлiктiк жауапкершiлiкке қатысты талаптарды Қазақстан Республикасының аумағындағы мемлекеттік емес құрылымдардың барлық сауда желiсi сақтауға мiндеттi. 2. Қазақстан Республикасының Сауда министрлігі «Тұтынушылардың хұқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, сондай-ақ осы қаулының талаптары ескере отырып, сауда ережелерi мен қоғамдық тамақтану өнiмдерiнiң нормативтi-техникалық құжаттамасын қайта қарап, бекiтетiн болсын. Аталған министрлiк бекiткен сауда ережелерi мен қоғамдық тамақтану өнiмдерiнiң нормативтi-техникалық құжаттамасын Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық кәсiпорындар ведомстволық иелiгi мен меншiк нысандарына қарамастан сақтауға мiндеттi деп белгiленсiн. 3. Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметi мен қоғамдық тамақтандыруды жүзеге асыратын барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң сауда ережелерiн және осы қаулыда көзделген талаптарды сақтауына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Мемсаудаинспекциясы мен Мемлекеттік санитарлық қадағалау органдарына жүктелсiн. 4. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi коммерциялық құрылымдарға жататын сауданың жай-күйiн және жекеше дүкендердiң, ұсақ бөлшек сауда желiсi мен қоғамдық тамақтандыру кәсiпорындарының жұмысын бақылауды күшейтсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |