|
|
|
Павлодар мұнай өңдеу зауытында пропилендi құнарландыру қондырғысының
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы № 406 Қаулысымен күші жойылды
Атырау химия зауытының пропилен өндiру жөніндегі жұмыс iстеп тұрған қуаттарын шикiзатпен қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Жылдық қуаты 65 мың тонна пропилендi құнарландыру қондырғысының кешенiн толық дайын ету шартымен салу жөніндегі Павлодар мұнай өңдеу зауытының ұсынысы қабылдансын. 2. Павлодар мұнай өңдеу зауытына 1992-1995 жылдары мұнай өнiмдерiн қосымшаға сәйкес мөлшерде экспортқа сатуға рұқсат етiлсiн. Қазақстан Республикасының Экономика жөніндегі мемлекеттік комитетi, Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлігі квоталарды ресiмдесiн, ал Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі Павлодар мұнай өңдеу зауытына аталған өнiмдi экспортқа шығаруға лицензия берсiн. 3. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi Павлодар мұнай өңдеу зауытының ұсынысы бойынша пропилендi құнарландыру қондырғысын салу жөніндегі жұмыстарды жүргiзу үшiн шетел фирмаларының Қазақстан Республикасы машиналар, жабдықтар, аспаптар, конструкциялар және басқа бұйымдар әкелiп-әкетуiн баж салығынсыз ресiмдесiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 26 тамыздағы № 706 қаулысына Қосымша Павлодар мұнай өңдеу зауытында пропилендi құнарландыру кешенiнiң құрылысын қаржыландыруды қамтамасыз ету үшiн мұнай өнiмдерiн экспортқа сатудан алынатын валюта түсiмiнiң Есеп-Қисабы (Кесте)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |