|
|
|
«Қазақстан Республикасының Қаржы Қызметiн
ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару органдарының қаржы қызметiн экономикалық талдаудың халықаралық жүйесiне көшу жөніндегі "Стэнд Бай" бағдарламасының шарттарын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Халықаралық валюта қорының ұсыныс, кеңестерi ескерiлiп даярланған мемлекеттік бюджеттiң жаңа жiктемесiнiң негiзгi шарттары мен талаптарының схемасы қосымшаға сәйкес мақұлдансын. 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі: - жүзеге асырылатын қаржы операцияларының қызметтiк-адрестiк бағдарлылығына сәйкес екi әдiспен мемлекеттік бюджеттiң жаңа жiктемесiнiң негiзгi шарттары мен талаптарының схемасы негiзiнде 1994 жылдың 1 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде мемлекеттік басқару органдарының қаржылық қызметiн көрсететiн жаңа бюджеттік жiктеме жасап, бекiтсiн: - жүзеге асырылатын қаржы операцияларының тұрақты мекен-жайына сәйкес; Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiсiнiң келісімi бойынша, жаңа бюджеттік жiктеме негiзiнде 1995 жылдың 1 мамырына дейiнгi мерзiмде бюджет мекемелеріндегі бухгалтерлiк есеп бойынша жаңа есептеу Жоспары әзiрленiп, нормативтiк актiлер мен әдiстемелiк құжаттар осыған сәйкестендiрiлсiн; жаңа бюджеттік жiктеме енгiзуге байланысты құжаттарды бюджеттік мекемелерге жеткiзу ұйымдастырылсын, 1995 жылдың аяғына дейiн жаңа нысандағы бланктер әзiрлеуге тапсырыстар жасалсын; 1996 жылдың 1 қаңтарынан бюджеттiң атқарылуын жоспарлау және есебiн жүргiзу халықаралық талаптарға сай келетiн бюджеттік жiктеме бойынша жүзеге асырылсын. 3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жанындағы қазынашылық органдарына осы қызмет мiндеттерi берiлгенге дейiн, бюджеттi атқарып жүзеге асырушы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiне бюджеттi атқаруға байланысты ақпараттарды машинамен өңдеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ұсынылсын. 4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне және Халықаралық валюта қорына тоқсан сайын, тоқсанның соңғы айының 15-iнен кешiктiрмей осы қаулыны iс жүзiне асыру барысы жайлы қор белгiлеген мерзiмде ақпарат берiп отыратын болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 13 шiлдедегi № 786 қаулысына Қосымша Мемлекеттік бюджеттiң жаңа жiктемесiнiң негiзгi шарттары мен талаптарының СХЕМАСЫ Жаңа бюджеттік жiктеменi жасауда мынадай негiзгi дәйектi айқындамалар сақталынып, жүзеге асырылсын: 1. Негiзгi агрегирлық көрсеткiштер мына төмендегi құрамдар бойынша айқындалсын, олар: табыстар; алынған трансферттер; шығыстар; несиенiң өтелуi; қаржыландыру. 2. Салықтар салық салынатын объектiнiң түрi бойынша былайша жiктелсiн: табыс, жалақы, сату және тауар айналымы, мүлiктiң таза құны, халықаралық операциялар және басқармалары; салықтық емес ағымдағы түсiмдер /меншiк табысы, сатудан, айыппұлдан, жылудан алынатын түсiмдер, бұған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлерiнен және басқа мемлекеттердiң үкiметтерiнен немесе халықаралық ұйымдардан алынатын тегiн трансферттер қосылмайды/. 3. Алынған табыстар мынадай мақсаттар бойынша жiктелсiн: ағымдағы операцияларға; капиталмен жасалатын операцияларға. 4. Шығыстар экономикалық санаты және қызметтiк мақсаты бойынша жiктелсiн. 5. Қайтарылатын немесе қайтарылмайтындығына қарамастан шығыстардың экономикалық жiктелуi ағымдық және күрделi болып бөлiнсiн. Өтелетiн шығыстар ақы орнына алынған тауарлар мен қызметтердiң түрлерi бойынша топталады /жұмысшылар мен қызметшiлердiң еңбекақысы, тауарлар алу мен қызметтер көрсету, проценттер төлеу/. Қайтарылатын шығыстар оларды алушылардың түрi бойынша топталады /мемлекеттік басқарудың өзге деңгейлерi, кәсiпорындар, резидент еместер/. Шығыстар мен несиенiң өтелiп отыруы, сондай-ақ қызметтiк мақсаты бойынша да жiктеледi. 6. Қызметтiк-мiндеттiк жiктемеге мемлекеттік басқару органдарының қызметтiң әр түрiн дамытуға және мемлекет алдында тұрған мiндеттердi орындауға бөлетiн /материалдық өндiрiс саласы, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, халықты әлеуметтiк қорғау, құқық тәртібін қорғау, қорғаныс және басқалары/ шығыстардың көлемiн есептеу үшiн алынатын шығыс енгiзiлсiн. 7. Мемлекеттік басқару секторының қызмет мiндеттерiн мына топтарға бөлу көзделсiн: коммуналдық және әлеуметтiк қызметтер /білімге, әлеуметтiк сақтандыру мен әлеуметтiк қамсыздандыруға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа байланысты қызметтер, мәдени шаралар/; халық шаруашылығы өндiрiстiк салаларының экономикалық қызметiне байланысты мемлекеттік қызметтер. Бұл топқа осы аталған салалардың экономикалық қызметiн реттеуге және қолдауға бөлiнетiн мемлекеттік шығыстар кiредi; жалпы мақсаттағы мемлекеттік қызметтер /қорғаныс және қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi қолдау/; өзге қызметтер. Бұл топ мемлекеттік борыштың проценттерiн төлеу және төлем кепiлдiгiн беруге байланысты шығыстарды, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың өзге органдарына берiлетiн жалпы мақсаттағы трансферттердi қамтиды. 8. Бюджет тапшылығын қаржыландыру және мемлекеттік борыш - пайдаланылатын борыштық мiндеттемелер түрi /бағалы қағаздар, қысқа мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi қарыз алу, депозиттердiң көлемiн өзгерту және басқалары/ бойынша, сондай-ақ қалпына келтiруге берiлген сыртқы заемдар бойынша шарттарды орындауды қоса алғанда несие берушiнiң түрi /ақша-несиенi реттеу органдары, ақша-депозит банктерi, банктен тыс қаржы мекемелерi және қаржылық емес сектор/ бойынша жiктеледi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |