|
|
|
«Өнiмдердi және тауарларды саны мен сапасы
ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды
Өнiмдердi және тауарларды тиеу, сақтау және қабылдау тәртібін ретке келтiру, жеткiзу мен тасымалдау кезiнде олардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Өнiмдердi және тауарларды саны мен сапасы бойынша қабылдау тәртібі туралы осыған қосылған Нұсқаулық бекітілсiн және ол 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енгiзiлсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 9 қарашадағы № 1240 қаулысымен бекітілген Өнiмдердi және тауарларды саны мен сапасы бойынша қабылдау тәртібі туралы НҰСҚАУЛЫҚ I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1. Осы Нұсқаулық материалдық құндылықтарды сақтау және сапа туралы қазiргi нормативтiк актiлердiң, көлiктiк және өзге де заңдардың талаптары ескерiле отырып әзiрленедi және стандарттармен, техникалық шарттармен яки өзге де мiндеттiлiк ережелермен немесе шартпен өнiмдер мен тауарларды х/ саны мен сапасы бойынша қабылдаудың өзгеше тәртібі белгiленбеген жағдайда қолданылады. х/ Бұдан былай, әдетте, "тауарлар" делiнедi. Осы Нұсқаулықтың ережелерi қайтарылған ыдысты қабылдаған кезде де мiндеттi түрде қолданылады. Импорттық тауарлар импорттық тауарларды саны мен сапасы бойынша қабылдау, рекламациялық актiлердi құрастыру мен жолдаудың тәртібі мен мерзiмi туралы Нұсқаулыққа сәйкес қабылданады. 2. Жеткiзу /тиеу/ кезiнде тауарларды сақтау және оларды алушылардың дер кезiнде әрi дұрыс қабылдауы үшiн жағдай туғызу мақсатында жөнелтушi /бiрлестiк және оның өндiрiстiк бiрлiгi, кәсiпорын және басқа шаруашылық жүргiзушi субъектiлер/ хх мыналарды: хх/ Бұдан былай, әдетте, "кәсiпорындар" делiнедi. а/ тауарларды орау мен буып-түюдiң кейбір жерлерiн таңбалау мен пломбылаудың белгiленген ережелерiн сақтауды; б/ тиелген тауарлардың /жәшiктердiң, бумалардың, байламдардың, будалардың және т.б. салмағы мен орын саны/ санын дәл анықтауды; в/ оралған немесе буып-түйiлген жерлерiнде тауарларды тиеген кезде әрбiр ыдыс тұрған орынға стандарттармен, техникалық шарттармен, өзге де мiндеттi ережелермен немесе шартпен көзделген сол ыдыс тұрған орындағы тауарлардың атауы мен мөлшерi жайында куәландыратын құжаттың /орама белгiсiн, бумалық картасын және т.б./ салынуын; г/ белгiленген стандарттар, техникалық шарттар, сызбалар, рецептуралар, үлгiлер /эталондар/ талаптарына сапасы мен жиынтығы бойынша сәйкес келетiн тауарларды тиеудi /тапсыруды/ қамтамасыз етуге мiндеттi. Сапасы жөнiнде белгiленген тәртiппен тексеруден өтпеген тауарлар, сондай-ақ тауарлардың сапасына бақылау жасайтын және оған уәкiлдiгi бар басқа да органдар тиелуiне тыйым салынған тауарлар жiберiлмеуге тиiс; д/ жiберiлетiн тауарлардың сапасы мен жиынтығын куәлендiретiн құжаттарын /техникалық паспортын, сертификатын және т.б./ тиеу және есеп айырысу құжаттарын анық әрi дұрыс ресiмдеудi, оларды көрсетiлген тауарлардың саны, сапасы мен жиынтығы жайындағы деректер тиелген нақтылы тауарлардың санына, сапасы мен жиынтығына сәйкес келуiн, сондай-ақ осы құжаттарды алушыларға белгiленген тәртiппен уақытылы жiберiлуiн; е/ егер шартта өзгеше көзделмеген болса, тауарлар сапасы мен жиынтығын растайтын құжаттарды тауарлармен бiрге жiберiлуiн қамтамасыз етуге мiндеттi. Стандарттармен, техникалық шарттармен, тараптар үшiн мiндеттi басқа да ережелермен және шартпен көзделген жағдайда дайындаушы /жiберушi/ оралған немесе буып-түйiлген тауарларды тиеген /тапсырған/ кезде әрбiр ыдыс орнына сондағы тауардың атауы мен сапасы жайлы куәландыратын құжатты салуға мiндеттi; ж/ жүктi тасымалдауға тапсырудың, оларды тиеудiң, бекіту мен сақтаудың көлiкте қолданылатын ережелерiн, сондай-ақ стандарттармен және техникалық шарттармен белгiленген тиеудiң арнайы ережелерiн сақтауды; з/ тиелген тауарлардың санын анықтаумен олардың тиеу мен есеп айырысу құжаттарын ресiмдеумен шұғылданатын адамдардың жұмысына жүйелi түрде бақылау жасауын қамтамасыз етуге мiндеттi. 3. Қабылдаушы кәсiпорын көлiк органдарынан жүктi қабылдаған кезде көлiкте қолданылатын жүк тасымалдау ережелерiне сәйкес тасымалдау барысында жүктiң сақталуы қалай қамтамасыз етiлгендiгiн тексеруге, атап айтқанда: а/ сол ережелерде көзделген жағдайда көлiк құралдарына /вагонда, цистернада, баржада, автофургонда, жүзгiнiң орын-жайында, т.б./ немесе контейнерлерде жiберушiнiң немесе жiберген мекен-жайдың /станцияның, айлақтың, тоқыманың/ пломбылары бары-жоғын, пломбылардың және олардағы белгiлердiң дұрыстығын, вагондардың, өзге де көлiктiк құралдардың немесе контейнердiң жай-күйiн, жүктiң қорғаныш таңбасының бар-жоғын, сондай-ақ ыдыстың бүтiндiгiн тексеруге; б/ жүктiң атауы мен көлiк таңбасының көлiк құжатында көрсетiлген деректерге сәйкестiгiн тексеруге және көлiкте қолданылатын ережелерде осындай мiндет барлық жағдайда оларға жүктелген болса, көлiк органдарынан жүктi орын саны немесе салмағы бойынша берiлуiн талап етуге; в/ жүктi бүлiнуден және бұзылудан сақтауды қамтамасыз ететiн /жүктi орналастыру, температура режимi, мұзбен жабдықтау және т.б./ белгiленген тасымалдау ережелерiнiң сақталу-сақталмауын, жеткiзiлу мерзiмiн тексеруге, сондай-ақ жүктi қарап шығуға мiндеттi. Жүктiң орын саны, салмағы мен жайы-күйi тексерусiз берiле қалған жағдайда оны қабылдап алушы жүктiң берiлуiн ресiмдеудiң ережелерiнде белгiленген тәртiппен көлiк органдарынан көлiк құжатына тиiстi белгi қоюын талап етуге мiндеттi. 4. Көлiк органдарынан жүктi қабылдау кезiнде жүктiң бүлiнуi немесе бұзылуы, жүктiң атауы мен салмағы немесе орын саны көлiк құжатындағы деректерге сәйкес келмейтiндiгi анықталған жағдайда, сондай-ақ мұның өзi көлiкте қолданылатын ережелерде көзделген жағдайдың бәрiнде де қабылдап алушы көлiк органдарынан коммерциялық акт жасауды /тауар - көлiк қағазына белгi соғуды немесе жүк автомобильмен әкелiнсе акт жасауды/ талап етуге мiндеттi. Көлiк органдары жоғарыда аталған актiлердi жасаудан негiзсiз бас тартқан жағдайда, қабылдап алушы көлiкте қолданылатын ережелерге сәйкес бұл бас тарту жайында шағым беруге және тауарларды осы Нұсқаулықта көзделген тәртiппен қабылдап алуға мiндеттi. 5. Қабылдап алушы кәсiпорын тауарларды саны мен сапасы бойынша стандарттарға, техникалық шарттарға, осы Нұсқаулыққа, өзге де мiндеттi ережелер мен шарттарға сәйкес қабылдап алуды қамтамасыз етуге мiндеттi. II. ТАУАРЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ОРНЫ МЕН МЕРЗIМI 6. Ыдыссыз, ашық ыдысымен әкелiнетiн тауарларды қабылдау, сондай-ақ жалпы салмағы мен орындарының саны бойынша ыдысымен әкелiнетiн тауарларды қабылдау: а/ тауар жеткiзушi әкелген кезде - қабылдап алушының қоймасында; б/ алушы тауарларды әкеткен кезде - жiберушiнiң қоймасында; в/ темiржол, әуе, су немесе автомобиль көлiгi органдары тауарларды әкелiп берген кезде-пломбасы ашылған жерде немесе пломбасы жоқ көлiк құралдары мен контейнерлерден жүктi түсiрген жерде немесе көлiк органының қоймасында жүргiзiледi. Жiберушi тауарларды алушының қоймасына ыдысымен жеткiзген кезде, қабылдап алушы жалпы салмағы мен орын санын тексеруден басқа, ыдыстың ашылуын әрi таза салмағы мен әр орындағы жеке тауар санын, сондай-ақ тауарлардың сапасы мен жиынтығын тексерудi талап ете алады. 7. Бұзылмаған ыдысымен түскен тауарлардың таза салмағы мен әр орындағы жеке тауардың саны, сапасы мен жиынтығы бойынша қабылданылуы әдетте, түпкiлiктi алушының қоймасында жүргiзiледi. Тауарларды бастапқы жасаушылардың /жiберушiлердiң/ ыдысына немесе орауында қайта жiберiп отырған өткiзушi, жабдықтаушы, дайындаушы ұйымдардың, көтерме-бөлшек сауда және басқа да кәсiпорындардың сатып алушы базалары тауарларды iшкi ыдыс орындарының саны бойынша, саны мен жиынтығы бойынша мiндеттi ережелер мен шартта көзделген жағдайда ғана, сондай-ақ жүктiң нақтылы жалпы салмағы жолдамалық құжаттарда көрсетiлген жалпы салмағына сәйкес келмегенде ғана қабылдауға тиiс. Егер тауарлар бүлiнген күйде, ашық немесе таңбасы жоқ ыдыста, пломбасы бұзылған немесе бұзылу белгiлерi бар /сыну, тесiлу және т.б./ күйiнде түссе, онда тауарларды таза салмағының шамасы, және әрбiр жүк орнындағы тауардың бiрлiгi, сапасы мен жиынтығы бойынша қабылдауды тауар алушы осы Нұсқаулықтың 6-тармағында көрсетiлген тәртiппен, яғни тауардың жалпы салмағы мен орын саны бойынша қабылданатын жерде жүзеге асырады. Кәсiпорындар қайта жiберуге жататын тауарларды олардың сапасы мен жиынтығының сақталуы қамтамасыз етiлетiн жағдайда сақтауға мiндеттi. 8. Ыдысымен жеткiзiлген тауарларды қабылдаудың осы Нұсқаулықта белгiленген тәртібі, сондай-ақ бандероль немесе орамның бүтiндiгiн немесе пломбасын бұзбай байламнан /бумадан/ алу мүмкiн болмаған жағдайда бандерольденген немесе пломбаланған байламдарды /бумаларды/ қабылдау кезiнде де қолданылады. 9. Тауарларды қабылдау мынадай мерзiмде: 9.1. Саны бойынша: а/ ыдыссыз ашық және бүлiнген ыдыста түскен тауарларды тауарды жiберушiден не көлiк органының қоймасынан алу кезiнде немесе көлiк құралдары мен контейнерлердiң пломбаланғандарын ашу және пломбаланбағандардың жүгiн түсiру кезiнде, бiрақ жүк түсiрудi аяқтау мерзiмiнен кешiктiрмей; б/ жалпы салмағы мен орын саны бойынша бүлiнбеген ыдыста түскен тауарларды - осы тармақтың "а" тармақшасында көрсетiлген мерзiм iшiнде таза салмағы мен әр орындағы жеке тауар бiрлiгiнiң саны бойынша - ыдысты ашумен бiр мезгiлде, бiрақ 5 күннен кешiктiрiлмей, ал тез бұзылатын тауарлар бойынша - тауарды алған кезден немесе алушы тауарды жiберушi қоймасынан алған кезден 24 сағаттан кешiктiрмей және қалған барлық жағдайда - көлiк органдары жүктi берген кезден бастап жүргiзiледi. 9.2. Сапасы мен жиынтығы бойынша: а/ тауарларды өзге қаладан және бiр қала iшiнен жеткiзу кезiнде 10 күннен кешiктiрмей, ал тез бұзылатын тауарларды - көлiк органы тауарларды бергеннен кейiн немесе олар жiберушi тауар жеткiзген кезде алушы қоймасына түскенде немесе тауар алушы әкеткен кезде, егер шартта өзгеше көзделмесе, 24 сағаттан кешiктiрiлмей; б/ ыдысымен түскен тауарлардың сапасы мен жиынтығын тексеру, егер жеткiзiлетiн тауарлардың ерекшелiктерiне байланысты шартта өзге мерзiмдер көзделмеген болса, жоғарыда көрсетiлген мерзiмнен кешiктiрмей, ыдысты ашқан кезде жүргiзiледi; в/ сыртқы қорғанышымен түскен пайдаланылуына немесе сақталуына кепiлдiк мерзiмi бар машиналар, жабдықтар, приборлар мен басқа да өнiмдер сапасы мен жиынтығы бойынша жүк ашылған кезде, бiрақ белгiленген кепiлдiк мерзiмiнен кешiктiрiлмей тексерiледi. 10. Сауда ұйымдары өздерi осы Нұсқаулықтың 9.2.-тармағында көрсетiлген мерзiмде тауар сапасын тексеру жасағанына қарамастан, өндiрiстiк ақауларды, егер ондайлары тауарларды бөлшек саудаға әзiрлеу кезiнде немесе тауарды алғаннан кейiн үш ай мерзiм iшiнде бөлшек сауда кезiнде табылса, оларды актiлеуге құқы бар. 11. Тауарлардың жасырылған жетiспеушiлiгi туралы акт, егер тараптар үшiн мiндеттi ережелермен немесе шартпен өзге мерзiм белгiленбесе, жетiспеушiлiк айқындалысымен 5 күн iшiнде, бiрақ алушы қоймасына келiп түскен тауардың жасырылған жетiспеушiлiгi айқындалған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей жасалуы тиiс. Тауарлардың жасырылған жетiспеушiлiгi оларды екi немесе бiрнеше кәсiпорын дәйектi түрде өңдеу барысында айқындалған жағдайда тауарды алған кәсiпорын жетiспеушiлiктi айқындаған күннен бастап үш айдан кешiктiрмей жасырылған жетiспеушiлiгi туралы акт жасауға тиiс. Пайдалану немесе сақтау мерзiмiне кепiлдiгi бар тауарлардың жетiспеушiлiгi анықталысымен 5 күн iшiнде, бiрақ белгiленген кепiлдiк мерзiмi шегiнде, жетiспеушiлiк туралы акт жасалуы керек. Егер акт жасауға қатысу үшiн жасаушының /жiберушiнiң/ өкiлi шақырылса, онда аталған 5 күн мерзiмiнде, оның келуiне қажеттi уақыты қосылады. Кепiлдiк мерзiмi бөлшек сауда кезiнен бастап есептелетiн тауарлардың жасырылған жетiспеушiлiгi туралы акт, сондай-ақ тауарды алу уақытына қарамастан, сатуға дейiнгi сақталу кезiнде жасалуы мүмкiн. Сол тауар түрi үшiн әдеттегi тексерiс кезiнде байқалмайтын, тек өңдеу, құрастыруға дайындау, құрастыру, сынау, пайдалану, және тауарды сақтау кезiнде ғана анықталатын жетiспеушiлiктерде жасырынды болып танылады. 12. Тауарларды сапасы бойынша қабылдаумен бiр мезгiлде тауарлардың жиынтығы, сондай-ақ ыдысының, орауының, таңбалануының стандарттар, техникалық шарттар талаптарына, басқа да екi жаққа мiндеттi ережелерге немесе шартқа, сызбаларға, үлгiлерге /эталондарға/ сәйкестiгi тексерiледi. 13. Егер тауардың санын, сапасы мен жиынтығын тексеру белгiленген мерзiмде аяқталса, қабылдау уақытылы өткiзiлген болып саналады.
III. ТАУАРЛАРДЫ САНЫ, САПАСЫ МЕН ЖИЫНТЫҒЫ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАУ ТӘРТIБI 14. Тауарларды саны, сапасы мен жиынтығы бойынша қабылдауды алушы кәсiпорынның басшысы немесе оның орынбасары уәкiлдiк берген құрамы кемiнде үш құзырлы адамнан тұратын комиссия жүргiзедi. Материалдық жауапты адамнан басқа, комиссияның өзге мүшелерi сол материалдық жауапты адамға бағынышты болмауы, материалдық құндылықтармен /есебiн алумен, сақтаумен, қабылдаумен және оларды жiберумен/ байланысты болмауға тиiс. тауарларды қабылдау үшiн тараптар шартта комиссияның өзге құрамын белгiлеуi мүмкiн. Тауарларды қабылдау жөніндегі комиссияға жiберушi /жасаушы/ оны тапсыруға уәкiлдiк берген адамдар: жолсерiк, жүктi келісімен тапсыру үшiн шыққан адам және т.б. қатыса алады. Қабылдау комиссиясының мүшелерi тауарларды қабылдау ережелерiнiң қатаң сақталуы үшiн жауап бередi. Алушы кәсiпорын: а/ тауарлардың сақталуын, жетiспеушiлiгiн, ұрлануын, бүлiнуiн, сондай-ақ ұқсас тауарлармен араласып кетуiн болдырмауды қамтамасыз ету үшiн тауарлардың дұрыс және уақтылы қабылдануына жағдай туғызуға; б/ түскен тауарлардың мөлшерiн /салмағын, орын санын: жәшiк, қап, бума, байлам, буда, қорап және т.б./ дәл анықтауды қамтамасыз етуге; в/ тауарлардың сапасын анықтайтын сынау мен өлшеу құралдарының жарамдылығын, сондай-ақ оларды белгiленген тәртiппен уақтылы тексерiлуiн қадағалауға; г/ тауарлардың саны, сапасы мен жиынтығы бойынша қабылдайтын адамдардың жұмысына жүйелi түрде бақылау жасауға және тауарларды қабылдау ережелерiн бұзудан сақтандыруға мiндеттi. 15. Тауарлардың саны, сапасы мен жиынтығы бойынша қабылдау стандарттарға, техникалық шарттарға, тараптар үшiн мiндеттi өзге де ережелерге немесе шартқа сәйкес, сондай-ақ жеткiзiлетiн тауардың санын, сапасы мен жиынтығын куәландыратын көлiктiк және жолдамалық құжаттар /есеп-фактура, сипаттамалар, хаттаулар, орау таңбалары, техникалық паспорт, сертификат және т.б./ бойынша жүргiзiледi. Аталған жолдама құжаттардың немесе олардың кейбіреуiнiң жоқтығы тауарлардың қабылдануын тоқтата алмайды. Мұндай жағдайда түскен тауарлардың нақтылы саны, сапасы мен жиынтығы туралы акт жасалып, онда қандай құжаттардың жоқ екенi көрсетiледi. 16. Тауарлар бiр мезгiлде бiрнеше вагон, контейнер немесе автофургон сапымен келiп түсiп, олардың құны бiр есеп айырысу құжаты бойынша төленетiн жағдайда, егер тараптар үшiн мiндеттi ережелермен немесе шартпен iшiнара /таңдаумен/ тексеру мүмкiндiгi көзделмеген болса, алушы барлық вагондағы, контейнердегi не автофургондағы түскен тауардың санын тексеруге мiндеттi. егер түр-түрiнен жекелеген айқындамаларынан жiберушi құжаттарына кереғар тауар жетiспеушiлiгi анықтала қалса, алушы /сатып алушы/ барлық вагоннан, контейнерден немесе автофургоннан келiп түскен тауар санын осы айқындамалар бойынша актiде көрсетедi. Түр-түрлерiнiң жетiспеушiлiгi байқалмаған басқа айқындамалары жөнiнде алынған мөлшердiң көлiктiк және жолдамалық құжаттарға сәйкес келетiндiгi көрсетiледi. Қабылдау актiсiнде әр вагоннан, контейнерден немесе автофургоннан түскен тауардың саны көрсетiлуге тиiс. 17. Келiп түскен тауар саны қабылдау кезiнде жолдамалық құжаттарда көрсетiлген өлшем бiрлiгiмен айқындалуы қажет. егер жiберушi осы құжаттарда тауарлардың салмағы мен орын санын көрсетсе, онда алушы тауарды қабылдаған кезде оның салмағы мен орын санын тексеруге тиiстi. 18. Таза салмағын тексеру стандарттармен, техникалық шарттармен, өзге де мiндеттi ережелермен не шартпен белгiленген тәртiп бойынша жүргiзiледi. тауарды ыдыссыз өлшеуге мүмкiндiк болмаған жағдайда таза салмағын анықтау тауарды алған кездегi жалпы салмағын және тауардан босағаннан кейiнгi ыдыстың салмағын тексеру жолымен жүргiзiледi. тексеру нәтижесi актiмен ресiмделедi. Ыдыстың салмағы туралы акт, егер шартта өзгеше мерзiм белгiленбесе, ол босағаннан кейiн 24 сағаттан кешiктiрiлмей, ал ылғалды тауардан босаған ыдыстың салмағы тауардан босасымен дереу жасалуы тиiс. Ыдыс салмағын тексеру нәтижесi туралы актiде тауардың жалпы салмағынан ыдыс салмағын алу арқылы анықталған таза салмағы да көрсетiледi. Нақтылы жалпы салмағы мен ыдыстың салмағы тексерiлмейiнше, таза салмақты жолдама және тауар құжаттарында көрсетiлген деректер бойынша ыдыс салмағын жалпы салмағынан шығарып тастау жолымен анықтауға болмайды. Басқа жағдайларда ыдыс салмағын тексеру таза салмақты тексерумен бiр мезгiлде жүргiзiледi. 19. Егер қабылдау кезiнде тауарлардың саны бойынша жетiспеушiлiк жөнiнде тауарды қабылдап алған адамдардың қолымен қабылдау актiсiн жасауға және сол қаладағы жiберушiнiң /жасаушының/ өкiлiн, ал шартта көзделген болса, басқа қаладағы өкiлдi шақыруға мiндеттi. Тауарларды қабылдау кезiнде жалпы салмағының кейбір жерлерiнiң ауырлығы көлiктiк немесе жолдамалық құжаттарда немесе трафаретте көрсетiлген ауырлығына сәйкес келмесе, алушы ыдыс пен орамды ашпауға тиiс, сондай-ақ, егер жалпы салмағы дұрыс болғанда, тауарлардың жетiспеушiлiгi таза салмағын немесе кейбір жерлеріндегі тауар бiрлiгiнiң санын тексеру кезiнде анықталса, алушы қалған жерлерiн тексерудi тоқтатып, сол жерлердiң iшіндегі ашылған ыдыс пен орамды және тауарды әрi қарай қабылдау үшiн шақырылған өкiл келгенше /Нұсқаулықтың 21-тармағы/ сақтап, көрсетуге, тауардың сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ оның ұқсас тауарлармен араласып кетуiн болдырмау шараларын қолдануға мiндеттi. Тауар қабылдаудың, оны тоқтатқанға дейiнгi, нәтижелерi, тауар қабылдауды жүргiзген адамдар жасаған актiде көрсетiледi. 20. Келiп түскен тауарлардың сапасы, жиынтығы, таңбалары, ыдысы мен орауы стандарттар, техникалық шарттар, сызбалар, үлгiлер /эталондар/, талаптарына, шартқа, не таңбалауда және тауардың сапасын куәландыратын жолдамалық құжаттарда көрсетiлген /Нұсқаулықтың 21-тармағы/ деректерге сәйкессiздiгi айқындалған жағдайда алушы, тез бұзылатынынан басқа, тауарды одан әрi тексерудi тоқтатып, қарап шыққан тауарлардың саны мен қабылдау кезiнде байқалған ақаулардың сипаты көрсетiп акт жасайды. Алушы сапасы төмен немесе жиынтықты емес тауарлардың сапасын нашарлатуды және басқа ұқсас тауарлармен араласып кетуiн болдырмайтындай етiп сақтауды қамтамасыз етуге мiндеттi. 21. Тауарды саны немесе сапасы /жиынтығы/ бойынша қабылдауды тоқтатумен бiр мезгiлде алушы тауар қабылдауды жалғастыруға қатысу үшiн және екi жақты акт жасауға жiберушi өкiлiн, ал айрықша орауда немесе жiберушi болып табылмайтын жасаушының бүлiнбеген ыдысындағы тауарларды қабылдау кезiнде-жасаушының өкiлiн шақыруға мiндеттi. Тауарларды қабылдау жөніндегі комиссияға жiберушiнiң /жасаушының/ тауарларды тапсыруға жiберген уәкiлдi адамдары қатысса /Нұсқаулықтың 14-тармағы/ жiберушiнiң /жасаушының/ өкiлiн оған шақыру мiндеттi емес. Осы Нұсқаулықтың 20,21,22-тармақтарында көзделген жiберушiнiң /жасаушының/ өкiлi шақырылмаған жағдайда тауар үшiн есеп айырысу жiберушiнiң жүк жөнелту құжаттары бойынша жасалады. 22. Тауар қабылдауды жалғастыру үшiн жiберушiнiң /жасаушының/ өкiлi шақырылса, басқа қалада тұратын жiберушi /жасаушы/ алушының шақыруы қолға тиген күннiң ертеңiнен кешiктiрмей, тауарды саны, сапасы және жиынтығы бойынша тексеруге қатысу үшiн өкiлiнiң жiберiлетiнiн не жiберiлмейтiнiн жеделхатпен немесе телефонограммамен хабарлауға мiндеттi. Шақыруға белгiленген мерзiмде жауап алынбаса, жiберушi /жасаушы/ өкiлiнiң келуiне белгiленген мерзiм бiтпей-ақ алушыға тауарды қабылдау құқы берiледi. Басқа қаладағы жiберушiнiң /жасаушының/ өкiлi шақыруды алғаннан кейiн, егер шартпен басқа мерзiм белгiленбеген болса, жолға кеткен уақытты есептемегенде, үш күндiк мерзiмнен кешiкпей жетуге мiндеттi. Бiр қаланың iшіндегі жiберушiнiң /жасаушының/ өкiлi шақыруды алған күннiң ертеңiнен кешiкпей, егер онда басқа мерзiмi көрсетiлмесе, ал тез бұзылатын тауар бойынша-шақыруды алғаннан кейiн 4 сағат iшiнде жетуге мiндеттi. Жiберушi /жасаушы/ өкiлiнiң алушының тауар қабылдауына қатысуына құқық беретiн куәлiгi болуы тиiс. Жiберушi /жасаушы/ тауарларды қабылдайтын жерде орналасқан кәсiпорынның тауар қабылдауға қатысуына өкiлдiк бере алады. Мұндай жағдайда өкiлге куәлiктi оны бөлген кәсiпорын бередi. Куәлiкте жiберушi /жасаушы/ сол кәсiпорынды тауар қабылдауға қатысуға уәкiлдiк ететiн құжатқа сiлтеме болуы керек. Жiберушi /жасаушы/ сол кәсiпорынды тауар қабылдауға қатысуға уәкiлдiк ететiн құжатқа сiлтеме болуы керек. Жiберушi /жасаушы/ өкiлiн шақыру туралы хабарлау жеделхатпен /телефонмен/ 24 сағаттан кешiктiрiлмей, ал тез бұзылатын тауарларға қатысты жетiспеушiлiгi немесе сапасыздығы анықталғаннан кейiн, егер басқа мерзiм шартпен белгiленбесе дереу жiберiлуi /айтылуы/ тиiс. Тауарлардың жетiспеушiлiгi бойынша жiберушi /жасаушы/ өкiлiн шақырту туралы хабарлауды: а/ егер шақырту кезiне дейiн есеп айырысу қағазы алынбаса, тауарлардың атауы, күнi мен есеп-фактураның нөмiрi немесе көлiктiк құжаттың нөмiрi; б/ жеткiлiксiз тауар саны мен жетiспейтiн түрi /жекелеген орын саны, ыдыс iшіндегі жетiспеушiлiк, бүлiнген ыдыстағы жетiспеушiлiк және т.б./; в/ тауарларды саны бойынша қабылдаудың белгiленбеген уақыты көрсетiлуге тиiс. тауарлардың сапасыздығы мен жиынтығы толық еместiгi туралы жiберушi /жасаушы/ өкiлiн шақырту жайындағы хабарлауда: а/ егер шақырту кезiне дейiн есеп айырысу қағазы алынбаса, тауарлардың атауы, күнi мен есеп-фактураның нөмiрi немесе көлiктiк құжаттың нөмiрi; б/ тауарлардағы айқындалған негiзгi жетiспеушiлiктер; в/ тауарларды саны немесе жиынтығы бойынша қабылдауға белгiленген уақыты /қабылдау үшiн белгiленген мерзiмi шегiнде/; г/ сапасы төмен тауарлар мен жинақталуы толық емес тауардың саны көрсетiлуге тиiс. 23. Жiберушiнiң /жасаушының/ өкiлi шақырылған /Нұсқаулықтың 19,20,21-тармақтары/, бiрақ ол келмеген жағдайда және басқа қаладағы жiберушi /жасаушы/ өкiлiнiң келуi мiндеттi болмаса, тауарларды саны бойынша қабылдауды және жетiспеушiлiгi туралы актiнi: а/ шартта /келісімде/ көзделген адамдар құрамында болатын комиссия; б/ жiберушi /жасаушы/ жөнелткен тауарларды қабылдап алуға қатысу өкiлеттiгi негiзiнде сол кәсiпорынның /ұйымның/ басшысы немесе оның орынбасары бөлген басқа кәсіпорынның /ұйымның/ өкiлi қатысатын комиссия, ал мүлдем мүмкiндiк болмаған жағдайда, қабылдауды бастаған алушы кәсiпорынның басшысы немесе оның орынбасары уәкiлдiк берген адамдар жасайды. 24. Алушының /сатып алушының/ шақыртуы бойынша жасаушының /жiберушінiң/ өкiлi белгiленген мерзiмде келмеген жағдайда, өнiмдер мен тауарлардың сапасын тексерудi: а/ шартта /келісімде/ көзделген адамдар құрамында болатын комиссия; б/ өнiм сапасы жөнiнде тексерудi - өнiм сапасы жөніндегі тиiстi салалық инспекциясы, ал тауарлар сапасы тексерудi - тауарлық сараптама бюросының сарапшысы жүргiзедi. Алушы /сатып алушы/ тұрған жерде сапа жөніндегі тиiстi инспекция бюросы болмағанда, сондай-ақ олар өз өкiлiн жiберуден бас тартқан немесе алушының /сатып алушының/ шақыртуына келмеген жағдайда, тексеру басқа кәсiпорынның /ұйымның/ басшысы немесе оның орынбасары жiберушi /жасаушы/ жөнелткен тауарларды қабылдауға қатысуға өкiлеттiк негiзіндегі сол кәсiпорынның құзырлы өкiлiнiң қатысуымен жүргiзiледi. ондай мүмкiндiк болмаған жағдайда, қабылдауды бастаған алушы кәсiпорынның басшысы немесе оның орынбасары уәкiлдiк берген адамдар тауарлар сапасы мен жиынтығы бойынша одан әрi қабылдайды. 25. Тауарларды қабылдауға қатыстыру үшiн қабылдауға жататын тауарлардың санын, сапасы мен жиынтығын айқындау мәселелерiне жетiк адамдар /жұмыс жағдайы, білімi, еңбек ету тәжiрибесi бойынша/ тартылуға тиiс. Тауарларды қабылдау комиссиясына кәсiпорындардың басшылары мен олардың орынбасарлары /олар материалдық жағынан жауапты адамдар болмаған жағдайда да/, материалдық құндылықтарды есептеуге, сақтауға, босату мен қабылдауға қатысы бар адамдар, сол кәсiпорындардың заң қызметiнiң қызметкерлерi, мiншiлдер кiре алмайды. 26. Алушы кәсiпорынның басшысы немесе оның орынбасары уәкiлдiк берген адамдардан тұратын комиссияның бiр құрамы тауарларды қабылдауға айына екi реттен артық қатыса алмайды. 27. Тауарларды қабылдауға қатысатын алушы кәсiпорын адамдарының өкiлеттiгi сол кәсiпорын басшысының немесе оның орынбасарының бұйрығымен ресiмделедi. Тауарларды қабылдауға құқық беретiн бұйрықта: а/ тауарларды қабылдауға қатысуға уәкiлдiк берiлген адамдардың тегi, аты-жөнi, лауазымы, бұйрық берiлген күнi мен оның нөмiрi; б/ олар нақты қандай тауарларды қабылдауға қатысуға уәкiлдiк алғаны көрсетiлуi керек. Бұйрық нақтылы тауарлар тобын қабылдауға қатысу құқына шығарылады. Бұйрықты қандай да бiр мерзiмде /онкүндiкке, айға және т.б./ шығаруға рұқсат етiлмейдi. Демалыс немесе мереке күндерi тауарларды қабылдау үшiн бұйрық нақты тауарлар тобын көрсетпей-ақ демалысқа немесе мерекеге бiр күн қалғанда шығарылуы мүмкiн, Бұйрық басшысының қолымен мөрiмен расталуы тиiс.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |