Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң
ҚР Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 829 Жарлығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Конституциясының 78-бабы негiзiнде және дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар Бағдарламасын жүзеге асыру мен әлеуметтiк-экономикалық реформаларды тереңдету мақсатында қаулы етемiн: 1. Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған Ұлттық бағдарламасы бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң Ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі шаралардың кең көлемдi жоспарын, қажеттi нормативтiк құжаттардың тiзбесiн қоса бiр ай мерзiм iшiнде әзiрлеп, бекiтсiн. 3. Министрлiктер мен ведомстволар, мемлекеттік концерндер, корпорациялар мен бiрлестiктер, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi шағын және жаппай жекешелендiру шеңберiнде, сондай-ақ жеке жобалар бойынша 1993 жылы мемлекет иелiгiнен алынуға және жекешелендiрiлуге тиiстi объектiлердiң өзара келісілген тiзбелерiн Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң бекiтуiне бiр ай мерзiм iшiнде енгiзсiн. 1994 және 1995 жылдарға арналған осындай тiзбелер Меммүлiккомына келер жылдың алдындағы қазан айынан кешiктiрмей берiлсiн. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған Ұлттық бағдарламасы Кiрiспе Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|