|
|
|
Қазақстан Республикасында жер қойнауын қорғауды мемлекеттік бақылау (ҚР Үкіметінің 1999.06.19. № 810 Қаулысымен берілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 29 қаулысымен күші жойылды
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 Заң күшi бар Жарлығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасында Жер қойнауын қорғауды мемлекеттік бақылау туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекітілсiн. 2. "Жер қойнауын қорғауға және пайдалануға мемлекеттік бақылау туралы Ереженi бекіту жөнiнде" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 29 қыркүйектегi № 811 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж, № 37, 567-құжат) күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 18 қазандағы № 1284 қаулысымен Бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын қорғауды мемлекеттік бақылау туралы Ереже Жалпы ережелер
1. Бұл Ереже жер қойнауын қорғауға мемлекеттік бақылау жүргiзетiн органдардың негiзгi мақсаттарын, құқықтары мен мiндеттерiн және олардың жауапкершiлiгiн белгiлейдi. ҚР Үкіметінің 1999.06.19. № 810 Қаулысымен 2-тармақ өзгерді 2. Жер қойнауын қорғауға мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Геология және жер қойнауын қорғау комитетінiң мемлекеттік бақылау органдары арқылы жүргiзiледi. 3. Жер қойнауын қорғауға мемлекеттік бақылау жүргiзетiн органдар өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заң актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулыларын және басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi және осы Ереженi басшылыққа алады. ҚР Үкіметінің 1999.06.19. № 810 Қаулысымен 4-тармақ өзгерді 4. Жер қойнауын қорғауға бақылау жүргiзетiн органдарды қаржыландыру республикалық бюджеттің қаражаты есебiнен жүргiзiледi. ҚР Үкіметінің 1999.06.19.№ 810 қаулысымен 4-1-тармақпен толықтырылды Мақсаты 4-1. Жер қойнауын қорғау, пайдалы қазбалар қорларын ұтымды және кешенді пайдалану бөлігінде мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 1999.06.19 № 810 қаулысымен тараумен толықтырылды Жер қойнауын қорғауға мемлекеттік бақылау жүргiзетiн органдар қызметiнiң мақсаттары мен бағыттары
5. Жер қойнауын қорғауды мемлекеттік бақылау органдарының негiзгi мақсаты болып мемлекеттік органдардың және жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының жер қойнауы туралы заңдарын сақтауын қадағалауды қамтамасыз ету болып табылады. Жер қойнауын мемлекеттік бақылау органдарының функциялары ҚР Үкіметінің 1999.06.19. № 810 Қаулысымен 6-тармақ өзгерді 6. Қойылған мақсаттарды орындау үшiн жер қойнауын қорғауды мемлекеттік бақылау органдарына: барлық жер қойнауын пайдаланушылардың бекітілген жер қойнауын қорғау жөніндегі заңмен белгiленген талаптардың сақталуын қадағалауға жер қойнауын пайдаланудың барлық кезеңдерiнде; тиiстi министрлiктермен, мемлекеттік комитеттермен, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп профилактикалық сипаттағы жер қойнауын қорғау туралы заңдардың талаптарын мiндеттi түрде орындауға бағытталған шараларды әзiрлеу; ғылыми-зерттеу институттарымен бiрлесе отырып жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыру кезiнде ғылыми-техникалық негiзделген талаптарды қалыптастыруды; пайдалы қазбалардың жер қойнауын пайдалану объектiлерi бойынша өндiру және аршу жұмыстарын дамытудың, жыл сайынғы жобаларын (жоспарларын), шығындар мен жақсартулардың нормативтерiн қарауды және келiсудi, ал жұмыстардың көлемi мен бағыты бойынша жоба 30% және одан астам елеулi өзгерген жағдайда қайтадан келiсудi жүргiзудi; жер қойнауын қорғау жөніндегі талаптарды бұзуды анықтау және оның себептерiмен туындайтын жағдайларына талдау жасауды; жер қойнауы туралы заңдарды қолдану тәжiрибесiн үнемi жинақтау және оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеудi; пайдалы қазбаларды өндiру кезiнде шығыстарын мемлекеттік есепке алуды талдауды және оларды қайта өңдеу; геологиялық барлау жұмыстарын жүргiзген және пайдалы қазбаларды қосалқы өндiру кезiнде, оның iшiнде өнеркәсiптiк-технологиялық сынау үшiн iрiктеуге арнап, жер қойнауын қорғау және тиiмдi пайдалану жөніндегі ережелер мен нормаларды сақтауға бақылауды; орындалып жатқан геологиялық барлау жұмыстарының және пайдалы қазбаларды өндiрудiң жобалық шешiмдерге шын мәнiнде сәйкес келуiне, пайдалы қазбалардың өндiру кезiнде алынған көрсеткiштерiнiң және барлық пайдалы компоненттердiң негiздiлiгiн бақылауды; пайдалы қазба кен орындарын және олардың жеке учаскелерiн белгiленген тәртiппен жабуға бақылауды; жер қойнауын пайдаланушылардың геологиялық, маркшейдерлiк, техникалық және т.б. құжаттамаларды белгiленген тәртiппен сақтауын бақылауды; жер қойнауын пайдалануға, оның iшiнде өндiрумен байланысты емес мақсаттарға берiлетiн кен орындары мен жер қойнауы учаскелерiнiң пайдалы қазбалар қорларының көлемi мен құрылымын дұрыс бағалау үшiн жер қойнауын озық геологиялық зерделеудi толық қамтамасыз етуге бақылауды; пайдалы қазбаларды толығымен алуды қамтамасыз етуге бақылауды; жер қойнауын су басудан, өрттен және олардың сапасын төмендететiн немесе пайдалануды және кен орындарын игерудi қиындататын т.б. табиғи апат факторларынан сақтауға бақылауды жүзеге асырады; жер қойнауын Барлау, Өндiру, сондай-ақ Өндiрумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салу және пайдалану кезiнде жер қойнауын қауiптi техногендiк процестердiң пайда болуынан алдын ала қорғайтын қоршаған табиғи ортаны қорғау жөніндегі заңдардың талаптарына сәйкес пайдалануды; негiзгi және бiрге жатқан пайдалы қазбалардың алынған және жер қойнауларында қалдырылған қорына тұтас баланстарды жүргiзу үшiн жер қорлары, компоненттер және байыту зауыттарында (фабрикаларында) минералды-шикiзаттар мен өндiрiстiң қалдықтарын қайта өңдеу өнiмдерi есебiнiң дұрыстығын бақылауды, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезiнде, әсiресе мұнайды, газды немесе өзге де заттар мен материалдарды жер астында сақтау, зиянды заттар мен қалдықтарды көму, қалдық суларды ағызу кезiнде, жер қойнауының ластануын болдырмауды; өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарды қоймалау, орналастыру кезiнде олардың су жиналатын алаңдарда және жер асты сулары жатқан жерлерде жинақталуының алдын алу мақсатында экологиялық талаптарды қамтамасыз етудi. Жер қойнауларын қорғауға мемлекеттік бақылау жүргiзетiн орындардың құқықтары
7. Жер қойнауын қорғауды мемлекеттік бақылау органдарына мынадай құқықтар берiледi: жер қойнауын пайдалану объектiлерiне жер қойнауын пайдалану және қорғау мәселелерi бойынша жер қойнауын пайдаланушының бiрiншi басшысының атына олқылықтарды жою туралы тапсырма берумен бiрге тексеру жүргiзуге; тиiстi министрлiктердiң және ведомстволардың мемлекеттік ғылыми-зерттеу институттарының, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың келісімi бойынша олардың мамандарын қажеттi тексерулер жүргiзу үшiн тартуға; жер қойнауын пайдаланушылардың басшыларынан жер қойнауын пайдалануды жүзеге асыру кезiнде жер қойнауын қорғау жөніндегі заңдармен белгiленген талаптарды бұзушылықпен байланысты мәселелер жөнiнде түсiнiктемелер сұрауға; жер қойнауы туралы заңдардың талаптарын бұзған жер қойнауын пайдаланушыларға әкiмшiлiк жаза ретiнде айыппұл салуға, сондай-ақ кiнәлiлердi қылмыстық жауапкершiлiкке тарту үшiн материалдарды құқық қорғау органдарына тапсыруға; белгiленген тәртiппен және заңдарда көзделген жағдайларда жер қойнауын пайдалануға байланысты жұмыстарды тоқтата тұруға және тыйым салуға; министрлiктерге, мемлекеттік комитеттерге және өзге де орталық атқару органдарына жер қойнауын қорғауға мемлекеттік бақылау жүргiзетiн органдардың құзыретiне кiретiн мәселелер жөнiнде ұсыныстар енгiзуге; белгiленген тәртiппен пайдалы қазбалар жатқан алаңда құрылыс салу үшiн алаңдар таңдау жөніндегі комиссияларға қатысуға; жер қойнауын қорғау проблемаларына байланысты апат және өрт түрлерiн (минералды шикiзат қорларын жоғалту, олардың сапасының төмендеуi және т.б.) тергеу жөніндегі техникалық комиссияларға қатысуға; кен-геологиялық жағдайлар күрт өзгерген кезде және бұдан әрi жұмыстарды тиiмдi жалғастыру туралы шешiмдер қабылдау қажеттiлiгi туған кезде дайындық қазу жұмыстары мен тазалау забойларын комиссиялық тексеруге қатысуға құқықтар берiледi. Жер қойнауын қорғауға мемлекеттік бақылау жүргiзетiн органдардың тексерулерiн жүзеге асыру
8. Жер қойнауын қорғауға мемлекеттік бақылау жүргiзетiн органдар тексеру қорытындылары бойынша тексеру актiн жасайды, онда жасалған жұмыстар тiзiмi, олқылықтарға сипаттама оларға әсер еткен себептер, солардың салдарынан болған немесе болатын зардаптар, кiнәлi лауазымды адамдар көрсетiледi, олқылықтарды жою жөнiнде нақты уақыттары белгiленген жазбаша тапсырмалар берiледi. 9. Тексеру актiнiң мазмұнымен жер қойнауын пайдалануды жүзеге асыратын және белгiленген олқылықтар фактілеріне қатысы бар лауазымды тұлғалар мiндеттi түрде танысып, қолын қояды. Тексеру актiсiнiң бiр нұсқасы тексерiлiп жатқан тарапқа тапсырылады. 10. Ұйым басшысы түсiндiрмелерi мен қарсы пiкiрлерi және тексеру актi жер қойнауын қорғауға мемлекеттік бақылау жүргiзетiн аумақтық органның басшысына тапсырылады, ол екi апта iшiнде оны қарап, тиiстi шешiм қабылдауға мiндеттi. ҚР Үкіметінің 1999.06.19. № 810 Қаулысымен 11-тармақ өзгерді 11. Жер қойнауын қорғауға мемлекеттік бақылау жүргiзетiн аумақтық органның тексеру нәтижелерi бойынша қабылданған шешiмiне Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Геология және жер қойнауын қорғау комитетіне немесе сот тәртібімен шағым берiлуi мүмкiн. 12. Жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын қорғауға мемлекеттік бақылау жүргiзетiн органдардың лауазымды тұлғаларына геологиялық, гидрогеологиялық, өндiрiстiк-техникалық, жобалық-сметалық және өзге де құжаттамаларын беруге, жер қойнауын қорғау мәселелерi жөнiнде түсiнiктемелер беруге, тексеру жүргiзу үшiн (көлiк, қызмет және тұрғын үйлермен, байланыс құралдарымен қамтамасыз ету), сондай-ақ барланған, өндiрiлген, тиелiп жөнелтiлген және өңделген минералды шикiзаттарды тiкелей тексерiлiп жатқан объектiде бақылау анықтамасын жасау үшiн қажеттi жағдайлар жасауға мiндеттi. 13. Жер қойнауын қорғауға мемлекеттік бақылау жүргiзетiн органдар өз жұмыстарын жергiлiктi атқару органдарымен тығыз қарым-қатынаста жүргiзуi керек. ҚР Үкіметінің 1999.06.19. № 810 Қаулысымен 14-тармақ өзгерді 14. Жер қойнауын қорғауға мемлекеттік бақылау жүргiзетiн органдар оларға жүктелген мiндеттердiң уақытында және дұрыс жүзеге асырылуы үшiн, мемлекет мүдделерiнiң жер қойнауын пайдалану мәселелерiнде жер қойнауының иесi ретiнде қатаң сақталуы үшiн жауапкершiлiкте болады. Жер қойнауын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың белгiленген үлгiдегi куәлiгi болуы тиiс. 15. Жер қойнауын қорғауға мемлекеттік бақылау жүргiзетiн органдарға осы Ережеде көзделген жүктеулер Құзырлы органдар мен жер қойнауын пайдаланушыларды жер қойнауын қорғау жөніндегі белгiленген талаптардың орындалуын жүйелi түрде бақылау мiндетiнен босатпайды және ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүзеге асырушы азаматтардан жер қойнауын пайдалану тәртібін сақтау үшiн жеке жауапкершiлiктi алып тастамайды. ҚР Үкіметінің 1999.06.19. № 810 қаулысымен Жаңа 16-17-тармақтармен толықтырылды 16. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қандай да болмасын лауазымды тұлғаның немесе органның жер қойнауын қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру процесіне араласуына жол берілмейді. 17. Лауазымды тұлғалардың жер қойнауын қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қызметтік міндеттерді орындауға кедергі келтіретін заңсыз іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соқтырады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |