|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 6 ақпандағы № 169 Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: "Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешенiне шет ел инвестицияларын тарту және "Амоко" (АҚШ) компаниясымен экономикалық ынтымақтастықты кеңейту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 6 ақпандағы № 169 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн: 2-тармақтың бiрiншi абзацы алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: "3. "Амоко" компаниясына" тараптардың келісімi бойынша оның мүмкiн болатын ұзартылуымен жиырма ай мерзiмге: Оңтүстiк Ембi блоктарын барлау және игеру жөніндегі; Каспий теңiзi қазақстандық секторының төрт блогын барлау және игеру жөніндегі; "Қазақстанкаспийшельф" акционерлік қоғамы мен консорциумның шетелдiк қатысушыларының арасында келiссөз жүргiзiлiп жатқан Каспий шельфiнiң қазақстандық секторын игеру кезiнде өнiмдердi бөлiсу туралы Келісімнiң шарттары бойынша "Қазақстанкаспийшельф" акционерлік қоғамы мердiгердiң үлесiнен ала алатын қатысу үлесiнен процент алу туралы Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлігі мен "Амоко" компаниясының арасындағы Келісім жөніндегі жобалар бойынша Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлігімен келiссөздер жүргiзуге эксклюзивтi құқық берiлетiн болады". 3-тармақ 4-тармақ болып саналсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |