| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзiрбайжан Республикасының Үкіметі арасында Зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдi бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. 1996 жылғы 16 қыркүйекте Бакуде қол қойылған Зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзiрбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Келісім бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі Әзiрбайжан Тарапын Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған шешiм туралы белгiленген тәртiппен хабардар етсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |