|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 18 қазандағы № 1284
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 29 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасында жер қойнауын мемлекеттік бақылау туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 18 қазандағы № 1284 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 42, 402-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында жер қойнауын қорғауды мемлекеттік бақылау туралы ережеде: 2-тармақтағы "министрлігінің" деген сөз "комитетінің" деген сөзбен ауыстырылсын, "Қазақстан Республикасының" деген сөздерден кейін "Табиғи ресурстар және қоршаған ортан қорғау министрлігі" деген сөздермен толықтырылсын. 4-тармақтағы "мемлекеттік бюджет аударымдарының" деген сөздер "Республикалық бюджеттің қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын; "Жалпы ережелер" тарауынан кейін мынадай мазмұндағы тараумен және 4-1-тармақпен толықтырылсын; "Мақсаты 4-1 Жер қойнауын қорғау, пайдалы қазбалар қорларын ұтымды және кешенді пайдалану бөлігінде мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз ету"; "Жер қойнауын қорғауға мемлекеттік бақылау жүргізетін органдар қызметтерінің міндеттері мен бағыттары" тарауында: 5-тармақтан кейін мынадай мазмұндағы тараумен толықтырылсын: "Жер қойнауын мемлекеттік бақылау органдарының функциялары"; 6-тармақта: екiншi абзац "жер қойнауын пайдаланудың барлық кезеңдерiнде" деген сөздермен толықтырылсын; бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "пайдалы қазбалардың жер қойнауын пайдалану объектiлерi бойынша өндiру және аршу жұмыстарын дамытудың, жыл сайынғы жобаларын (жоспарларын), шығындар мен жақсартулардың нормативтерiн қарауды және келiсудi, ал жұмыстардың көлемi мен бағыты бойынша жоба 30% және одан астам елеулi өзгерген жағдайда қайтадан келiсудi жүргiзудi"; сегiзiншi абзац "және оларды қайта өңдеу" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: "жер қойнауын Барлау, Өндiру, сондай-ақ Өндiрумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салу және пайдалану кезiнде жер қойнауын қауiптi техногендiк процесстердiң пайда болуынан алдын ала қорғайтын қоршаған табиғи ортаны қорғау жөніндегі заңдардың талаптарына сәйкес пайдалануды; негiзгi және бiрге жатқан пайдалы қазбалардың алынған және жер қойнауларында қалдырылған қорына тұтас баланстарды жүргiзу үшiн жер қорлары, компоненттер және байыту зауыттарында (фабрикаларында) минералды-шикiзаттар мен өндiрiстiң қалдықтарын қайта өңдеу өнiмдерi есебiнiң дұрыстығын бақылауды, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезiнде, әсiресе мұнайды, газды немесе өзге де заттар мен материалдарды жер астында сақтау, зиянды заттар мен қалдықтарды көму, қалдық суларды ағызу кезiнде, жер қойнауының ластануын болдырмауды; өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарды қоймалау, орналастыру кезiнде олардың су жиналатын алаңдарда және жер асты сулары жатқан жерлерде жинақталуының алдын алу мақсатында экологиялық талаптарды қамтамасыз етудi"; 11-тармақта "министрлігіне" деген сөз комитетiне деген сөзбен ауыстырылсын, "Қазақстан Республикасының" деген сөздерден кейiн Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі" деген сөздермен толықтырылсын; 14-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толтырылсын. "Жер қойнауын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың белгiленген үлгiдегi куәлiгi болуы тиiс"; Мынадай мазмұндағы 16 және 17-тармақтармен толықтырылсын: "16. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қандай да болмасын лауазымды тұлғаның немесе органның жер қойнауын қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру процесіне араласуына жол берілмейді. 17. Лауазымды тұлғалардың жер қойнауын қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қызметтік міндеттерді орындауға кедергі келтіретін заңсыз іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соқтырады". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |