|
|
|
Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорықтық аймақтағы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 29 қаулысымен күші жойылды
"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгіндегі мемлекеттік қорықтық аймақтағы Арнаулы экологиялық талаптар (бұдан әрi - Арнаулы талаптар) бекітілсiн. 2. Арнаулы талаптар Каспий теңізiнiң солтүстiк бөлiгiндегі мемлекеттік қорықтық аймақтың аумағында iс-әрекетiн жүзеге асыратын барлық жеке және заңды тұлғалардың атқаруы үшiн мiндетті болып табылады деп белгіленсiн. 3. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгі мен қоршаған ортаны қорғауды, сондай-ақ табиғи ресурстарды қорғауды және пайдалануды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын басқа да арнайы өкiлеттiгі бар органдар Арнаулы талаптардың нормалары сақталуын бақылауды қамтамасыз етсiн. 4. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бiрлесiп заңдарда белгiленген тәртiппен Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiндегі мемлекеттік қорықтық аймақты нақтыланған өңірлерге бөлудi қамтамасыз етсiн және 2000 жылдың 1 шiлдесiне дейiн мерзiмде оларды бекіту жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметіне ұсыныстар енгізсiн. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 31 шiлдедегi № 1087 қаулысымен бекітілген Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгіндегі мемлекеттік қорықтық аймақтағы Арнаулы экологиялық талаптар 1. Жалпы ережелер 1. Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгіндегі мемлекеттік қорықтық аймақтағы Арнаулы экологиялық талаптар (бұдан әрi - Арнаулы талаптар) "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес әзiрлендi. 2. Арнаулы талаптар Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1974 жылға 30 сәуiрдегі № 252 "Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiнде қорықтық аймақ жариялау туралы" және 1978 жылғы 13 шiлдедегi № 284 "Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiнiң қорықтық аймағына Жайық өзенiнiң айдыны мен атырабын қосу туралы" қаулыларымен айқындалған шекаралардағы Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiндегі мемлекеттік қорықтық аймақтың аумағында қолданылады. Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгіндегі мемлекеттік қорықтық аймақ аумағының режимi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айқындалады. 3. Арнаулы талаптар теңiздiк iздеу-барлау жұмыстарының бүкiл кешенiне, оның iшiнде: 1) бұрғылау негiздемелерiн, қондырғылар мен теңiз инфрақұрылымдарын жобалауға және салуға; 2) скважиналар мен бұрғылау негіздерiн жасауға, сынауға, консервациялауға немесе жоюға; 3) материалдық-техникалық қамтамасыз етуге, көлiк тасымалына және қалдықтармен жұмыс iстеуге; 4) жағалық инфрақұрылымды жобалауға, салуға, пайдалануға және пайдаланудан шығаруға қолданылады. 4. Теңiздiк iздеу-барлау бұрғылауын жүргiзудiң алдында әлемдiк тәжiрибенi ескере отырып, қоршаған ортаға әсердi бағалауды (ҚОӘБ) қоса алғанда, фондық зерттеулердi жүргiзуге байланысты жұмыстардың аудандық экологиялық картасын жасауды және экологиялық ерекше сезiмтал аймақтарды анықтауды көздейтiн жұмыстардың жобасы дайындалуы керек. 5. Осы Арнаулы талаптардың 5-тармағында көрсетiлген жобалық құжаттар мемлекеттік экологиялық сараптаудан өткiзiлуi тиiс, және қоршаған ортаны қорғауды, сондай-ақ табиғи ресурстарды қорғауды және пайдалануды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының арнайы өкiлеттiгі бар органдарымен (бұдан әрi - Уәкiлеттi органдар) келісілуi керек. 6. ҚОӘБ-ның мiндеттi нысанасы теңiз айдынының және жағалаудағы аймақтың ерекше осал биологиялық сезiмтал учаскелерiнде теңiздiк iздеу-барлау бұрғылауынан бас тартуды қоса алғанда, баламаларға талдау жасау болып табылады. ҚОӘБ айдынның қанаттас учаскелерiнде бiр мезгiлде жүргiзiлiп жатқан мұнай операцияларын мiндетті түрде ескере отырып, олардың қоршаған жиынтық ықпалын айқындау мақсатымен орындалуы тиiс. ҚОӘБ-да жұмыстар бiрқалыпты жүргізiлген кезде және авариялық жағдайлар кезiнде теңiздiк iздеу-барлау бұрғылауының экологиялық салдарын болжау қарастырылуы тиiс. 7. Арнаулы талаптарда Операторлар деп Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметтiң тиiстi түрiн жүргiзуге құқығы бар тұлға ұғынылады. Арнаулы талаптарда Құзыретті орган деп Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген, жер қойнауын пайдалану жөнiндегі мемлекеттік орган ұғынылады. 2. Жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу 8. Теңiздiк iздеу-барлау бұрғылауын бастау үшiн мiндеттi шарт мыналар болуға тиiс: 1) жұмыстардың экологиялық қауiпсiздiгін, оның iшiнде авариялық жағдайларда қамтамасыз етудiң Уәкiлеттi органдармен келісілген iс-қимыл рәсiмi мен жоспарлары жөнiнде құжаттарының болуы; 2) Оператордың өкiлеттi органдардың тиiстi актілерімен бекітілген, материалдық базасының және оқытылған кадрларының кез келген күтпеген жағдайларды, оның iшiнде мұнайдың және оның қосындыларының төгiлуiн қоса алғанда, зардаптарды болдырмау және жою үшiн қажеттi толық дайындығының болуы. 9. Уәкiлеттi органдармен келісілген жұмыстардың технологиясы тиiстi мониторинггiң нәтижелерi бойынша белгiленген тәртiппен түзетiлуi мүмкiн. 10. Бұрғылау жұмыстарын жүргізуге Арнаулы талаптарда көрсетiлген шектеулердi қоспағанда, бiр жылдың iшiнде рұқсат берiледi. 11. Айдындағы мұз қабаты кеме қатынауға болатын жағдайда бұрғылау баржасынан немесе платформасынан бұрғылау жұмыстарын жүргiзу, жағалаудағы базалардан арнаулы құралдар жеткiзiлетiн және көмiрсутегiнiң төгiлуiн тыю жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыру үшiн бұрғылау орнының жанында жеткiлiкті мөлшерде ашық су кеңiстiгін қамтамасыз ететiн сәтке дейiн, көмiрсутегiнiң болуы мүмкiн төгiлуiн тұмшалау үшiн қажеттi жабдықтары бар мұзжарғыш түрiндегі кеменiң ұдайы бiрге болуымен қамтамасыз етiлуi тиiс. Осы тармақта көрсетiлген талап жасанды аралдарда жүргізiлiп жатқан бұрғылау жұмысына қолданылмайды. 12. Тұз астындағы өнiм беретiн қабатты ашуға және көмiрсутегiнiң төтенше қысымды және өте жоғары мөлшерi болжанып отырған скважиналарды сынауға теңiзде мұз қалың қатқан жағдайларда ұсыныс жасалмайды. 13. Теңiздiң болуы мүмкiн ластануына жол бермеу үшiн бұрын бұрғыланған скважиналарға, су астындағы құбыр желiлерiне, өнеркәсiп қалдықтары орналасқан орындарға жақын жерден бұрғылау негіздемелерiн салу және теңiздiк iздеу-барлау бұрғылауын жүргізу өкiлеттi органдардың арнаулы алдын ала экологиялық карта жасау материалдары негiзіндегі рұқсаты бойынша ғана жүзеге асырылады. 14. Лицензия берiлген аумақтың шегiнде бұрын бұрғыланған скважина байқалған жағдайда, Оператор скважина оқпанының тұрған орнын дәл анықтауға және белгiленген тәртiппен, бұл деректi құзыретті органға тапсыруы тиiс. 15. Теңiз кемелерi мен құрғақта жүретiн құралдар бара алмайтын 0 м-ден 2 м-ге дейiн тереңдiктегi суы тайыз және ауыспалы аймақтарда бұрғылау негiздемесiн салу дербес жобаның немесе жалпы жобаның арнаулы бөлiгiнiң және теңiз түбiнiң бүлiнуiн және биологиялық жүйеге нұқсан келуiн мейлiнше азайтатын ҚОӘБ негізiнде ғана жүгiзiлуi мүмкiн. 16. Скважиналарды бұрғылау жүргізiлетiн жұмыстардың экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн, сыннан өткен озық технологиялар негiзiнде жүзеге асырылуы тиiс. 17. Сынақтар аяқталған соң скважиналарды консервациялаған жағдайда Оператор бұрғылаудың негіздемесi сақталуын және жұмыстар қайта басталатын сәтке дейiн скважиналардың сенiмдi герметизациясын қамтамасыз етуге мiндетті. 18. Yйiлген негiздемеден (су асты бермасынан немесе аралдан) бұрғыланған скважиналарды жою кезiнде оператар олардың герматизациялануын және көмiрсутегiмен және химиялық заттармен болуы мүмкiн ластанудан оны алдын ала тазарта отырып, жасанды негiздеменiң жай-күйiн бақылауды қамтамасыз етуi тиiс. Арал немесе берма шайылып кеткен жағдайда, Оператор ол (негiздеме) жер табаны бедерiнiң жалпы деңгейiмен бiржола тегістелгенше, оны қадамен немесе бақанмен белгiлеп қоюға мiндеттi және кеме жүзуi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында теңiз карталарына түсiру үшiн олардың тұрған орынын өкiлеттi органдарға тапсыруға мiндеттi. 19. Кез келген түрдегі платформадан бұрғыланған скважиналарды жойған кезде, олардың қаңқасы толықтай қайта бұзылуы және алып тасталуы тиiс, ал герматизацияланған скважиналардың бастары балық аулауға және кеме жүзуiне бөгет болмас үшiн жер табаны деңгейiнде кесiп тасталуы керек. 20. Сондай-ақ скважиналарды сынау кезiнде көмiрсутегі мен газдың алауда өртелуiн барынша шектеу және ең аз мөлшерге жеткiзу керек. Экологиялық сараптаманың қорытындысы көмiрсутегiн жоюдың осы тармақта көрсетiлген әдiсiн барынша қауiпсiз деп таныған жағдайда, оны түтiннiң сiлемi таралып кетуiне қолайлы ауа райы жағдайында қолдану керек. 21. Құрылыс салу және өзге де жұмыстардың кез келген түрлерiн жүргiзген кезде, өкiлеттi органдардың арнайы рұқсаты бойынша скважиналарды жойғанда бұрғылау жабдықтарын бұзу жағдайларын қоспағанда, судың iшiнде және теңiздiң табанында жару әдiстерiн пайдаланүға тыйым салынады. 22. Бұрғылау базаларын, оның iшiнде жанар-жағар материалдары қоймаларын, көлiк құралдарына техникалық қызмет көрсететiн станциялар, т.б. салу қорықтық аймақтан тыс, қолда бар инфрақұрылымды барынша пайдалану арқылы жүзеге асырылуы тиiс. 23. Жағадағы инфрақұрылым объектiлерiнiң жұмысы аяқталған соң, жердiң қайта өңделуi Уәкiлетті органдармен келісілген жобаға сәйкес жүргiзiлуi тиiс. 3. Қалдықтармен жұмыс iстеу 24. Теңiздiк iздеу-барлау бұрғылауының бүкiл кезеңiнде iс-әрекеттiң барлық түрлерi (құрылыс салу, бұрғылау, көлiк операциялары) барысында пайда болатын өндiрiстiң сұйық және қатты қалдықтарын, бұрғылау қазындылары мен ерiтiндiлердi қоса, теңiзге лақтыруға немесе оның түбiнде жинауға тыйым салынады. 25. Уәкiлеттi органдардың рұқсаты бойынша теңiзге ластанбаған немесе тазартылған ағын судың шектеулi мөлшерiн ағызуға рұқсат етiледi. 26. Бұрғылау қалдықтарын (оның iшiнде тұз аралас бұрғылау қазындыларын) жер қойнауына қайта айдау Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Уәкiлеттi органдардың арнаулы рұқсаты бойынша жобаға сай жүзеге асырылады. 27. Бұрғылаудың айналысқа қосылмайтын және жер қойнауына қайта айдалмайтын қалдықтарын (қазындылар мен ерiтiндiлер) залалсыздандыру және сақтау жөнiндегі барлық операциялар құрғақта, арнаулы жабдықталған полигонда, қорықтық аймақтан тыс жүзеге асырылуы тиiс. Көрсетiлген операциялар Уәкiлеттi органдармен келісім бойынша жүзеге асырылуы тиiс және бұрғылау жұмыстары басталар сәтке дейiн құрылыстың аяқталуын қамтамасыз етуi керек. 28. Өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтардың, улы және басқа зиянды және ластандырушы заттардың полигондарын су толқындары жетуi мүмкiн аймақтардың шегiнде орналастыруға тыйым салынады. 29. Бұрғылау платформасы (баржа) мен оған қызмет көрсететiн кеме ағын суларды тазартатын және заласыздандыратын қондырғымен немесе оларды жинайтын, сақтайтын және кейiннен ағын суларды арнаулы кемеге немесе жағалаудағы қабылдау қондырғыларына тапсырып беретiн құрылғысы бар кемемен жабдықталуы тиiс. Қоқыстарды жинау және өңдеу (ұнтақтау немесе сығымдау) үшiн қондырғы, не қоқсықты өртейтiн құрылғы қарастырылуы керек. 4. Қозғалыс 30. Ерекше сезiмтал экологиялық аудандарға зиянды әсер тигiзбеу үшiн теңiздiк iздеу-барлау бұрғылауына байланысты операцияларға қатысатын кемелердiң теңiздiк iздеу-барлау бұрғылауы алаңдарына және жағалаудағы базаларға қатынауы Уәкiлеттi органдармен келісілген кеме жүру тәртібіне сәйкес жүзеге асырылуы тиiс. 31. Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiндегі мемлекеттік қорықтық аймақтың жағалауы бойында жолдар салу және пайдалану Уәкiлеттi органдармен келісілген жұмыстардың жобасында қарастырылуы керек. Көлiк құралдарының, осы тармақта көрсетiлген жобада белгiленген және қолданып келген әкiмшiлiк жолдары торабынан тыс, кез келген қозғалысына, шұғыл жағдайларды қоспағанда (авариялық немесе медициналық жағдайларды), тыйым салынады. 32. Жағалаудың ылғалды учаскелерiнде (су басып кететiн аумақтарда) және жағалаудағы тайыз суларда қажет болған жағдайда топырақ-өсiмдiк қыртысының және сақталып келген биоценоздардың бiртұтастығын барынша аз денгейде бұзатын арнаулы көлiк құралдарын (доңғалақ қысымдары төмен, ауа жастығын пайдаланатын, т.б.) пайдалануға рұқсат етiледi. 5. Қауiптi материалдар 33. Кез келген әлеуетті улы заттарды теңiздiк iздеу-барлау бұрғылауы процесiнде және онымен бiрге жүретiн операцияларда (оның iшiнде аварияларды жою кезiнде) пайдалануға және сақтауға улылық сертификаты бар болса және Қазақстан Республикасының заңдарына сай Уәкiлеттi органдармен алдын ала келісілген жағдайда ғана рұқсат етiледi. 34. Жанар және жағар материалдарды, ерiткiштер мен өзге де зиянды материалдарды құю, сақтау, пайдалану, тасымалдау жөнiндегі барлық операциялар бақылау арқылы, қатаң есептiк құжаттар болып табылатын арнаулы журналдарға, оларды тиiсiнше енгiзе отырып жүргiзiлуi тиiс. 35. Кемелерге теңiзде май құйғанда көмiрсутегiлердiң төгiлуiне және ағуына жол берiлмеуi тиiс. 36. Айлақтар мен базалардың жабдықтау, техникалық қызмет көрсету және май құю жөнiндегі операциялар қауiпсiз түрде жүзеге асырылатындай болып жоспарлануы керек. 6. Биоресурстарды сақтау жөніндегі арнаулы iс-шаралар 37. Каспий теңiзiне жануар-жәндiктердiң көшпелi түрлерi таралып кетуiн болдырмау үшiн санитарлық бақылаудың жалпы жүйесi сақталмаған, бұрын өзге су бассейндерiнде жұмыс iстеген жабдықтар мен аппараттарды, сондай-ақ көлiктер мен өндiрiстiк кемелердi және құралдарды пайдалануға тыйым салынады. 38. Қорықтық режимдегi аумақта теңiздiк iздеу-барлау бұрғылауын жүргiзуге жол берiлмейдi. 39. Балықтардың қалыпты ұрық тастауын және олардың жас өркендерiнiң теңiзге қайтып келуiн қамтамасыз ету үшiн сәуiрдiң 1-нен шiлденiң 15-i аралығындағы кезеңде 1994 жылы 1 қаңтарда, Ембi өзенiнiң сағасын қоса алғанда, тыйым салынған кеңiстiктен шығысқа қарайғы шекаралар арасында белгiленген Жайық пен Едiл өзендерi сағасындағы аудандарда 50 км. шеңберде сағалардан теңiзге неғұрлым сұғына кiрген тұстарда және жағалау бойынан кеңдiгi 15 км. аралықта бұрғылау негiздемелерiн салуға, скважиналарды сынауға және кемелердiң жүзуiне тыйым салынады. Көрсетiлген кезеңде бұрғылау процесi жабдықтармен, химиялық реагенттермен, жағар-жанар және басқа материалдармен, азық-түлiкпен автономды түрде қамтамасыз етуге көшiрiлуi тиiс. Сондай-ақ бұрғылау қалдықтарын жинауды және сақтауды, оларды тыйым салу кезеңi бiткеннен кейiн шығарып тастауды қамтамасыз ететiн барлық шаралар қабылдануы керек. Дәл осы мақсатпен көрсетiлген аймақтарда, қазанның 1-30-ы аралығында табандық тереңдету және құрылыс жұмыстарына тыйым салынады. Құстарды ұя салатын мекендерiнде сақтау мақсатында: қамыс нуларында, құмдауытты жағалау қойнаулары мен аралдарда 1 сәуiрден 15 шiлдеге дейiнгі аралықта бұрғылау негіздемелерiн және қондырғылар орнату жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге, сондай-ақ скважиналарды сынауға тыйым салынады. 40. Құрлық пен теңiз шекарасындағы қамысты нулардың (табиғи биологиялық сүзгілердiң) шеңберiнде жұмыстарды жүргiзу жыл маусымын есепке ала отырып, Уәкiлетті органдардың арнаулы шешiмдерiмен реттеледi. 41. Каспий итбалығының өсiп-өнуiн сақтау үшiн бұрғылау негіздемелерiн және қондырғылар салу, итбалықтардың мазасын алатын өзге де операцияларды жүргiзу қазаннан маусым айына дейiн итбалықтардың шоғырланып жатқан орындарына әсер етпейтiндей жағдайда жүзеге асырылуы тиiс. Олардың мекендерi өзгеруiне қарай, жануарлардың шоғырланған орындарын анықтау үшiн алдын ала барлау жүргізiлуi керек. 42. Құстар мен итбалықтардың мазасын алуды болдырмау үшiн олар мекендейтiн және өнiп-өсетiн белгілi жерлердiң үстiнен, арнаулы бақылаулар жүргізу жағдайларын қоспағанда, 1 км биiктiктен төмен әуе көлiгiнiң ұшып өтуіне тыйым салынады. 43. Пайдаланылатын жабдықтардың және көлiк құралдарының шуылы мен дiрiлiнiң деңгей нормалардан аспауы тиiс. 7. Экологиялық мониторинг 44. Теңiздiк iздеу-барлау бұрғылауына арналған жобалық құжаттамаларда және ҚОӘБ материалдарында жұмыстардың бүкiл кешенi үшiн, олар басталғанға дейiнгi алдын ала фондық зерттеулердi, жұмыстар жүргiзiлiп жатқан кездегі бақылауды (антропогендiк әсер ету көздерiн қоса) және олар аяқталғаннан кейiнгі бақылауларды, сондай-ақ төтенше оқиғалар жағдайындағы мониторингін қоса алғанда, қоршаған ортаның толыққанды мониторингiн жүргізу көзделуi керек. 45. Мониторингтің бағдарламасын Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы мақұлдауы және өз учаскелерiнде Операторлар алған нәтижелердiң салыстырмалылығы және ауыстырмалылығы қамтамасыз етiлуi тиiс. Мониторингтің барлық станцияларында GPS жүйесiне жер серiгі арқылы байланысқа шығу қамтамасыз етілуi керек. 46. Мониторингтiң нәтижелерi тiркеу, қорытындылау және станциялардың каталогын жасау үшiн Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органына тапсырылады және авторлық құқықтар сақталған жағдайда Операторлардың рұқсатымен барлық пайдаланушылар үшiн ашық және еркiн болуы тиiс. 47. Мониторинг жүргізiлген кезде Оператор бақылаулардың ұзақ мерзiмдi тiзбегін жалғастыру мақсатында өзiнiкiнен басқа, станцияларды және жұмыстар алаңында және оның төңiрегінде орналасқан станциялардың бұрын жүргізген бақылау материалдарын (лицензиялық блоктың шегiнде) пайдалануы тиiс. 48. Алаңда өткен жылдарда бақылаулар жүргізген станциялардың лицензиялық блогының болуы, бақылаулардың мерзiмi бiр жылдан асып кеткен жағдайда, Оператордың өзiнше фондық және мониторингтік зерттеулер жүргізуi қажеттiгiн жоққа шығармайды. 8. Көмiрсутегi төгілген жағдайдағы iс-шаралар мен кепiлдiктер 49. Әрбiр Оператордың көмiрсутегі төгілген жағдайда (күтпеген жағдаяттарда) Уәкiлеттi органдармен келісілген және бекітілген iс-қимыл жоспары болуы мiндеттi, онда жауап шаралар және көмiрсутегінiң кездейсоқ төгілуiнен немесе өзге де ластаушылардың теңiзге немесе жағалау бойына төгілуiнiң зардаптарын жеңiлдету кезiнде пайдаланатын нақты рәсiмдер белгiленедi. Көмiрсутегі төгілген жағдайдағы көрсетiлетiн iс-қимыл жоспарында: 1) төгілiстiң алаңы мен болжамды таралуы компьютерлiк есептеу негiзiнде көрсетiлген, көмiрсутегінiң ықтимал төгiлу жағдайларының талдамасы; 2) елдi мекендердiң, сезiмтал табиғи объектілердiң, жағадағы доктар мен құю станцияларының, өндiрiлген көмiрсутегін және көмiрсутегі қалдықтарын сақтайтын орындар мен олардың ара қашықтығы көрсетiлген карта; 3) фонтан түрiнде болсын, ағып шығу жағдайында болсын көмiрсутегінiң төгілуiн тоқтатуға пайдаланылатын жабдықтардың, теңiз көлiк құралдарының және оқытылған қызметкерлердiң тiзбесi қоса қамтылған, барлық қажеттi мәлiметтер болуы тиiс. 50. Оператор бiрiншi деңгейдегi төгiлiстi жою үшiн - теңiздегі құрылыс-жайында және/немесе ұдайы бiрге болатын кемесiнде барлық қажеттi материалдар мен жабдықтарды; жағадағы базада немесе басқа жерлерде - екiншi деңгейдегі төгiлiстi жоюға арналған материалдар мен жабдықтар, сондай-ақ үшiншi деңгейдегi төгiлiстi жою үшiн - қажеттi жабдықтар мен материалдардың дер кезiнде жеткiзiлетiнiне кепiлдiк ететiн, берермендермен жасалған шарттары болу тиiс. 51. Оператор Уәкiлетті органдардың өкiлдерiн тарта отырып, теориялық сабақтар мен нақты жағдайларға барынша жақындатылған практикалық жаттығулар жүргiзу арқылы, өзiнiң өндiрiстiк қызметкерлерi мен жағалаудағы қызмет адамдарын оқытып отыруға мiндеттi. 52. Операторда көмiрсутегi төгiлiстерiне қарсы күресте көбiнесе қолданылатын заттар мен материалдардың Уәкiлеттi органдармен келісілген, көмiрсутегi төгiлген кезде қолданудың әртүрлi жағдайларында олардың улылығы мен болжамды күштiлiгi жөніндегі деректер көрсетiлген тiзбесi болуы тиiс. 53. ЬIдыратқыш заттарды пайдалануды Уәкiлетті органдардың келісімi бойынша Оператордың жүзеге асыруы мүмкiн. 54. Көмiрсутегi төгiлгенде жедел әрекет ету мақсатында Уәкiлеттi органдарға хабарлаудың рәсiмдерi белгiленген болуы тиiс. 55. Көмiрсутегiнiң төгiлуiн байқаған кезде Оператор көмiрсутегiнiң төгiлуiн жою үшiн дереу әрекет ете бастауы тиiс. 56. Тiкелей кемеден немесе бұрғылау қондырғысынан көмiрсутегi немесе оның өнiмдерi немесе өзге заттар аз мөлшерде төгiлген жағдайда, әрқашан бортта сақталуы мен жарамдылығы толық қамтамасыз етiлген, сенiмдi түрде оралған сорғыш (адсорбир) материал болуға тиiс. 57. Оператор күтпеген жағдайлардың, оның iшiнде көмiрсутегі төгiлуiнiң салдарынан қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына келтiрiлген зиянның орнын толтыру үшiн жауаптылықта болады. 9. Экологиялық сараптама және жұртшылықтың қатысуы 58. Теңiздiк iздеу-барлау бұрғылауының жобалары жөніндегі техникалық-экономикалық құжаттамалар, ҚОӘБ-ды қоса алғанда, мемлекеттік экологиялық сараптауға жатады. Мемлекеттік экологиялық сараптаудың оңды қорытындысы теңiздiк іздеу-барлау бұрғылауын жүргiзуге рұқсат беру үшiн негіз болады. 59. ҚОӘБ жөнiндегі құжатты дайындау процесiнде жергiлiктi тұрғындардың пiкiрiн зерделеу мақсатында қоғамдық тыңдау өткiзiлуi тиiс. 60. Тыңдауды жобаның бастамашылары ұйымдастырады. Қоғамдық тыңдаудың нәтижелерi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және жобаны әзiрлеген кезде Уәкiлеттi органдар ескеретiн болады. 61. Оператор авариялық жағдайлардың пайда болған барлық жәйттерiн және оларды, оның iшiнде көмiрсутегiнiң төгiлуiн жою жөнiндегі әрекеттердi бұқаралық ақпарат құралдарында дер кезiнде жариялауды қамтамасыз етедi. 10. Бақылау және жауапкершiлiк
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |