|
|
|
Теңiзшi паспорты туралы ереженi бекіту жөнiнде Қазақстан Республикасы
ҚР Үкіметінің 2005.18.11. № 1134 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Берiлiп отырған Теңiзшi паспорты туралы ереже бекітілсiн және ол 1995 жылдың 1 қаңтарынан күшiне енгiзiлсiн. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Сыртқы iстер министрлігінiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң және Iшкi iстер министрлігінiң келісімi бойынша теңiзшi паспортының үлгiсiн Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің бекітуiне ұсынсын. 2. СССР Министрлер Советiнiң 1974 жылғы 31 желтоқсандағы № 997 қаулысымен бекітілген Теңiзшi паспорты туралы ережеге сәйкес берiлген теңiзшi паспорттарын жаңаларымен ауыстыру 1996 жылдың 1 қаңтарына дейiн жүргiзiлетiн болсын. 3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі "Балық" мемлекеттік акционерлік компаниясының өтiнiмiн ескере отырып, теңiзшi паспорттары бланкiлерiнiң қажеттi санына тапсырыс жасайтын болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 1 қыркүйектегi № 977 қаулысымен Бекiтiлген Теңiзшi паспорты туралы Ереже 1. Теңiзшi паспорты шетелге баратын қазақстандық кемелерде немесе шетелдiк кемелерде жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасының азаматтарына берiледi. Теңiзшi паспорты шетелде де, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегiнде де оның иесiнiң жеке басын куәландыратын құжат болып табылады. 2. Теңiзшi паспортының иесiне кеме құрамына кiрген адам ретiнде кемемен Қазақстан Республикасынан кетуiне және Қазақстан Республикасына келуiне, сол сияқты шетелде жүрген өзiнiң кемесiне жеке бара жатқанда Қазақстан Республикасынан шығуына және Қазақстан Республикасына дәл осындай тәртiппен келуiне рұқсат етiледi. 3. Теңiзшi паспортында оның иесi Қазақстан Республикасының азаматы екендiгi көрсетiледi және паспорт иесiнiң жеке басы туралы төмендегiдей мәлiметтер келтiрiледi: фамилиясы, аты, әкесiнiң аты; туған күнi, айы және жылы; туған жерi; белгiлерi; кеме мен кеме иесiнiң аты, өзiнiң атқаратын қызметi. 1958 жылғы теңiзшiлердiң жеке басын ұлттық куәландыру туралы Конвенция мақсатына сай теңiзшi паспортында бұл құжаттың теңiзшiнiң жеке басын куәландыратын құжат екендiгi жазылады. Теңiзшi паспортында паспортты берген порттың (пароход шаруашылығының) аты, паспорттың берiлген уақыты мен қолданыс мерзiмi көрсетiледi, сондай-ақ паспорттың қолданыс мерзiмiнiң ұзартылғаны туралы, паспорт иесiнiң қызмет жағдайындағы өзгерістер туралы, паспорт иесiнiң шетелге барғаны мен Қазақстан Республикасына қайтып оралғаны жөнiнде белгiлер соғылады. Теңiзшi паспортында паспорт иесiнiң фотосуретi мен қойылған қолы болады. Теңiзшiнiң паспортына бұдан басқа мәлiметтер енгiзуге болмайды. 4. Теңiзшi паспорты бес жылға берiледi. Оның күшi бiр рет үш жылға ұзартылуы мүмкiн, ол уақыт бiткен соң паспорт ауыстырылуы керек. 5. Теңiзшi паспортын алатын адамдар Қазақстан Республикасы азаматының паспортын өзiне теңiзшi паспортын берген жерге тапсырды. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты иесiнiң өтiнiшi бойынша оған азаматтық хал актілерін тiркеу үшiн және басқа да қажеттi жағдайларда берiледi. 6. Теңiзшi паспорттарын Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігі теңiз порттарының капитандары мен өзен пароход шаруашылықтарының бастықтары немесе олардың тапсыруымен осы порттар мен пароход шаруашылығындағы тиiстi қызметтердiң лауазымды адамдары тапсырады. Басқа министрлiктер мен ведомстволардың қарамағындағы шетелге баратын кемелерде жұмыс iстейтiн адамдарға теңiзшi паспортын Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі теңiз сауда порттарының капитандары немесе солардың тапсыруымен осы порттардағы тиiстi қызметтердiң лауазымды адамдары тапсырады. Теңiзшi паспорттары берiлетiн порттардың (пароход шаруашылықтарының) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі бекiтедi. 7. Кемеде есептен шыққан кезде теңiзшi паспортының иесi оны алған жерiне тапсыруға мiндеттi. Бұл жағдайда оған Қазақстан Республикасы азаматының паспорты қайтарылады. 8. Теңiзшi паспортының иесi оны мұқият сақтауға мiндеттi, ал жоғалтып алған жағдайда бұл жөнiнде өз кемесiнiң капитанына немесе паспортты берген порттың капитанына пароход шаруашылығының бастығына хабарлауға тиiс. Теңiзшiнiң жоғалған паспорты жарамсыз деп саналады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |