|
|
|
«Дәрменсiз мемлекеттік кәсiпорындарды қаржылық-экономикалық
ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды
Дәрменсiз мемлекеттік кәсiпорындарды санациялау, қайта құру және тарату, оларға қаржылық-экономикалық қолдау көрсету, сондай-ақ мемлекеттік кәсiпорындарға бекітілген мүлiктi тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасындағы дәрменсiз мемлекеттік кәсiпорындарды қаржылық-экономикалық сауықтыру, қайта құру және тарату тетiгi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Ұлттық Банкпен келiсе отырып, 1994 жылдың 20 қыркүйегiне дейiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің мына қаулыларының жобасын бекітуге ұсынсын: Оңалту банкiн құру туралы және Оңалту банкi туралы Ереженi бекіту жөнiнде: Құрылымды өзгерту қоры туралы және Құрылымды өзгерту қоры туралы Ереженi бекіту жөнiнде. 3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі: белгiленген тәртiппен 1994 жылдың 20 қыркүйегiне дейiн "Тiкелей мемлекет басқаруындағы кәсiпорындардың қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасын енгiзсiн; 1994 жылдың 20 қыркүйегiне дейiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен, Өнеркәсiп және сауда министрлігімен бiрге және министрлiктермен, ведомстволармен келiсе отырып, тiкелей мемлекет басқаруына ауыстыруға ұсынылатын кәсiпорындардың тiзбесiн ұсынсын; Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бiрге министрлiктермен және ведомстволармен, облыс әкiмдерiмен келiсе отырып, 1994 жылдың 30 қыркүйегiне дейiн Қазақстан Республикасының Дәрменсiз мемлекеттік кәсiпорындарды санациялау және тарату жөніндегі ведомствоаралық комиссиясына төлем қабiлетi жоқ мемлекеттік кәсiпорындардың, оның iшiнде: Оңалту банкi; Құрылымды өзгерту қоры арқылы санацияға ұсынылатындарының тiзiмiн берсiн; 1994 жылдың 20 қыркүйегiне дейiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне Кәсiпорындарды қаржымен оңалту жөніндегі агенттiк құру және кәсiпорындарды қаржымен оңалту жөніндегі агенттiк туралы Ереженi бекіту жөніндегі Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi қаулыларының жобаларын бекітуге ұсынатын болсын. 4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне 1994 жылдың 20 қыркүйегiне дейiн коммерциялық банктерде борышкер кәсiпорындарды санациялау жөнiнде арнаулы бөлiмшелер құру туралы Нұсқау шығару ұсынылсын. 5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетi: Қазақстан Республикасының Экономика министрлігімен бiрге 1994 жылдың 20 қыркүйегiне дейiн Қазақстан Республикасының Дәрменсiз мемлекеттік кәсiпорындарды санациялау және тарату жөніндегі ведомствоаралық комиссиясына таяудағы алты ай iшiнде жекешелендiрiлетiндер тiзiмiне енгiзiлген төлем қабiлетi жоқ кәсiпорындардың тiзбесiн ұсынатын болсын; Қазақстан Республикасының Экономика министрлігімен және Қаржы министрлігімен бiрге 1994 жылдың 25 қыркүйегiне дейiн Дәрменсiз мемлекеттік кәсiпорындарды санациялау және тарату жөніндегі ведомствоаралық комиссияға бiрiншi кезекте таратуға ұсынылатын кәсiпорындардың тiзiмiн берсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 7 қыркүйектегi № 1002 қаулысымен БЕКIТIЛГЕН Қазақстан Республикасындағы дәрменсiз мемлекеттік кәсiпорындарды қаржылық-экономикалық тұрғыда сауықтыру, қайта құру және тарату тетiгi туралы Е Р Е Ж Е
I. Жалпы ережелер
Дәрменсiз мемлекеттік кәсiпорындарды қаржылық-экономикалық тұрғыдан сауықтыру, қайта құру және тарату тетiгi (бұдан әрi - тетiк) мемлекеттiң, оның органдарының және арнайы құрылған құрылымдарының дәрменсiз мемлекеттік кәсiпорындарды тиiмдi сауықтыру, қайта құру және тарату мақсатында әзiрлеген және жүзеге асырған қаржылық-экономикалық, шаруашылық-ұйымдастырушылық және тағы басқа да шаралар мен процедуралар кешенiн қамтиды. Осы тетiк ауыл шаруашылығы мен банк жүйесiнен басқа экономиканың барлық саласындағы мемлекеттік кәсiпорындарға, сондай-ақ мемлекеттік тиiстi акциялық бақылау пакетi бар акционерлік ұйымдарға қолданылады. Бұл салалардың ерекшелiгiне байланысты оларда қайта құру және тарату тетiгi үкiметтiң жекелеген нормативтiк құжаттарымен бақыланады. Ол тетiк мынадай принциптерге негiзделдi: дәрменсiз кәсiпорындарды қызметтiк, қаржылық және басқа белгiлерi бойынша топтау және оларға әртүрлi қайта құру мен сауықтыру процедураларын қолдану; әртүрлi үлгiдегi дәрменсiз кәсiпорындарды қайта құру үшiн арнайы органдар мен құрылымдар құру және оларға мейлiнше басым көмек көрсету; тиiмдi қайта құру бағыттарын iздестiрудегi кәсiпорындардың өз бастамалары арқылы қайта құрылу барысына мемлекет пен оның құрған органдары тарапынан қатаң бақылауды жүзеге асыру; жүргiзiлген жұмыстарды қайта құрудың маңызды бағыттарының бiрi және түпкi мақсаты дәрменсiз мемлекеттік кәсiпорындарды қайта құру болып табылатын республикадағы жүргiзiлiп жатқан жекешелендiру бағдарламасына сай болуы; арнайы құрылымдар құру мен қажеттi шараларды жүзеге асыру үшiн халықаралық қаржылық-экономикалық ұйымдардың қаржылық және техникалық көмектерiн тарту, шетел мамандарының ақыл-кеңес беру және тәжiрибелiк қызметтерiн пайдалану. II. Төлем қабiлетi жоқ кәсiпорындардың тiзбесiн Анықтау
Өзара есеп айырысу жөніндегі республикалық және облыстық комиссиялардың, қаржы және салық органдарының, салалық және аймақтық органдардың ақпараттарының негiзiнде Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі мен Қаржы министрлігінiң басқармалары республиканың әртүрлi дәрежеде таза борышкерлiгi бар шығынға батқан кәсiпорындарының тiзiмiн жасайды. Осы тiзiмнен төлем қабiлетi жоқ кәсiпорындардың тiзбесi дараланады. Кәсiпорындардың төлем қабiлетi жоқтығын анықтау үшiн кәсiпорынның баланс құрылымының бағасына негiзделетiн дәлелдеу жүйесi пайдаланылады. Кәсiпорындардың баланс құрылымының қанағаттанарлық бағаларының көрсеткiштерi мыналар болып табылады: күнделiктi өтiмдiлiктiң коэффициентi; өзiндiк қаржылармен қамтамасыз етiлу коэффициентi; төлем қабiлеттiлiгiнiң қалпына келу (жоғалу) коэффициентi. Кәсiпорындардың балансына талдау жасау мына негiзде жүргiзiледi: кәсiпорын басшылары ұсынған және белгiленген тәртiппен расталған соңғы есеп беру кезеңіндегі баланс, сондай-ақ үстiмiздегi айдың бiрiншi күніндегі баланс (егер бұл баланстың дайындалған күнi соңғы есеп беру кезеңiнiң бiтетiн күнiмен сай келмесе). кәсiпорын басшылары тиiстi құжаттарды белгiленген мерзiмде өткiзбеген жағдайда салық органдары ұсынған кәсiпорынның соңғы кезеңдегi балансы. белгiленген тәртiппен алынған құжаттардағы ақпарат кәсiпорынның баланс құрылымын қанағаттанарлықсыз деп анықтап, шешiм қабылдауға жеткiлiктi болады.
III. Кәсiпорындардың әртүрлi топтарына қайта құру процедураларын қолданудың жолдары
Төлем қабiлетi жоқ кәсiпорындардың тiзбесiнен қайта құру мен сауықтырудың жекелеген процедуралары қолданылатын кәсiпорындар топтары дараланады. А. Стратегиялық маңызға ие және мемлекеттік қызметтер атқаратын кәсiпорындар, соның iшiнде коммуналдық қызмет және мемлекеттік көлiк шаруашылықтары. Бұл кәсiпорындар мемлекет меншiгiнде қалады және таяу арада жекешелендiруге немесе таратуға жатпайды. Бұл кәсiпорындардың белгiлi бөлiгi тiкелей мемлекет басқаруы категориясына өткiзiлуi мүмкiн, ондай жағдайда олардың қызметi бюджеттен қаржыландырылуға тиiс. Ә. Таяудағы алты айда жекешелендiру тiзiмiне енген кәсiпорындар. Мұндай кәсiпорындардың сауықтыру және қайта құру мәселелерiмен жекешелендiру нәтижесiнде анықталған жаңа меншiк иелерi шұғылданады. Б. Сауықтыруға, қайта құруға алғышарттары мен үмiттерi жоқ және таратуға жататын кәсiпорындар. Бұл топқа қаржылық және экономикалық жағдайына сауықтыру мен қайта құрудың қандай да бiр түрлерiнiң мүмкiн еместiгi және тиiмсiздiгi алдын-ала белгiлi болған кәсiпорындар жатады. Мұның өзi жабдықтары ескiрген, өндiрген өнiмдерiн өткiзетiн рынокты жандандыру үмiтi жоқ, басқа салада жабдықтау және қайта құру шығыны жаңа кәсiпорындар салудан асып түстетiн кәсiпорындар болып табылады. Қалған кәсiпорындар бiрнеше категорияға бөлiнедi: В. Дүниежүзiлiк банк мамандарының ықпалымен және қатысуымен құрылған Оңалту банкi арқылы сауықтыруға және қайта құруға жататын кәсiпорындар. Бұл категорияға стратегиялық мәнi жоқ және республика көлемiнде мейлiнше мол сомада борышкерлiгi бар, дәрменсiз кәсiпорындардың бiр тобы жатады. Оңалту банкiсiне несие беру рөлiн атқаратын Қаржы министрлігіне қарасты Оңалту банкi мемелекетке бағынады. Қайта құру және тарату жоспарларын бекіту, кәсiпорындарға қаржылық көмек көлемiн анықтау және басқа маңызды шешiмдердi республиканың жетекшi экономикалық ведомстволары мен тәуелсiз сарапшылардан құрылған Бақылау кеңесi қабылдайды. Оңалту банкi бюджеттен немесе Үкiмет кепiлдiк берген облигациялар арқылы қаржыландырылады. Оңалту банкiн қаржыландыруға Дүниежүзiлiк банктiң және басқа сыртқы көмектiң заемдары пайдаланылады. Бұл кәсiпорындар тобын қайта құрудың мүмкiн түрлерiнiң бiрi - жекешелендiру. Г. Еуропалық Қайта құру және дамыту банкінің көмегiмен құрылған Құрылымды өзгерту қоры арқылы сауықтырылатын және қайта құрылатын кәсiпорындар. Бұл топқа акциялары Құрылымды өзгерту қорының бақылау пакетiне алмастырылып, Еуропалық Қайта құру және Дамыту банкiсiне берiлетiн Қазақстанның өте қажеттi iрi және орта кәсiпорындары жатады. Шығынға батқан кәсiпорындардың заемдарына ие банкiлер Құрылымды өзгерту қорының заемдары бойынша төлем талабы құжаттарын Құрылымды өзгерту қорының қосалқы қоры үшiн заемдарының қажеттi төлем талабы құжаттарына алмастырып, аударады. Қазақстан Үкіметі Құрылымды өзгерту қоры үшiн Еуропаның Қайта құру және Дамыту банкiсiнiң заемдарын мемлекеттік кепiлдiктермен қамтамасыз етедi. Құрылымды өзгерту қоры кәсiпорындарды қайта құру мен жекешелендiрудi Оңалту банкiсiнiң желiсiмен - республиканың министрлiктерi мен ведомстволары мамандарының қатысуымен дайындалған кәсiпорындарды қайта құру жоспарларына баға беру арқылы жүргiзедi. Д. Коммерциялық банктердегi арнаулы бөлiмшелер арқылы сауықтырылатын және қайта құрылатын кәсiпорындар. Бұл категорияға өз есепшоттарында қозғалыссыз қарыздары бар кiшi және орта кәсiпорындар жатады. Бұл жағдайда коммерциялық банктер дәрменсiз кәсiпорындарды қайта құруға немесе жекешелендiруге, ал оларды қайта құру жарамсыз және мүмкiндiксiз болған жағдайда таратуға бастамашы болады. Е. Кәсiпорындардың қалған бөлiгi Кәсiпорындарды қаржымен оңалту жөніндегі агенттiк арқылы санацияланады. Бұл топтағы кәсiпорындарда қайта құру жоспарын жүзеге асыру үшiн министрлiктер мен ведомстволар мамандарының ақыл-кеңестерi пайдаланылады. Қайта құру жоспары шараларының кестесi ұсынылмаған, қанағаттандырылмаған немесе орындалмаған жағдайда кәсiпорын жекешелендiрiлуi немесе таратылуы мүмкiн. Бұл шараларды қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен немесе ұзақ мерзiмдiк кредит арқылы жүргiзiледi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |