|
|
|
"Ертіс полиметалл комбинаты" акционерлік қоғамын қаржылық сауықтыру
ҚР Үкіметінің 2008.23.04. № 381 Қаулысымен күші жойылды
"Ертіс полиметалл комбинаты" акционерлік қоғамын қаржы дағдарысынан шығару және оның төлем қабiлетiн қалпына келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 7 сәуірдегі № 2173 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес "Ертіс полиметалл комбинаты" акционерлік қоғамы дәрменсiз борышқор деп танылсын және онда соттан тыс емес қайта ұйымдастыру процедуралары жүргiзiлсiн. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi Қазақстан Республикасының мемлекеттік Медетшi банкiне акциялардың мемлекеттік пакетiн және комбинат ұжымына иелiк ету құқығымен берiлген акциялар пакетiнiң өткiзiлмеген бөлiгiн берсiн. Қайта ұйымдастыру процедуралары жүргiзiлген кезеңде кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру тоқтатылсын. 2. "Ертіс полиметалл комбинаты" акционерлік қоғамында санация жүргiзу үшiн Қайта ұйымдастыру процедураларын жүргiзу жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрi - Комиссия) қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын. Комиссия "Ертіс полиметалл комбинаты" акционерлік қоғамының қаржы-шаруашылық қызметiн тұрақтандыру жөніндегі бiрiншi кезектегi шаралардың жоспарын, оны материалдық-техникалық және шикiзат ресурстарымен қамтамасыз ету бағдарламасын он күн мерзiм iшiнде әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынатын болсын, сондай-ақ қаржы жағдайын бағалап, комбинат қарыздарының құрылымына талдау жүргiзсiн және оларды өтеудiң тетiгiн әзiрлесiн. Комиссияға "Ертіс полиметалл комбинаты" акционерлік қоғамының мемлекет және мемлекеттік кәсiпорындар алдындағы қарыздарына қатысты бөлiгiн кейiнге қалдыру құқығы берiлсiн. Санация басталған сәттен бастап ағымдағы барлық төлемдер мiндеттi болып саналсын. 3. "Ертіс полиметалл комбинаты" акционерлік қоғамы банктiк қызмет көрсетiлуi үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік Медетшi банкiне берiлсiн. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Медетшi банкi "Ертіс полиметалл комбинаты" акционерлік қоғамына кредит берудi, оның қаржы-шаруашылық қызметiн тұрақтандыру жөніндегі бiрiншi кезектегi шараларға сәйкес санациялау жоспарын әзiрлеп, бекiткенге дейiн бастасын. 4. ЕСКЕРТУ. 4-тармақтың күшi жойылды - ҚР Президентінің 1996.07.15. № 3059 жарлығымен. 5. 1996 жылдың 26 ақпанынан бастап өнiм өткізу, шикiзат, отын, материалдар беру бойынша жасалған контрактiлердiң күшi тоқтатылсын, "Ертіс полиметалл комбинаты" акционерлік қоғамының сенiмдi басқарушысына контрактiлердi сараптау және қайта жасау тапсырылсын. 6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, мемлекеттік Медетшi банкi 1996 жылдың 26 ақпанынан бастап "Ертіс полиметалл комбинаты" акционерлік қоғамы үшiн 300 (үш жүз) млн. теңгеге дейiнгi сомада кредит берудiң бiрiншi кезектегi лимитiн белгiлесiн. Бұдан арғы ай сайынғы кредит беру қоймадағы дайын өнiм көлемiнiң кемiнде 85% есебiнен жүргiзiлсiн. 7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Шығыс Қазақстан облысының әкімі "Ертіс полиметалл комбинаты" акционерлік қоғамының әлеуметтiк сала объектiлерiнiң аяқталмаған құрылысын (1296 оқушы орнына арналған мектеп, тазарту құрылғылары) мемлекет меншiгiне алсын. 8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Шығыс Қазақстан облысының әкімімен бiрлесе отырып, 1996 жылдың 10 наурызына дейiн әлеуметтiк сала объектiлерiн жергiлiктi басқару органдарының балансына берсiн. 9. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi, Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлігі акциялардың мемлекеттік пакетiн сырттан басқаруға берудi және Қазақстан Республикасының мемлекеттік Медетшi банкi бөлген кредиттердi қайтару мүмкiндiгiн ескере отырып, "Ертіс полиметалл комбинаты" акционерлік қоғамын жекешелендiру жөнiнде дайындық жұмысын жүргiзсiн. 10. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлігі, Өнеркәсiп және сауда министрлігі, Шығыс Қазақстан облысының әкімі және "Ертіс полиметалл комбинаты" акционерлік қоғамы бiр ай мерзiм iшiнде "Ертіс полиметалл комбинаты" акционерлік қоғамының босаған қызметкерлерiн еңбекпен қамтуға жәрдемдесу бағдарламасын бекiтсiн. Босаған қызметкерлердi кәсiптiк даярлау мен қайта даярлауға байланысты шараларды қаржыландыру Еңбекпен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі мемлекеттік қордың қаражаты есебiнен жүргiзiлсiн. 11. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрi Г.Г. Штойкке жүктелсiн. 12. "Шығыс Қазақстан мыс-химия комбинаты", "Ертіс полиметалл комбинаты" акционерлік қоғамдарының және Ертіс мыс балқыту зауыты акцияларының мемлекеттік пакетiн басқаруға беру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 8 қыркүйектегi № 1247 қаулысына мынадай өзгертулер енгiзiлсiн: осы қаулының атауы мынадай редакцияда баяндалсын: "Шығыс Қазақстан мыс-химия комбинаты" акционерлік қоғамы мен "Ертіс мыс балқыту зауыты" акцияларының мемлекеттік пакетiн басқаруға беру туралы"; 1-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда баяндалсын: "Далекс, Трейдинг Лимитед" фирмасының (Кипр) онымен "Шығыс Қазақстан мыс-химия комбинаты" акционерлік қоғамы мен "Ертіс мыс балқыту зауытының" акциялары мемлекеттік пакетiн басқаруға беру туралы шарт жасасу туралы ұсынысы қабылдансын"; 13. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 8 қыркүйектегi № 1247 қаулысына өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 20 қыркүйектегi № 1273 қаулысының күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 27 ақпандағы № 251 қаулысына қосымша "Ертіс полиметалл комбинаты" акционерлік қоғамында қайта ұйымдастыру процедураларын жүргiзу жөніндегі мемлекеттік комиссияның ҚҰРАМЫ Оспанов Х.А. - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрiнiң орынбасары, комиссия төрағасы Итеғұлов М.С. - Қазақстан Республикасы мемлекеттік Медетшi банкi басқарма төрағасының орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары Шоқпытов А.М. - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары Комиссия мүшелерi: Әбiлқасымов С.С. - Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігі жанындағы еңбекпен қамту департаментiнiң төрағасы Ахметов Ф.И. - Қазақстан Республикасы Экономика министрлігінiң Экономикалық саясат жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары Забелин Ю.В. - Шығыс Қазақстан облысы әкімінiң бiрiншi орынбасары Құлдаров Е. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бас салық инспекциясының бас салық инспекторы Маңсұров А.Г. - Шығыс Қазақстан облысы салық инспекциясының бастығы Мұхамедқалиева М.М. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң бөлiм бастығы Раханов М.С. - Қазақстан Республикасы Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |