|
|
|
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (жалпы бөлiмiне)
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 жылғы 11 сәуiрде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (жалпы бөлiм) және "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (жалпы бөлiм) күшiне енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 2 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1) 52-бапта: бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын: "Банкроттық - борышкердiң соттың шешiмiмен танылған оны таратуға негiз болып табылатын дәрменсiздiгi."; екiншi бөлiктегi "өзiне тиесiлi мүлiк есебiнен" деген сөздер алып тасталсын; 2) 53-баптың 2-тармағындағы "не борышкердiң өз банкроттығын несие берушiлермен келісім негiзiнде соттан тыс тәртiппен ресми жариялауы арқылы" деген сөздер алып тасталсын; 3) 55-баптың атауы мен мәтiнiндегi "тарату iсiн", "тарату iсi" деген сөздер "конкурстық iстi", "конкурстық iс" деген сөздермен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасының Президентi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |