|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 887 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін жеңіл автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 23-24, 228-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақтағы «және көлік құралдарын пайдалануға жұмсалатын шығыстар нормаларының» деген сөздер алынып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдердің тиістілік және көлік құралдарын пайдалануға жұмсалатын шығыстар нормаларының нормативінде: атауындағы «және көлік құралдарын пайдалануға жұмсалатын шығыстар нормаларының» деген сөздер алынып тасталсын; 6-баған «1 айға 1 бірл. арн. шығыстар норм. (теңге)»алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |