Өндiрiстiк объектiлер мен алаңдарды, офистiк үй-жайларды ашық 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің "Шағын кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3398 Жарлығына сәйкес әзiрленген және өндiрiстiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне өндiрiстiк күй-жайларды (бұдан әрi - объектiлер) ашық тендерлерде төлеу мерзiмiн созып сатудың тәртібін реттейдi. 2. Өндiрiстiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне инвентаризация кезiнде анықталған мемлекеттік кәсiпорындарда пайдаланылмай тұрған өндiрiстiк объектiлер мен алаңдар, офистiк үй-жайлар төлеу мерзiмiн 3 жылға созып сату үшiн ашық тендерлерге қойылады. Объектiлердi сатудағы тендердiң негiзгi шарты олардың өндiрiстiк мақсаттарға пайдаланылуы болып табылады. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне аталған объектiлердi сатуға беру жөнiнде шешiмдi мемлекеттік меншiктi үйлестiру бойынша құқықты жүзеге асыруға уәкiлдiгi бар мемлекеттік орган қабылдайды. 3. Тендердi ұйымдастыру мен өткізу үшiн құрамында Қаржы министрлігінiң жекешелендiру жөніндегі Департаментiнiң, Қаржы министрлігінiң мемлекеттік мүлiктi және активтердi басқару Департаментiнiң, Экономика және сауда министрлігінiң шағын кәсiпкерлiктi қолдау жөніндегі Департаментiнiң және басқа да мүдделi ұйымдардың өкiлдерi енген комиссия құрылады. Комиссия мүшелерiнiң саны 5 адамнан кем болмауы тиiс. Комиссияның төрағасы Қаржы министрлігінiң жекешелендiру жөніндегі Департаментiнiң өкiлi болып табылады. Комиссияның шешiмi жай көпшiлiк дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия Төрағасының дауысы шешушi дауыс болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|