| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Қазақстан Республикасында бастауыш және орта кәсіптiк білім берудi
Бастауыш және орта кәсiптiк білім берудi одан әрi дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді: 1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiне: 1) жастарға бастауыш және орта кәсiптiк білім берудiң, жұмыссыз азаматтарды даярлаудың және қайта даярлаудың аймақтық бағдарламасын әзiрлеу. Еңбек рыногының мониторингiн тұрақты жүргiзу, экономиканың салалары бойынша біліктi жұмысшылар мен мамандарға сұранысын анықтау; 2) қолда бар бастауыш және орта кәсiптiк білім беру оқу орындары желiсiн сақтау және оны одан әрi дамыту жөнiнде шаралар қолдану; 3) мемлекеттік бастауыш және орта кәсiптiк білім беру оқу орындарын облыстық бюджеттер есебiнен қаржыландыруды қамтамасыз ету; 4) аймақаралық деңгейде біліктi жұмысшылар мен мамандарды Қазақстан Республикасының орта кәсiптiк білім беру оқу орындарында даярлауға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және орналастыруды қамтамасыз ету ұсынылсын. 2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі белгiленген тәртiппен: 1) бастауыш және орта кәсiптiк білім беру ұйымдарының арнайы пәндер бойынша оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiн дайындау және басып шығарудың мақсатты бағдарламасын; 2) бастауыш және орта кәсiптiк білім беру оқу орындарын ақпараттандырудың мақсатты бағдарламасын әзiрлесiн. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |