Қадағалау сатысындағы қылмыстық iстер жөнiндегі өндiрiстiң тәртібі туралы (2013.04.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 29 маусымдағы № 5 нормативтік қаулысымен күші жойылды
Сот тәжiрибесiнде туындаған мәселелерге байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы қаулы етедi: ҚР Жоғарғы Сотының 2010.25.06. № 16 Нормативтік қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Жоғарғы Сотының 2013.04.04. № 2 Нормативтік қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. ҚІЖК-нің 50-тарауының нормаларына сәйкес бірінші, апелляциялық сатылардағы соттардың заңды күшіне енген үкімдері мен қаулылары, оларды кассациялық сатыдағы сот қарағаннан кейін ғана, сондай-ақ кассациялық сатыдағы соттың қаулылары шағымдануға (наразылық келтіруге) және қайта қаралуға жататыны түсіндірілсін. Бірінші сатыдағы соттың үкімі, қаулысы, егер оларға апелляциялық тәртіппен шағым, наразылық келтірілмесе, ҚІЖК-нің 423-бабының 3-бөлігінде көрсетілген, жарияланған кезінен бастап заңды күшіне енетін апелляциялық үкімдер мен қаулыларды қоспағанда, апелляциялық шағым, наразылық беруге заңмен белгіленген мерзім өткеннен кейін заңды күшіне енеді. Істі апелляциялық сатыда қараған кезде үкім, қаулы апелляциялық қаулы шыққан күні заңды күшіне енеді. Егер шағым, наразылық апелляциялық сатыдағы сот отырысы басталғанға дейін кері қайтарылған жағдайда, шағымды, наразылықты қайтарып алуға байланысты іс жүргізуді қысқарту туралы апелляциялық сатының қаулысы шыққан күні үкім мен қаулы заңды күшіне енеді. ҚР Жоғарғы Сотының 2010.25.06. № 16 Нормативтік қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|