|
|
|
Қазақстандық тауар-шикізат биржасы» жабық акционерлік қоғамын құру туралы
ҚР Үкіметінің 2000.08.28. № 1316 қаулысымен күшi тоқтатылды
Қазақстан Республикасында биржалық қызметтi одан әрi дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Оның жарғылық капиталындағы мемлекеттік үлес 51 пайызды құрайтын, мемлекеттік, заңды және жеке тұлғалардың қатысуымен «Қазақстандық тауар-шикiзат биржасы» жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) құрылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлік және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен бiрлесiп, Қоғамды орналастыру үшiн оның жарғылық капиталындағы мемлекеттік үлес төлеу есебiне бiр айлық мерзiмде үй-жай бөлсiн; 2) Қоғамның жарғысын бекiтсiн және оны мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз етсiн; 3) Қоғамды мемлекеттік тiркегеннен кейiн, Қоғамның акцияларының мемлекеттік пакетiн иелiк ету және пайдалану құқықтарымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгiне берсiн; 4) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қолдансын 3. «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген, Иелiк ету және пайдалану құқықтары салалық министрлiктер мен өзге де мемлекеттік органдарға берiлетiн республикалық меншiктегi ұйымдардағы акциялардың мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік қатысу үлестерiнiң тiзбесiнде: «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөнiндегі агенттiгi» деген бөлiммен және мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 229-жолмен толықтырылсын: «229 «Қазақстандық тауар-шикiзат биржасы» ЖАҚ». 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Ә. Өтембаевқа жүктелсiн. 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |