|
|
|
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен мемлекеттік сатып алу жүзеге
ҚР Үкіметінің 2008.23.04. № 381 Қаулысымен күші жойылды
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi № 163-1 Заңының 25-2-бабын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қосымшаға сәйкес шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын және мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебiнен қаржыландырылатын барлық мемлекеттік органдар мен мекемелер үшiн мiндеттi болып табылатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) түрлерiнiң 2000 жылға арналған номенклатурасы бекітілсiн. 2. Мемлекеттік бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар мен мекемелер осы қаулыға қосымшада аталған тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезiнде шағын кәсіпкерлiк субъектiлерiнен осы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сатып алудың жалпы көлемiнiң 10 пайызға дейiнгi мөлшерiнде мемлекеттік сатып алуды заңнамада белгiленген тәртiппен ұйымдастырсын. 3. Осы қаулыға қосымшада көрсетiлген тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) шағын кәсіпкерлiк субъектiлерiнен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезiнде отандық тауар өндiрушiлер басымдыққа ие болады деп белгiленсiн. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және жариялауға жатады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 2 қазандағы № 1486 қаулысына қосымша Шағын кәсіпкерлiк субъектiлерiнен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) түрлерiнiң номенклатурасы Азық-түлiк тауарлары Ұн Нан, нан-тоқаш бұйымдары Макарон бұйымдары Жармалар Сүт және кiлегей Сары май және өсiмдiк майы, тоң май Ашыған сүт өнiмдерi Шұжық бұйымдары Балықтан жасалған өнiмдер (жаңа ұсталған балық, ұсталған күйiнде мұздатылған, қақталған балық) Алкогольсiз сусындар, шырындар Кондитерлiк бұйымдар Жұмыртқа Табиғи бал Көкөнiс, жемiс (консервiленген) Қант (құмшекер, шақпақ қант, кесек қант) Өнеркәсiп тауарлары Мехтан (табиғи, жасанды) тiгiлген киiмдер және оның керек- жарақтары, мехтан тiгiлген бас киiмдер, мех терiлерi Тоқыма өнеркәсiбiнің өнiмдерi Тiгiн бұйымдары Аяқ киiм Аяқ киiм майлары Тұрмыстық, мектептiк және кеңселiк жиhаздар Құрылыс материалдары: тұсқағаздық қағаз (тұсқағаздар) және басқа қабырғалық жабындылар шойын, болат құрылыс құрылғылары кiрпiш кесiлген ағаш материалдары ағаштан жасалған бұйымдар шыны пакеттер пенопластикалық тақталар асфальттан және соған ұқсас материалдардан жасалған бұйымдар бетон және темір-бетон бұйымдары пластмассадан жасалған құрылыс бұйымдары (есiктер, табалдырықтар, терезелер, кәсектер, терезе қақпақтары) табиғи тастан жасалған қаптау материалдары мен бұйымдары, табиғи тастан әзiрленген толтыру, жолға төсеу материалдары (ұсақ тастар, қиыршық тастар) полиэтилен құбырлары Ағаштан, керамикадан (фарфор, фаянс) жасалған әшекейлi бұйымдар Алюминийден жасалған бұйымдар Жабдықтар: стандартқа сай емес жабдықтар шахта жабдықтары Қызмет көрсетулер Полиграфиялық қызметтер Жөндеу-құрылыс жұмыстары Көлiктiк-экспедициялық қызмет көрсетулер Медициналық (стоматологиялық) Күрделi тұрмыстық техниканы жөндеу Ғұрыптық қызметтер Заң және нотариалдық қызмет Қоғамдық тамақтандыру қызметтерi Делдалдық, оның iшiнде жанармай-жағармай материалдарын сақтау және сату жөніндегі қызметтер Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |