|
|
|
Украинадан Өзбекстан Республикасына Қазақстан Республикасының "Қару-жараққа, әскери техникаға және екi ұдай мақсаттағы өнiмге экспорттық бақылау туралы" 1996 жылғы 18 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнiмдер транзитiнің кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 11 тамыздағы № 1143 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. 1997 жылғы 12 желтоқсандағы N UСЕ-20.1-39-К/507 келісім-шарт бойынша Өзбекстан Республикасының Қорғаныс министрлігі үшiн "Укрспецэкспорт" мемлекеттік компаниясы" (Украина, Киев қаласы) беретiн әскери-техникалық мүлiктi Украинадан Өзбекстан Республикасына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы, қосымшаға сәйкес атаулы тiзбе мен санда алып өтуге рұқсат етiлсiн. 2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі қолданыстағы Халықаралық темір жол жүк қатынасы туралы келісімнiң Қауiптi жүктердi тасымалдау ережелерiне және басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес айрықша қауiпсiздiк шараларын сақтай отырып, жүктiң Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темір жол көлiгiмен транзиттiк тасымалының жүзеге асырылуын қамтамасыз етсiн. 3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Кеден комитетi заңнамада белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы әскери-техникалық мүлiктiң өтуiне бақылауды қамтамасыз етсiн. 4. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі осы қаулының iске асыру мақсатында қажеттi шараларды қабылдасын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 желтоқсандағы № 1847 қаулысына қосымша 1997 жылғы 12 желтоқсандағы N UCE-20.1-39-К/507 келісім-шарт бойынша Өзбекстан Республикасының Қорғаныс министрлігі үшін "Укрспецэкспорт" мемлекеттік компаниясы" (Украина, Киев қаласы) беретін әскери-техникалық мүліктің атаулы тізбесі мен саны ____________________________________________________________________ Жөнелтуші, ! Беретін ! СЭҚ ТН ! Өлшем !Саны! Ескерту алушы, шекарадан ! арнайы ! коды ! бірлігі ! ! өту станциясы ! мүліктің ! ! (коды) ! ! !тізбесі мен! ! ! ! ! атауы ! ! ! ! ____________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 6 ____________________________________________________________________ "Укрспецэкспорт" БТС-5 87100000 796 4 мемлекеттік тартқыштары компаниясы" Украина, Киев, Танктің 87100000 796 4 Дегтяревская, 36. ұңғылы Алушы: Өзбекстан мұнаралары Республикасының Қорғаныс В-55 87100000 796 15 министрлігі. двигательдері Өту шекарасы: Озинки (Ресей В-46 87100000 796 15 Федерациясы) - двигательдері Шеңгелді (Қазақстан УТД-20 87100000 796 30 Республикасы) двигательдері _____________________________________________________________________ Арналған станциясы - Ташкент (Өзбекстан Республикасы) Барлығы: 6 платформа, 6 жабық вагон және қарауыл жеке құрамын тасымалдауға арналған 1 вагон. Ілесушілер - 5 адамнан тұратын қарауыл: қарауыл бастығы, қарауыл бастығының көмекшісі, үш қарауыл. Штаттық қару - 2 "ПМ" жүйесінің тапаншасы және 3 "АК" автоматы. Алып өту 2002 жыл ішінде жүзеге асырылады. Ескерту. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.01.11. № 29 қаулысымен.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |