Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасының Мемлекеттік егемендiгi Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасының Жоғарғы Советi қаулы етедi: Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасының Мемлекеттік егемендiгi туралы декларация қабылдансын. Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Председателі
Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасының Мемлекеттік егемендiгi туралы ДЕКЛАРАЦИЯ
Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасының Жоғарғы Советi Қазақстан халқының еркiн бiлдiре отырып, Республиканың барлық азаматтары үшiн лайықты және тең тұрмыс жағдайын жасауға ұмтыла отырып, Республикада тұратын халықтарды топтастыру мен олардың достығын нығайтуды бiрiншi дәрежелi мiндет деп санай отырып, Жалпыға бiрдей адам праволары декларациясын және ұлттардың өзiн-өзi еркiн билеу правосын тани отырып, қазақ ұлтының тағдыры үшiн жауапкершiлiктi ұғына отырып, iзгiлiктi демократиялық праволық мемлекеттi құруға бел байлауды негiзге ала отырып, Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасының мемлекеттік егемендiгiн жариялайды және осы Декларацияны қабылдайды. 1. Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасы - егемендi мемлекет, ол басқа республикалармен Егемендi Республикалар Одағына ерiктi түрде бiрiгедi және олармен өзара қатынастарын шарттық негiзде құрады. Қазақ ССР-i Одақтан еркiн шығу правосын өзiнде сақтап қалады. 2. Қазақ ССР-i ұлттық мемлекеттiгiн сақтау, қорғау және нығайту жөнiнде шаралар қолданады. Қазақ халқының және Қазақстанда тұратын басқа да ұлттардың төл мәдениетiн, дәстүрiн, тілін қайта түлету мен дамыту және олардың ұлттық қадiр-қасиетiн нығайту Қазақ ССР-i мемлекеттiгінiң аса маңызды мiндеттерiнiң бiрi болып табылады. 3. Қазiргi шекарасындағы Қазақ ССР-iнiң территориясы бөлiнбейдi және оған қол сұғылмайды, оның келісімiнсiз пайдалануға болмайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|