|
Соттардың бандитизм және қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатыса отырып, басқа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 21 маусымдағы № 2 нормативтік қаулысы (2020.11.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Жоғарғы Сотының 2017.31.03. № 3 Нормативтік қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Жоғарғы Сотының 2017.31.03. № 3 Нормативтік қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара) Сот тәжiрибесiнде адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы, банда немесе басқа қылмыстық топ жасаған қылмыстар үшiн жауапкершiлiк көздейтiн заңнаманы қолдану кезiнде пайда болатын мәселелерге байланысты Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қаулы етедi: ҚР Жоғарғы Сотының 2017.31.03. № 3 Нормативтік қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы, банда немесе басқа қылмыстық топ жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтардың ерекше қауіптiлiгiне соттардың назары аударылсын. ҚР Жоғарғы Сотының 2017.31.03. № 3 Нормативтік қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысу тек қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезiнде орын алуы мүмкiн. Сондықтан бiрнеше адамның абайсыздықтан қылмыстық құқық бұзушылық жасауы адамдар тобы жасаған қылмыс ретiнде қарастырылмайды. ҚР Жоғарғы Сотының 2008.22.12. № 15 Нормативтік қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Жоғарғы Сотының 2017.31.03. № 3 Нормативтік қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|