|
|
|
Аграрлық-өнеркәсiптiк кешен салаларына кредит беру және мемлекеттік 2004 жылғы 20 желтоқсандағы № 12-III Қазақстан Республикасының Заңымен күші жойылды Осы Заң ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiру мен өткізудiң маусымдылығын ескере отырып, аграрлық-өнеркәсiптiк кешенге кредит берудiң құқылық негiздерiн белгiлейдi және халықты азық-түлiкпен, ал өнеркәсiптi шикiзатпен жабдықтауды жақсарту мақсатында ауылда шаруашылық жүргiзудiң әр алуан түрлерiн қолдауға, нығайтуға және дамытуға бағытталған. 1-бап. Кредит беру субъектiлерi Осы Заң қолданылатын шаруашылық қызмет субъектiлерi мыналар болып табылады: - ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрумен, дайындаумен, ұқсатумен, сақтаумен және өткізумен айналысатын заңды ұйымдар мен нақты адамдар; - Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтетiн тiзбеге сәйкес ауыл шаруашылық машиналарын жасау, ауылдағы құрылыс және аграрлық-сервистiк қызмет көрсету кәсiпорындары. ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 2-бап өзгертілді 2-бап. Аграрлық-өнеркәсiптiк кешен салаларына мемлекеттік қаржы ресурстары есебiнен кредит беру 1. Аграрлық-өнеркәсiптiк кешен салаларына мемлекеттік қаржы ресурстары есебiнен кредит беру қолданылып жүрген заңдармен реттеледi. 2. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге күрделi қаржыны қаржыландыруға және ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiру көлемiнiң арттырылуын, оларды ұқсату, сақтау мен өткізу және аграрлық-өнеркәсiптiк кешенге аграрлық-сервистiк қызмет көрсету жөніндегі базаның дамытылуын қамтамасыз ететiн ұлттық бағдарламаларда көзделген шараларды орындауға қайтарымдылық және өтемдiлiк шарттарымен мемлекеттік қаржы ресурстары есебiнен ұзақ мерзiмдi несиелер берiледi. Кредиттер Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiсi мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгiлейтiн қайта қаржыландырудың ресми нарқы бойынша тиiстi жылдың бюджетi бекітілген кезде 10 жылдан аспайтын мерзiмге берiледi. 3. Мемлекеттік қаржы ресурстары есебiнен жеңiлдiктi жағдайлармен мерзiмдi несиелер меншiк түрлерiне қарамастан, аграрлық-өнеркәсiптiк кешеннiң кәсiпорындары мен ұйымдарына, сондай-ақ өнеркәсiп орындарының сауда-дайындау ұйымдарына Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi мен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiсi белгiлеген тәртiп бойынша берiледi. 4. Кепiлге салатын мүлкi жоқ жаңадан құрылған шаруа шаруашылықтарына ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзiмдi кредиттер жергiлiктi бюджеттер мен басқа да төлем қабiлеттi заңды ұйымдар мен нақты адамдардың кепiлдiгiмен берiледi. 5. Банкiлердiң жеңiлдiктi жағдайлармен кредиттер беруге байланысты шығынын өтеуге бөлiнетiн бюджет қаржысының сомасын Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің ұсынуы бойынша жоспарланып отырған жылға арналған мемлекеттік бюджетте Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi бекiтедi. ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 3-бап өзгертілді 3-бап. Мемлекеттік мұқтаждарға арналған өнiм жеткiзiлiмiне аванс беру Мемлекеттік мұқтаждарға арналған ауыл шаруашылық өнiмiнiң жеткiзiлiмiн орындау меншiк түрлерiне қарамастан тауар өндiрушiлерге, дайындау және ұқсату кәсiпорындары мен ұйымдарына сатып алынатын өнiм үшiн сыйақысыз (мүддесiз) кемiнде мынадай мөлшерде аванс беру арқылы ынталандырылады: астық пен ет бойынша - контрактiлеу шартымен белгiленген бағаның 40 процентi; басқа өнiмдер бойынша - 25 процентi. Дайындау ұйымдары мен ұқсатушы өнеркәсiп орындары ауыл шаруашылық өнiмдерiн сатып алуға банк кредиттерiн тартқан жағдайда сыйақы (мүдде) төлеу жөніндегі шығындар дайындау қызметi жөніндегі шығындарға жатқызылады. ҚР 24.12.98 ж. № 334-1 Заңымен 4-бап жаңа редакцияда 4-бап. Мемлекеттік шараларды қаржыландыру 1. Мыналарға: 1) мемлекеттік жерге орналастыру жөніндегі шараларды жүргiзуге; 2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн тiзбе бойынша өсiмдiктердiң жаппай зиянкестерi мен ауруларына қарсы күреске және малдың аса қауiптi жұқпалы ауруларын жоюға, табынды сауықтыруға; 3) тұқымдық және отырғызылатын материалдардың сорттық және егiс сапасын айқындауға; 4) ауыл шаруашылық дақылдарын сорттап сынақтан өткізу; 5) балық запастарын (балық шабақтарын) молықтыруға; 6) мемлекеттік мал дәрiгерлiк желiсіндегі, өсiмдiктер карантинi, өсiмдiктердi қорғау жөніндегі, суармалы жердiң мелиорациялық жай-күйiн қадағалау жөніндегі мемлекеттік мекемелердi ұстауға; 7) мемлекетаралық, облысаралық және ауданаралық мақсаттағы су қоймалары мен каналдарды, тұтынушыларға су беруге байланысты емес басқа да объектiлердi пайдалануға; 8) ауылдық тауар өндiрушiлердi қолдауға жұмсалған шығындар мемлекеттік бюджет есебiнен қаржыландырылады. 2. Шараларды мемлекеттік валюта қаражаты есебiнен қаржыландыру республикалық бюджетте жеке жолда көзделедi және Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлейтiн тәртiп бойынша жүзеге асырылады. 5-бап. Аграрлық-өнеркәсiптiк кешендi дамытуға жұмсалатын экономиканы қайта құру қорының қаражаты Қазақстан Республикасының экономикасын қайта құру қоры қаражатының аграрлық-өнеркәсiптiк кешен бойынша жобалар мен бағдарламаларға инвестиция беруге жұмсалатын үлесi аграрлық-өнеркәсiптiк кешеннiң заңды ұйымдары мен нақты адамдарынан түсетiн қаржы сомасының сомасынан кем емес мөлшерде белгiленедi. 6-бап. Шетелдiк инвестициялар Аграрлық-өнеркәсiптiк кешен салаларын шетелдiк инвестициялар есебiнен қаржыландырудың тәртібі мен шарттары "Қазақ КСР-індегі шетелдiк инвестициялар туралы" Заңмен және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарымен белгiленедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |