|
|
|
Қазақ мемлекеттік басқару академиясының мәселелерi Қазақстан Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақ мемлекеттік экономика университетiн Қазақ мемлекеттік басқару академиясы етiп қайта құру туралы" 1993 ж. 25 ақпандағы № 1120 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақ мемлекеттік экономика университетi мұнан былай Қазақ мемлекеттік басқару академиясы (ҚазМБА) деп аталсын. 2. Қазақстан Республикасының Білім министрлігі жоғары оқу орнының құрылымын, ҚазМБА-дағы мамандықтар мен маманданудың тiзбесiн айқындасын, республиканың жоғары оқу орындары үшiн экономикалық бағдардағы оқытушыларды даярлау мен біліктiлiгiн арттыру факультетiн белгiленген тәртiппен ашатын болсын. 3. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1996.01.11. № 53 қаулысымен. 3-тармақтың күшi жойылған - ҚРҮ-нiң 1997.04.02. № 465 қаулысымен. 4. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігі, Білім министрлігі Қазақ мемлекеттік басқару академиясында меншiктi полиграфиялық база құру және оған экономикалық әдебиеттер шығару құқын беру мәселелерiн шешсiн. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Экономика министрлігі осы мақсаттар үшiн 1993 жылы нысаналы түрде 400 млн. сом қосымша қаражат бөлудi қарастырсын. 5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Экономика министрлігі 1993-1998 жылдар iшiнде халықаралық байланыстарды дамыту, ақпараттық-оқыту технологияларын, шетел әдебиеттерi мен осы заманғы оқу-ғылыми жабдықтарын алу үшiн академияға жыл сайын кемiнде 1 млн. АҚШ долларын бөлудi қарастыратын болсын. 6. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі, Қаржы министрлігі 1993-1995 жылдары жобалық-сметалық құжаттамаларды әзiрлеуге және 8000 шаршы метр тұрғын үй қорын, 2,5 млн. кiтапқа арналған кiтапхана корпусын және қонақ үй үлгiсіндегі 400 адамдық бір жатақхананың құрылысын салуға бюджеттік қаражат бөлудi қарастырсын. 7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетi Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Алматы және Қарағанды есеп-кредит техникумдарын Қазақ мемлекеттік басқару академиясының қарауына белгiленген тәртiппен бір ай мерзiмде беретiн болсын. 8. Қазақстан Республикасының Білім министрлігі республиканың басқа аймақтарында Қазақ мемлекеттік басқару академиясының филиалдарын ашуды қарастырсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |