|
|
|
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жұмыспен
ҚР Үкіметінің 29.01.99 ж. № 68 қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Президентінің "Орталық атқарушы өкiмет органдарының жүйесiн ретке келтiру туралы" 1993 жылғы 9 маусымдағы № 1291 Жарлығы мен "Орталық мемлекеттік басқару органдарының тiзбесi туралы" 1993 жылғы 9 маусымдағы № 1220 Жарлығына сәйкес, мемлекеттік жұмыспен қамту қызметi жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру, басқару органдарының еңбек нарығында бiрыңғай саясат жүргiзуiнде өзара iс-қимылын үйлестiрудi жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Мыналар: Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігінiң Халықты жұмыспен қамту бас басқармасы Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігі жанындағы Халықты жұмыспен қамту департаментi болып; облыстық жұмыспен қамту басқармалары облыстық жұмыспен қамту орталықтары - еңбек биржалары болып; Алматы қалалық жұмыспен қамту басқармасы мен Ленинск қалалық жұмыспен қамту орталығы қалалық жұмыспен қамту орталықтары - еңбек биржалары болып қайта құрылсын. 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жұмыспен қамту туралы осыған қосылған Ереже бекітілсiн. 3. Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігі жанындағы Халықты жұмыспен қамту департаментiнiң төрағасы лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек министрiнiң бiрiншi орынбасары болып табылады және оны Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындайды деп белгiленсiн. Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігі жанындағы Халықты жұмыспен қамту департаментi төрағасының орынбасарларын Департамент төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек министрi тағайындайды. 4. Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігі жанындағы Халықты жұмыспен қамту департаментiнiң, аймақтық бөлiмшелерi мен жұмыспен қамту орталықтарының құрылымы мен штат кестесiн Қазақстан Республикасы Еңбек министрi мен жергiлiктi әкiмдердiң келiсуi бойынша Департаменттiң төрағасы бекiтедi. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерiне енгiзiлетiн осыған қосылған өзгерістер бекітілсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 7 қыркүйектегi № 835 қаулысымен Бекiтiлген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жұмыспен қамту қызметi туралы Ереже 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жұмыспен қамту қызметi мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын және жұмыссыздар мен жұмыспен қамтылмағандарды әлеуметтiк қорғауды жүзеге асыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттік органдар жүйесiне енедi. Бұдан былай - жұмыспен қамту қызметi. 2. Мемлекеттік жұмыспен қамту қызметi органдарының жүйесiне: Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігі жанындағы Халықты жұмыспен қамту департаментi Халықты жұмыспен қамтуға көмектесу мемлекеттік қорының басқармасы мен атқарушы дирекциясы енедi. Бұдан былай - Жұмыспен қамту департаментi. Бұдан былай - Жұмыспен қамту қоры. Жұмыспен қамту департаментi: орталық аппараттан; облыстық, Алматы және Ленинск қалалық жұмыспен қамту орталықтарынан - еңбек биржаларынан; жұмыспен қамтылмаған халықты кәсiптiк даярлау және кәсiптiк бағдарлау орталықтарынан; қалалық (қалалардағы аудандық) және аудандық жұмыспен қамту орталықтарынан - еңбек биржаларынан тұрады; мемлекеттік жұмыспен қамту қызметiнiң құрамында барлық деңгейде азаматтардың еңбек ету және жұмыспен қамтылу құқықтары туралы заңдарды мемлекеттік органдардың, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, шаруа қожалықтарының және басқа да жұмыс берушiлердiң орындауын бақылайтын инспекциялар жұмыс iстейдi. 3. Облыстарда, қалаларда және аудандарда жұмыспен қамту органдары өздерiнiң iс-әрекетiнде жоғары тұрған тиiстi органдар мен атқарушы өкiмет органдарына бағынады. Жұмыспен қамту қызметiнiң органдары атқарушы органдардың құрылымдық бөлiмшелерi болып табылмайды. 4. Жұмыспен қамту қызметi өзiнiң iс-әрекетiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, республиканың халықты жұмыспен қамту туралы Заңын, басқа да заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен шешiмдерiн, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулыларын, республиканың халықаралық шарттарын, Жұмыспен қамту қоры басқармасының шешiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 5. Республикалық және жергiлiктi деңгейдегi мемлекеттік жұмыспен қамту қызметiнiң органдары жұмыспен қамтуға көмектесетiн үйлестiру кеңестерiмен тығыз байланыста жұмыс iстейдi. Аталған кеңестер кәсiптiк одақтардың, жұмыс берушi қауымдастықтардың (мемлекеттік кәсiпорындар мен ұйымдар, қауымдастар, бiрлестiктер, кооператорлар одақтары, жалға берушiлер, кәсiпкерлер директорларының кеңестерi), мемлекеттік басқару және мемлекеттік жұмыспен қамту қызметi органдарының өкiлдерiнен құрылады. 6. Жұмыспен қамту қызметiнiң функциялары, мiндеттерi мен құқықтары "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" Қазақ ССР Заңында анықталған және оларды қоғамдық ұйымдар мен атқарушы өкiмет органдарының бөлiмшелерiне беруге болмайды. 7. Мемлекеттік жұмыспен қамту қызметi органдарының жұмысы және оларды ұстау Жұмыспен қамту қорының қаржысы есебiнен жүзеге асырылады. Жұмыспен қамту қызметi органдарының құрылымын, қызметкерлер санын, штат кестесiн және оны ұстауға жұмсалатын шығындар сметасын Қазақстан Республикасы Еңбек министрi мен жергiлiктi әкiмдердiң келiсуi бойынша Департаменттiң төрағасы бекiтедi. 8. Облыстардағы, қалалар мен аудандардағы жұмыспен қамту қызметi органдарының басшыларын мемлекеттік жұмыспен қамту қызметiнiң жоғары тұрған органдары атқарушы өкiмет органдарының ұсынуы бойынша қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. 9. Жұмыспен қамту қызметiнiң қызметкерлерiне тиiстi атқарушы өкiмет органдары құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiне көзделген еңбекақы төлеу, әлеуметтiк-тұрмыстық және медициналық қызмет көрсету шарттары қолданылады. 10. Жұмыспен қамту қызметiнiң органдары заңды ұйым, өздерiнiң жедеғабыл басқаруындағы жұмыспен қамту қорының қаржысына билiк етушi, оның нысаналы пайдаланылуына жауапты болып табылады, дербес балансы, Қазақстан Республикасының банк мекемелерiнде есеп айырысу және валюталық есеп шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген, өз атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi болады. 11. Жұмыспен қамту департаментi мен оның жергiлiктi органдары өзiнiң құзыры шегiнде: жұмыссыздар мен жұмыспен қамтылмағандарды жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау саласында мемлекеттік саясатты әзiрлеу мен жүзеге асыруды; еңбек нарығындағы ахуалды талдау мен болжамдауды және соның негiзiнде халықты жұмыспен қамтудың келешектегi және ағымдағы бағдарламаларын әзiрлеу мен жүзеге асыруды; жұмысқа орналастыру iсiн ұйымдастыруды жетiлдiрудi, әлеуметтiк қолдауға мұқтаж және жұмыс iздестiруде қиындықтарды бастан кешiрiп жүргендерге арнаулы бағдарламалар әзiрлеудi, кәсiпкерлiк қызметтiң дамуына және жұмыссыз азаматтар мен жұмыс iздеушi адамдардың өзiн-өзi жұмыспен қамтуына көмектесудi; мемлекеттік басқару органдарымен, жергiлiктi атқарушы органдармен, жұмыс берушiлермен, қоғамдық ұйымдармен өзара iс-әрекет жасай отырып, жұмыссыздар мен жұмыспен қамтылмағандарды кәсiптiк бағдарлау, кәсiптiк даярлау шараларын жүзеге асыруды; жұмыссыздық жөніндегі жәрдемақы, оқуға жiберiлген жұмыссыз азаматтарға стипендия төлеу, жұмыссыздық жөніндегі жәрдемақыны алу құқығынан айырылған адамдар мен олардың қарамағындағы жандарға материалдық көмек беру тәртібі мен шарттарын, халықты жұмыспен қамту, жұмыссыздық мәселелерi жөніндегі заңдарды қолдану практикасын жетiлдiру; жұмыспен қамту проблемалары бойынша заңдық және нормативтiк актiлердiң жобасы әзiрленуiн; халықты жұмыспен қамту проблемаларын шешуде халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз етедi. 12. Жұмыспен қамту департаментi мен оның жергiлiктi органдарының: басқа мемлекеттік және жергiлiктi атқарушы органдармен, жұмыс берушi одақтармен, кәсiптiк одақтармен және қоғамдық ұйымдармен бiрлесе отырып, жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламасын (республикалық, облыстық және аймақтық) әзiрлеу және жүзеге асыру жөнiнде ұйымдастыру шараларын жүргiзуге; өтемсiз негiзде тиiстi атқарушы өкiмет органдарынан, кәсiпорындардан, ұйымдардан және мекемелерден, оқу орындарын қоса, жұмыспен қамту бағдарламасын әзiрлеуге қажеттi мәлiметтердi сұратып алуға. Белгiленген тәртiп бойынша жұмысшылардың еңбек, кәсiптiк даярлануы мен қайта даярлануының шарттарымен танысу үшiн, кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң таратылуы немесе қызметкерлердiң жаппай босап қалуы кезiнде құрылатын комиссиялардың жұмысына қатысу үшiн, сондай-ақ олардың құзырына енетiн басқа да мәселелердi шешу үшiн кәсiпорындарға, ұйымдарға және мекемелерге баруға; халықты жұмыспен қамтудың жайына әсер ететiн қаржы-кредит, инвестиция және салық саясаты жөніндегі шаралар туралы шешiмдердi әзiрлеуге қатысуға; жұмыспен қамту қызметiнiң жұмыс iстеуiне, жұмыс пен қамту бағдарламасын және жұмысқа тартуды қамтамасыз етумен байланысты басқа шараларды жүзеге асыруға тiкелей көмектесетiн ұйымдар (олардың құрылтайшысы болу) құруға; еңбек нарығында азаматтарды жұмыспен қамтуға және әлеуметтiк қолдауға көмектесумен байланысты, бос жұмыс орындары жәрмеңкесiн өткiзудi қоса, қоғамдық акциялар мен бағдарламалар ұйымдастыруға; мемлекеттік жұмыспен қамту қызметiнiң қатысуымен iске асырылатын қосымша жұмыс орындарын құру, ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы жұмыспен қамту мүмкiндiктерiн кеңейтетiн жұмыс берушiлердi көтермелейтiн құқықтық нормалар мен экономикалық шаралар әзiрлеуге; белгiленген тәртiп бойынша халықты жұмыспен қамту мәселелерi жөнiнде конференциялар, семинарлар және кеңестер, жұмыссыздар мен жұмыспен қамтылмағандарды жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау саласындағы озық тәжiрибенi көрсету үшiн көрмелер өткiзуге; белгiленген тәртiп бойынша жергiлiктi банктердiң бөлiмшелеріндегі Жұмыспен қамтуға көмектесу мемлекеттік қорының есеп-шоттарына кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың, кооперативтердiң және басқа жұмыс берушiлердiң қаржы аударуының толымдылығы мен уақтылығын, жұмыспен қамту және еңбек туралы заңдарды қолданудың дұрыстығын бақылауға құқығы бар. 13. Жұмыспен қамту департаментi шешiлуi осы Ережеде оның тiкелей қарауына жатқызған мәселелер жөніндегі азаматтардың ұсыныстарын, өтiнiштерi мен шағымдарын заңда белгiленген тәртiп бойынша қарайды және олар бойынша қажеттi шаралар қолданады. 14. Жұмыспен қамту департаментi еңбек нарығында қалыптасқан жағдайға қарай белгiленген тәртiп бойынша өзiнiң қарамағындағы органдарды құрады, қайта құрады және таратады, олар туралы ережелердi (жарғыларды) бекiтедi, қызметiне басшылық етедi. 15. Жұмыспен қамту департаментiнiң төрағасы және мемлекеттік жұмыспен қамту қызметiнiң жергiлiктi органдарының басшылары Жұмыспен қамту департаментi мен оның жергiлiктi органдарына жүктелген мiндеттер мен функциялардың орындалуы үшiн жауап бередi, орынбасарлардың және құрылымдық бөлiмшелер басшыларының өздерiне жүктелген мiндеттердi орындауға жауапкершiлiк дәрежесiн анықтайды. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 7 қыркүйектегi № 835 қаулысымен Бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер 1. Қазақ ССР Министрлер Кабинетінің "Қазақ ССР-індегі мемлекеттік жұмыспен қамту қызметi туралы" 1991 жылғы 30 сәуірдегі № 275 қаулысында (Қазақ ССР ҚЖ, 1991 ж., № 12, 79-бап): 1-тармағының екiншi-алтыншы абзацтары мынадай жаңа редакцияда жазылсын: "мемлекеттік жұмыспен қамту қызметi органдарының жүйесiне Қазақстан Республикасының Еңбек министрлігі жанындағы Халықты жұмыспен қамту департаментi, Халықты жұмыспен қамтуға көмектесу мемлекеттік қорының басқармасы мен атқарушы дирекциясы енедi. Жұмыспен қамту департаментi: орталық аппараттан; облыстық, Алматы және Ленинск қалалық жұмыспен қамту орталықтарынан - еңбек биржаларынан; жұмыспен қамтылмаған халықты кәсiптiк даярлау және кәсiптiк бағдарлау орталықтарынан; қалалық (қаладағы аудандық) және аудандық жұмыспен қамту орталықтарынан - еңбек биржаларынан тұрады". 4-тармақтың қүшi жойылған деп танылсын. 2. Қазақ ССР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 30 сәуірдегі № 277 қаулысымен (Қазақ ССР ҚЖ, 1991 ж., № 12, 80-бап) бекітілген Халықты жұмыспен қамтуға көмектесу мемлекеттік қоры туралы Ереженiң 4-тармағының екiншi абзацындағы соңғы сөйлем алып тасталсын. 3. Қазақ ССР Министрлер Кабинетінің "Қазақ ССР-iнiң мемлекеттік жұмыспен қамту қызметi туралы және Қазақ ССР-нiң мемлекеттік жұмыспен қамту қызметiнiң инспекциясы туралы ережелердi бекіту туралы" 1991 жылғы 24 маусымдағы № 391 қаулысында (Қазақ ССР ҚЖ, 1991 ж., № 16, 100-бап): 1-тармақтың Қазақ ССР-нiң мемлекеттік жұмыспен қамту қызметi туралы Ереженi бекітуге қатысты бөлiгiнiң күшi жойылған деп танылсын; 2-тармақтағы: "мемлекеттік жұмыспен қамту қызметi және оның" деген сөздер алып тасталсын; "осы ережелермен" деген сөздер "осы ережемен" деген сөздермен ауыстырылсын; аталған қаулымен бекітілген Қазақ ССР-індегі мемлекеттік жұмыспен қамту қызметiнiң инспекциясы туралы Ережеде: 3-тармақтың бiрiншi, екiншi абзацтары мынадай жаңа редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының Еңбек министрлігі жанындағы Халықты жұмыспен қамту департаментi инспекциясының бастығын Қазақстан Республикасының Еңбек министрлігі жанындағы Халықты жұмыспен қамту департаментi төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек министрi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, әрi оның орынбасары болып табылады. Мемлекеттік жұмыспен қамту қызметi аймақтық органдары инспекцияларының бастықтарын Қазақстан Республикасының Еңбек министрлігі жанындағы Халықты жұмыспен қамту департаментiнiң төрағасы Департамент инспекциясы бастығының ұсынуы бойынша қызметке тағайындайды және қызметтен босатады".
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |