|
|
|
Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 23 мамырдағы № 732 Қаулысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы № 258 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Байланыс қызметiне баға белгiлеу тәртібін жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. "Қазақтелеком" Ұлттық акционерлік компаниясына Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөнiндегі агенттігiнiң келiсуi бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге берiлетiн (халықаралық) телефон-телеграф байланысының қалааралық қызметiне Халықаралық телефон және телеграф жөніндегі консультативтiк комитетiнiң ұсынымына және алып пайдаланудың арнаулы құқықтары негiзіндегі Байланыстың Аймақтық Ынтымақтастығының шешiмдерiне сүйене отырып, 1995 жылғы 1 маусымнан бастап тариф белгiлеуге құқық берiлсiн. Валюталарды теңгеге есептеу байланыс қызметi көрсетiлген айдың басында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолданылып жүрген ресми бағамы бойынша жүргiзiлетiн болып белгiленсiн. 2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі барлық тұтынушылар үшiн Қазақстан Республикасы iшiнде көрсетiлген байланыс қызметi негiзіндегі тарифтердi реттейдi деп белгiленсiн. 3. "Қазақтелеком" Ұлттық акционерлік компаниясы байланыс кәсiпорындарын техникалық құралдармен жабдықтау шаралары бойынша жергiлiктi сөйлесулердiң уақытына қарай құнын есептеудi енгiзудi жүзеге асырсын. ҚР Үкіметінің 19.03.02 ж. № 331 қаулысымен 4 тармақтың күшi жойылды 4. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |