Заң күшi бар "Қазақстан Республикасының iшкi әскерлерi туралы" "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес қаулы етемiн: 1. "Қазақстан Республикасының iшкi әскерлерi туралы" 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 11-12, 290-құжат; № 24, 592-құжат; 1995 ж., № 1-2, 17-құжат) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) Заңның атауы мына редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi туралы Қазақстан Республикасының Заңы"; 2) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын: "1-бап. Қазақстан Республикасы IIМ-iнiң iшкi әскерлерi IIМ-iнiң iшкi әскерлерi осы Заңда, IIМ-iнiң iшкi әскерлерiнiң жарғыларында көзделген өздерiне тапсырылған объектiлердi, қоғамдық қауiпсiздiк пен құқықтық тәртiптi қорғау жөніндегі қызметтiк-әскери мiндеттердi орындауға арналған әскери ұйым болып табылады. Iшкi әскерлер соғыс кезiнде Қарулы Күштерiнiң резервi болып табылады және Қазақстан Республикасы Президентінің - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Бас Қолбасшысының шешiмi бойынша Қарулы Күштердiң құрамында Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендiгiн қорғау жөніндегі мiндеттердi орындауға тартылады"; 3) 2-баптың төртiншi абзацындағы "органдарына көмек көрсету" сөздерi "органдарымен бiрлесiп қатысу" сөздерiмен алмастырылсын; 4) 3-бап мына редакцияда жазылсын: "3-бап. Қазақстан Республикасы IIМ-iнiң iшкi әскерлерi қызметiнiң құқықтық негiзi IIМ-iнiң iшкi әскерлерi қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң, өзге де құқықтық нормативтiк актiлер құрайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|