|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгертулер Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулер қосымшаға сәйкес бекітілсiн. 2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын: "Импорттық дәрi-дәрмек және медициналық мақсаттағы жабдықтарға және химиялық реактивтерге баға белгiлеудiң тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 5 мамырдағы № 480 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 21, 214-бап); "Павлодар өнеркәсiп-қаржы альянсы" салааралық өндiрiстiк-шаруашылық ассоциациясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 6 қазандағы № 1122 қаулысының 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 42, 456-бап). Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 5 наурыздағы № 280 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулер ҚР Үкіметінің 19.03.02 № 331 қаулысымен 1-тармақтың күшi жойылды 1. 2. "Энергия ресурстарының және өнiмдер мен көрсетiлетiн қызметтердiң басқа да түрлерiнiң бағасын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 1 маусымдағы № 484 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., 349-бап) 6-тармағының төртiншi абзацы алынып тасталсын. ҚР Үкіметінің 17.03.03 ж. № 258 қаулысымен 3 және 4-тармақтардың күші жойылды 3. "Энергия ресурстарына бағаны ырықтандыру және кейбір қызмет түрлерiнiң тарифтерiн реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 23 наурыздағы № 288 қаулысынан (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 15, 145-бап): 5-тармақтағы - "өзiндiк құнының 25 процентi мөлшерiнде шектi рентабельдiлiк деңгейiмен қалыптасатын"; 7-тармақтың төртiншi абзацындағы - "сондай-ақ тұрғындарды орталық жылу жүйесiмен және ыстық сумен қамтамасыз ету" сөздерi алынып тасталсын. 4. "Көмiр өнеркәсiбi кәсiпорындарының жұмысын тұрақтандыру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 5 мамырдағы № 482 қаулысының 1-тармағының бiрiншi абзацындағы "және өзiндiк құнға" шаққанда рентабельдiлiктiң 50 процентiне дейiнгi мөлшердегi шектi деңгейiне (ренталық төлемдердi қоса)" және "Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге көмiр жөнелткен кезде еркiн баға рентабельдiлiктiң деңгейiмен шектелмейдi" деген сөздер алынып тасталсын. 5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1996 жылғы 8-қаңтардағы № 3-ө өкімі 2 тармағының үшiншi абзацындағы "Импорттық дәрi-дәрмек, медициналық мақсаттағы жабдықтарға және химиялық реактивтерге баға белгiлеудiң тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 5 мамырдағы № 480 қаулысының 1-тармағына сәйкес қойылған баға бойынша" деген сөздер алынып тасталсын.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |