|
|
|
Қазақстан Республикасының Су кодексiне өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1993 жылғы 31 наурызда қабылдаған Қазақстан Республикасының Су кодексiне (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 7, 149-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. 4-бапта: 1-тармақтағы "тек қана" деген сөздер алынып тасталсын; 3-тармақ алынып тасталсын; 4 және 5-тармақтар тиiсiнше 3 және 4-тармақтар болып есептелсiн. 2. II тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын: "II тарау. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының су қатынастарын реттеу саласындағы құзыретi". 3. 7-бапта: атауы мынадай редакцияда жазылсын: "7-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң құзыретi": бiрiншi азат жолындағы "Жоғарғы Кеңесiнiң" деген сөздер "Парламентiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын; екiншi, үшiншi, бесiншi азат жолдар алынып тасталсын. 4. 8-бап мынадай редакцияда жазылсын: "8-бап. Жергiлiктi өкiлдi органдар - мәслихаттардың құзыретi". Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiндегi жергiлiктi өкiлдi органдар - мәслихаттардың қарауына мыналар жатады: суды ортақ пайдаланудың шарттарын белгiлеу; судың пайдаланылуы мен қорғалуына бақылау жасау" . 5. 9 және 10-баптар алынып тасталсын. 6. 12-баптың он екiншi азат жолы мынадай редакцияда жазылсын: "жердiң үстiңгi қабаты мен жер астындағы көздерден алынған су ресурстары үшiн төлем ставкаларын белгiлеу". 7. Мынадай мазмұндағы 14-1 бабымен толықтырылсын: "14-1 бап. Поселке, ауыл (село) әкімінiң құзыретi. Тиiстi елдi мекендердiң аумағындағы поселке, ауыл (село) әкімінiң қарауына мыналар жатады: суды ортақ пайдаланудың шарттарын белгiлеу; судың пайдаланылуы мен қорғалуына бақылау жасау". 8. 47-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "5. Су ресурстарын пайдаланғаны үшiн ақы өндiрiп алудың тәртібі мен шартын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi". 9. 52-баптың 2-тармағындағы "халық депутаттары Кеңестерi" деген сөздер "атқарушы органдар" деген сөздермен ауыстырылсын. 10. 54-баптың 2-тармағының үшiншi азат жолындағы "халық депутаттарының облыстық Кеңестерi" деген сөздер "жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздермен ауыстырылсын. 11. 55-баптың 2-тармағындағы "халық депутаттары Кеңестерi" деген сөздер "атқарушы органдар" деген сөздермен ауыстырылсын. 12. 56-баптың 2-тармағындағы "халық депутаттары Кеңестерi" деген сөздер "атқарушы органдар" деген сөздермен ауыстырылсын. 13. 123-бап мынадай редакцияда жазылсын: "123-бап. Су қатынастарын реттеу саласындағы халықаралық шарттар. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта, суды пайдалану мен қорғаудың осы Кодексте жазылғандардан өзгеше тәртібі белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады". Қазақстан Республикасының Президентi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |