|
|
|
Қазақстан Республикасы Президентінің "Банкроттық туралы" Заң 1-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің "Банкроттық туралы" 1995 жылғы 7 сәуірдегі № 2173 Заң күшi бар Жарлығының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 29-құжат; № 15-16, 109-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 2-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 24 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi (жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; № 24, 174-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 277-құжат); 1) 49-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: "4. Егер заңды тұлға жөнiнде осы баптың 1-тармағында белгiленген тәртiп бойынша оны тарату туралы шешiм қабылданып, оның мүлкiнiң құны несие берушiлердiң талаптарын қанағаттандыру үшiн жеткiлiксiз болса, ондай заңды тұлға банкроттық туралы заңдарда белгiленген тәртiппен таратылуы мүмкiн"; 2) 51-баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: "2) екiншi кезекте - несие берушiлердiң қамтамасыз ету сомасы шегiнде таратылатын банкроттың мүлкiн кепiлге салып қамтамасыз еткен мiндеттемелерi жөніндегі талаптары қанағаттандырылады; 3) үшiншi кезекте - еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдардың еңбегiне ақы төлеу және авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөніндегі есеп айырысу жүргiзiледi; 2), 3) және 4) тармақшалар тиiсiнше 3), 4) және 5) тармақшалар болып есептелсiн; 3) 52-бап мынадай редакцияда жазылсын: "52-бап. Банкроттық Банкроттық - соттың шешiмiмен танылған немесе несие берушiлердiң келісімi негiзiнде соттан тыс тәртiппен ресми хабарланған борышкердiң оны таратуға негiз болып табылатын дәрменсiздiгi. Борышкердiң - жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның ақшалай мiндеттемелер бойынша несие берушiлердiң талаптарын қанағаттандыра алмауы, еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдармен еңбегiне ақы төлеу жөнiнде есеп айырыса алмауы, сондай-ақ бюджетке және бюджеттен тыс қорларға мiндеттi төлемдердi өзiне тиесiлi мүлiк есебiнен қамтамасыз ете алмайтын қабiлетсiздiгi оның дәрменсiздiгi деп түсiнiледi"; 4) 53-бап мынадай редакцияда жазылсын: "53-бап. Банкрот деп тану 1. Банкроттық ерiктi түрде немесе мәжбүр етi тәртібімен танылуы мүмкiн. 2. Банкроттықты ерiктi түрде тану борышкердiң сотқа берген өтiнiшi негiзiнде не борышкердiң өз банкроттығын несие берушiлермен келісім негiзiнде соттан тыс тәртiппен ресми жариялауы арқылы жүзеге асырылады. 3. Мәжбүр ету тәртібімен банкрот деп тану несие берушiнiң, ал заң актілерінде көзделген жағдайларда өзге де адамдардың сотқа өтiнiш беруi негiзiнде жүзеге асырылады"; 5) 54-бап мынадай редакцияда жазылсын: "54-бап. Банкроттық туралы iстер жөніндегі оңалту рәсiмi Төлем қабiлетi жоқ борышкерге оның таратылуына жол бермеу мақсатымен төлем қабiлетiн қалпына келтiруге бағытталған, заңға қайшы келмейтiн кез-келген шаралар қолданылуы мүмкiн. Аталған шаралар оңалту рәсiмi шеңберiнде iске асырылады, оны жүзеге асырудың тәртібі мен мерзiмi банкроттық туралы заңдармен белгiленедi"; 2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2200 Заң күшi бар Жарлығы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 37-құжат; № 12, 88-құжат; № 14, 93-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 236-құжат); 9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 40) тармақшамен толықтырылсын: "40) банкроттық рәсiмдерiнде төлем қабiлетi жоқ борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару жөніндегі қызмет". 3. 1963 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақ КСР Заңымен бекітілген Қазақ КСР Азаматтық iс жүргiзу кодексi (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесi мен Үкіметінiң Жаршысы, 1964 ж., № 2, 1988 ж., № 2, 19-құжат; № 15, 148-құжат; № 16, 159-құжат; 1990 ж., № 11, 110-құжат; 1991 ж., № 28, 373-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 11-12, 294-құжат; № 24, 597-құжат; 1993 ж., № 8, 161-құжат; № 17, 419, 424-құжаттар; 1995 ж., № 23, 140-құжат); II бөлiм мынадай мазмұндағы 33-1-тараумен толықтырылсын: "33-1-тарау. Банкроттық туралы iстердi қарау 278-1-бап. Банкроттық туралы iстердi қарау Банкроттық туралы iстердi сот азаматтық сот iсiн жүргiзудiң жалпы ережелерi бойынша банкроттық туралы заңдарда белгiленген ерекшелiктермен қарайды". Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |