Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестірілген жүйесі туралы 1988 ж. 1 қаңтарда күшiне ендi. Хаттаманы қара (1986 жылғы 24 маусымда Брюссельде жасалған) 2004 ж. 3 ақпандағы № 525-II ҚР Заңымен Қазақстан Республикасы осы конвенцияға қосылды І Бөлім Негізгі мәтін Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестірілген жүйесі туралы халықаралық конвенциясы (1983 жылғы 14 шiлдеде Брюссельде жасалған) Кiрiспе Кедендiк ынтымақтастық кеңесiнiң басшылығымен әзiрленген осы Конвенцияның Уағдаласушы Тараптары, халықаралық саудаға жәрдемдесуге ниет бiлдiре отырып, әсiресе халықаралық саудаға қатысты алымды, статистикалық деректердi салыстыруды және талдауды оңайлатуға ниет білдiре отырып, халықаралық сауда процесiнде жiктеудiң бiр жүйесiнен екiншi жүйесiне көшу кезiнде тауарларды қайталап сипаттаудан, жiктеуден және кодтаудан туындайтын шығыстарды азайтуға және сыртқы сауданың құжаттамаларын стандарттауға және статистикалық деректердi беруге ықпал етуге ниет бiлдiре отырып, тауарлар өндiрiсi технологиясына және халықаралық сауда құрылымына өзгерістердiң 1950 жылғы 15 желтоқсанда Брюссельде бекітілген Кедендiк тарифтердегi тауарларды жiктеуге арналған номенклатура туралы Конвенцияға елеулi өзгерістер енгізу қажеттiгiне себепшi болатындығын назарға ала отырып, үкiметтер мен сауда топтары талап ететiн кедендiк және статистикалық мақсаттарға арналған нақтылау дәрежесiнiң жоғарыда аталған Конвенцияға қоса берілген Номенклатурада көзделетiн шеңберден шыққандығын да ескере отырып, халықаралық сауда келiссөздерiн жүргiзуге арналған дәл және салыстырмалы деректердiң маңыздылығын мойындай отырып, Yйлестiрiлген жүйенi әр түрлi көлiкпен жүк тасымалдаудың көлiктiк тарифтерi мен статистикасы үшiн пайдалануды орынды деп санай отырып, Yйлестiрілген жүйенiң тауарларды сипаттау мен кодтаудың басқа жүйелерiнде мүмкiн болатын неғұрлым кеңiнен пайдалануға арналғандығын ескере отырып, Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|