|
|
|
Жылуды, ыстық және суық суды тұтыну нормаларын қолдануды ретке Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы № 258 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Жүргiзiлген тексерулердiң нәтижелерi бiрқатар облыстарда және әсiресе Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкіметінiң коммуналдық қызмет көрсетулердi тұтынуды ұтымды ету, оларды есептеу құралдарын орнату жөніндегі тапсырмасының орындалмай отырғанын көрсеттi. Республиканың көптеген қалаларында есептеу құралдарымен қазiргi кезде тек санаулы тұрғын үйлер жабдықталған. "Қазақстан Республикасында энергия үнемдеу саясатын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 19 сәуірдегі № 474 қаулысымен облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерiне 1996 жылдың екiншi тоқсанының өзiнде 1996-1997 жылдары энергия ресурстарын (жылу энергиясы, су, газ) пайдаланудың коммерциялық есеп жүйелерiн коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар мен бюджеттік ұйымдар бойынша жоспар-кестесiн әзiрлеу тапсырылған болатын. 1997 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасының Үкіметі облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерiне "Халыққа көрсетiлетiн коммуналдық қызметтi құралдармен өлшеудi ұйымдастыру және пәтер меншiк иелерiнiң базалық кооперативтерiн құру туралы" Қазақстан Республикасының баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң қаулысын iске асыруға бақылау орнатуды тапсырды. Алайда Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бұл шешiмдерi толық орындалмай отыр. Мысалы, Алматы қаласында тұтынылатын коммуналдық қызмет көрсетулердiң барлық түрлерi бойынша қойылатын талаптарға сай келетiн есептеу құралдары тек бiр ғана үйде бар. Осы уақытқа дейiн халыққа коммуналдық қызмет көрсетулер үшiн 1984-1988 жылдары қолдануға енгiзген нормалар бойынша ақы төлеу белгiленген, ал есептеу құралдары орнатылған үйлердегi коммуналдық қызметтi нақты тұтыну әлдеқайда төмен. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесе отырып: он күн мерзiм iшiнде есептеу құралдарының деректерiне сәйкес коммуналдық қызмет көрсетулердiң нақты тұтынылуын айқындау жөнiнде жұмыс жүргiзсiн, тұтынудың жаңа нормаларын енгiзсiн және орындағаны туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне баяндасын; 1997 жылдың 1 қазанына дейiн коммуналдық қызмет көрсетулердi берушiлердiң есебiнен (дара - суық су бойынша, ұжымдық - жылу және ыстық су бойынша), есептеу құралдарының отандық өндiрушiлерiне артықшылық бере отырып, Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі үстiмiздегi жылдың 29-30 сәуiрiнде өткiзген тендердiң шешiмдерiн басшылыққа ала отырып бюджеттік ұйымдармен халық үшiн есептеу құралдарын сатып алу мен орнатуды қамтамасыз етсiн; коммуналдық қызмет көрсетулердi тұтынуды есептеу құралдарын орнату кестелерi бекітілсiн; есептеу құралдары орнатылғанға дейiн 1997 жылдың 1 мамырынан бастап есептеу құралдары бойынша есептелген орташа нақты тұтыну көрсеткiштерiнiң негiзiнде әзiрленген жылуды, ыстық және суық суды тұтыну нормаларына коэффициенттердi енгiзсiн; коэффициенттердi енгiзумен бiр уақытта коммуналдық қызмет көрсетулер үшiн төлемдер бойынша тиiстi қайта есептеу жүргiзудi қамтамасыз етсiн; пәтерлердiң меншiк иелерi кооперативтерiмен бiрлесiп есептеу құралдарының құнын кезең-кезеңiмен өтеудiң шарттары мен кестелерiн айқындасын; коммуналдық қызмет көрсетулердi берушiлер арасында бәсекелестiктi дамыту үшiн жағдай жасау және жылу мен судың ысырабын азайту жөнiнде тиiстi шаралар қабылдасын. 2. ЕСКЕРТУ. 2-тармақ алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1997.07.10. № 1091 қаулысымен. 3. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда вице-министрi екi апта мерзiм iшiнде жергiлiктi атқарушы органдар мен халықтың назарына коммуналдық қызмет көрсетулердi тұтыну нормаларына олардың есептеу құралдары арқылы айқындалған нақты тұтынылуына сүйене отырып коэффициенттер есептеу әдiстемесiн, сондай-ақ есептелген коммуналдық төлемдердi қайта есептеу әдiстемесiн жеткiзетiн болсын (бұқаралық ақпарат құралдары арқылы). 4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Д.Т.Дүйсенов, Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрi Ө.Е.Шүкеев, Қазақстан Республикасы Экономика және сауда вице-министрi Н.В.Радостовец бiр ай мерзiм iшiнде жергiлiктi атқарушы органдардың тиiстi елдi мекендерде есептеу құралдарын орнатуды ұйымдастыру жөніндегі жұмысын тексерсiн. Тексеру нәтижелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң отырысында баяндасын. 5. 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап коммуналдық қызмет көрсетулерi үшiн (суық және ыстық су, жылу) ақы алу есептеу құралдарының көрсетуi бойынша жүргiзiлетiн болсын. 6. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң Стандарттау, сертификаттау және метрология жөніндегі агенттiгi 1997 жылдың 1 шiлдесiне дейiн республикада есептеу құралдарын мемлекеттік сынақтан өткiзуге арналған тiркелген сынақ лабораторияларын құру жөнiнде шаралар қабылдасын және оларды салғастыруды ұйымдастырсын. 7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Д.Т.Дүйсеновке, ал есептеу құралдарын орнатуды ұйымдастыру бөлiгiнде: республика бойынша - Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрi В.В.Храпуновқа, Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрi Ө.Е.Шүкеевке жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 29 мамырдағы № 889 қаулысына қосымша Алматы қаласының "Самал-2" ықшам ауданындағы есептеу құралдарымен жабдықталған № 70 үйдегi нақты тұтынуға сүйене отырып есептелген Алматы қаласындағы коммуналдық қызмет көрсетулердi тұтыну нормаларына төмендету коэффициенттерi Коммуналдық қызмет көрсету Төмендету коэффициентi түрлерi Жылу (Гкал/шаршы м.) 0,425 Ыстық су (л/адам) 0,425 Суық су (л/адам) 0,572
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |